Ашық сабақ
Бекітемін:
Пән аты: Қазақ тілі
Сыныбы: 8
Күні, айы, жылы: 18.11.2013 ж
Пән мұғалімі: Қ. Махамбетов
Cабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінен алған білімдерін мысалдар келтіру арқылы пысықтау, еске түсіру.Сөйлем мүшелерін ажырата білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың таным белсендігін арттыру. Тіл байлығын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыру, Отанды сүюге, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,талдау,ой қорыту,іздендіру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекілігі: слайдтар, тапсырмалар, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасып, зейіндерін сабаққа аудару.
2.Бүгін біз сабағымызда сөйлем мүшелерінен алған білімімізді қайталаймыз.
3.Сыныпты үш топқа бөлу
ЕРЕЖЕ:
1. Тыныштықты сақтау.
2. Бірін-бірі тыңдау.
3. Өз ойын ашық айту.
4. Уақытты үнемдеу.
5. Қол соғу.
(Балалардың зейінін сабаққа аудару 3 рет алақан соғу)
«Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек...»
(Абай)
(Оқушылар өлеңнен адамның үш қасиетін атап сол бойынша топқа бөлінеді)
І топ «Толықтауыш»
ІІ топ «Анықтауыш»
ІІІ топ «Пысықтауыш».
І бөлім «Талдау – табыс кілті»
Әр топ «Толықтауыш», «Анықтауыш», «Пысықтауыш» тақырыптарында жоба қорғайды.
ІІ бөлім « Мақал – сөз мәйегі »
Берілген мақал-мәтелдерді оқып, І топ сол оқылған мақал-мәтелден толықтауышты, ІІ топ анықтауышты, ІІІ топ пысықтауышты табады.
І топ (толықтауыш)
1. Темірді қызған кезде соқ.
2. Талаптыға нұр жауар.
3. Қайғысыз қара суға семірер.
ІІ топ ( анықтауыш )
1. Жаман жолдас жауға қалдырар.
2. Гүл – жердің көркі,
Қыз – елдің көркі.
3. Байлықтың атасы –еңбек, анасы – жер.
ІІІ топ (пысықтауыш):
1. Қорыққан бұрын жұдырықтар.
2. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
3. Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады.
ІІІ бөлім Ойланыңыз, ізденіңіз, табыңыз!
Сызба бойынша сөйлем құрастырып, сөйлем мүшелеріне талдау:
1. Анықтауыш - бастауыш – пысықтауыш – пысықтауыш – баяндауыш.
2. Пысықтауыш – бастауыш – пысықтауыш – баяндауыш.
3. Бастауыш – толықтауыш – пысықтауыш - баяндауыш
ІҮ бөлім «ҰБТ – болашаққа бастар жол»
Тест сұрақтарына жауап беру
Рефлексия (ой толғау):
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Қандай әсер алдыңдар?
- Қандай тапсырма сендерге қиындық туғызды?
Қорытынды:
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан».
(Абай)
Бағалау: жұлдызшалар арқылы сабаққа қатысқан оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Тәуелсіздік тақырыбына 5 сөйлем құрастыру
Достарыңызбен бөлісу: |