Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Ж.Т. Жолшиеваның
гимназиялық компонентінің жұмыстарының III-тоқсан есебі
2021-2022 оқу жылы
Бұл оқу жылында мен 9«А», 9 «Б» сыныптарында қосымша аптасына екі рет гиназиялық компонентінен сабақ беремін. Бұл қосымша сабақтың тақырыбы «Қазақ тілінің грамматикасы» деп алдым. Бағдарламада қазақ тіл білімінің морфология тараулары бойынша барлық тақырыптар қамтылған. Сабақ барысында оқушылар алғашқы кезеңде теориямен танысып, кейін түрлі практикалық жұмыстармен шұғылданды. Жұмыс барысында сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, өзіндік жұмыс, диктант, тест жұмыстары алып отырылды. Аталған жұмыстарды орындау арқылы тиісті нәтижелерге жету үшін оқытудың бірнеше формаларын (жеке, топтық, жұптық, сұрақ-жауап, талдау) жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың ауызекі тілін дамыту мақсатында мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, диалогпен шұғылданды. Тыңдалым дағдысы бойынша түрлі көркем шығармаларды тыңдап, тыңдаған мәтін негізінде түрлі грамматикалық тапсырмалар орындады. Қорытындылау мақсатында тест, диктант алынып, соңынан талдау жүргізілді.
Қорыта келе, бұл курс бойынша оқушылардың тыңдалым,оқылым, тілдік бағдар дағдыларын дамытуға өз септігін тигізді. Атқарылған жұмыстар арқылы оқушылар қазақ тілі сабағында алған білімдерін пысықтап, бекітті деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |