Сабақ беріп көру практикасы


Сыныппен мұғалімнің қарым-қатынасы



бет13/15
Дата28.01.2022
өлшемі444,5 Kb.
#115415
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Ниязметов Санжар практика
3 дәрістер жинағы
3.Сыныппен мұғалімнің қарым-қатынасы

4 Жұмыс түрі.

Жеке жұмыс

Жұппен жұмыс

• Топпен жұмыс

• Рөлдік ойын

• Деңгейлік тапсырма

• Өздік жұмыс

Үй тапсырмасының берілуі

Берілді: Қоңырауға дейін қоңыраудан кейін

Түсіндірілді: түсіндірілген жоқ

Үй тапсырмасының мөлшері:

• Жеткілікті

• Жеткіліксіз

• Артық


• Өзекті

Бағалануы: «5»- «4»- «3»- «2»-

Түсіндірілді: Түсіндірілмей:

8. Сыныптың белсенділігі: ......................................................................

9. Оқушының белсенділігі:......................................................................

1. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс:

• Жеке жұмыс Деңгейлік тапсырма берілді

• Жүргізілді Жүргізілмеді

1. Сабақтың қорытындысы: қорытынды жасалды: қорытынды жасалған жоқ:

2. ҚОРЫТЫНДЫ:

3. ҰСЫНЫС:..............................................................................................................................

....................................................................................................................................................

....................................................................................................................................................

Сабаққа қатысушы мұғалімнің қолы: ................................

Сабақ беруші мұғалімнің қолы:..........................







- мектеп құжаттарымен (оффлайн немесе онлайн) жұмыс, оған қойылатын талаптар.

Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда мектеп құжаттарының үлгілері интернет ресурстардан алынады.



Сабақтарға (оффлайн немесе онлайн) қатысу .

Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда видео сабақтарды көру қарастырылады.

Журнал (электронды) толтыру, дәптер (интернет ресурстар арқылы орындалған жұмыстар) тексеріледі т.б.


Негізгі талаптарды тталқылау.

2-3 апта

Бөлінген сыныптардағы пәндерді бөліп алып, байкау сабақтарын (оффлайн немесе онлайн) өткізу, жолдастарының сабақтарына (оффлайн немесе онлайн) қатысуы

  • сабақты жоспарлау, дидактикалық құралдар дайындау,т.б. іскерліктері

  • сабақты ұйымдастыру, оқушылармен (оффлайн немесе онлайн) қарым-қатынас орнату т.б. іскерліктері

  • өзіндік талдау, (оффлайн немесе онлайн) қатысқан сабақтарына аспектілі, кешенді талдау жасау іскерліктері

  • жіберілген кемшіліктерді түзету іскерліктері

  • оқушылардың білім, іскерлік дағдыларын тексеру біліктіліктері

  • пән бойынша тәрбие шараларын (оффлайн немесе онлайн) ұйымдастыру іскерліктері

  • туындаған ситуацияларға сәйкес шешім қабылдау, жоспарға сәйкес өзгеріс енгізу іскерліктері

- балалардың даму ерекшеліктеріне, сабақтың мақсатына сәйкес жұмыс түрлерін, формаларын, әдістерін талдай білу іскерліктері.

*Ескерту: Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда қажетті материалдар интернет ресурстардан алынады. Сабақтарға қатысу міндеттелмейді.



Барлық пәннен байқау сабақтарын (оффлайн немесе онлайн) беруі, жолдастарының сабақтарына (оффлайн немесе онлайн) қатысуы, дәптер (интернет ресурстар арқылы орындалған жұмыстар) тексеру, (оффлайн немесе онлайн) үзілісті ұйымдастыру күнделікті туындайтын ситуацияларды шешу жұмыстарын жүргізуі.

*Ескерту: Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда қажетті материалдар интернет ресурстардан алынады. . Сабақтарға қатысу міндеттелмейді.



Сабақ жоспарлары (оффлайн немесе онлайн) қатысқан сабақ, шараларға талдау Көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар, білім беру (интернет) ресурстар.

*Ескерту: Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда қажетті материалдар интернет ресурстардан алынады. Сабақтарға қатысу міндеттелмейді.



4-5 апта

Байқау сабақтары бойынша қорытынды, сынақ сабаққа дайындық, таңдауы бойынша ашық сабақтар (оффлайн немесе онлайн) өткізуі, жолдастарының сабақтарына (оффлайн немесе онлайн) қатысуы, студенттердің шығармашылық ізденіс бағытындағы іскерліктерін қалыптастыру жұмыстары:

- ұйымдастыру формаларын таңдауы;

- оқытудың жаңа технологияларын енгізуі;

- зерттеу тақырыбына байланысты жұмыстар жүргізуі;

- оқытудың әдіс - тәсілдерін тиімді колдануға бағытталған ізденіс;

- студенттің бастамашылық, шығармашылық ізденушілік бағыттағы жұмыстары;

- жеке тұлғаның даму ерекшеліктеріне сәйкес жұмыстар ұйымдастыруға дайындығы;

- студенттің өзінің жеке ерекшелігін, ізденісінің бағытын т.б. көрсететін жұмыс түрлерін ұйымдастыруы.

*Ескерту: Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда талап етілген жұмысты орындауға қажетті материалдар интернет ресурстардан алынады. Сабақтарды өткізу міндеттелмейді.


Пән бойынша тәрбие шараларын ұйымдастыруы.

*Ескерту: Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда сынақ тәрбие шараларының жоспары ғана жасалады.

Жеке тұлға дамуының ерекшеліктерін зерттеуі.

Сынақ сабақтарын беруі.

*Ескерту: Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда сынақ сабақтарының жоспары ғана жасалады.
Жолдастарының сабақтарына (оффлайн немесе онлайн) қатысуы, талдауы.

*Ескерту: Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда талап етілмейді.

Пәндер бойынша тәрбие шараларын (оффлайн немесе онлайн) ұйымдастыруы.

Дамуында ерекшелігі бар балаларды анықтау.

*Ескерту: Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда тәрбие шараларының жоспарын –өткізумен шектеледі.


Зерттеу хаттамалары.
Сабақ жоспарлары. Қатысқан (оффлайн немесе онлайн) сабақ іс-шараларға талдау.

*Ескерту: Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда сабақтарға қатысу міндеттелмейді. Сабақ жоспарлары ғана өткізіледі.


Көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар, білім беру (интернет) ресурстар.

Дамуында ерекшелігі бар балаларға бағытталған жұмыстар Н.Ә. Назарбаев

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай .Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.

Дарынды баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктер:

1. Іс-әрекетінің өзіндік стратегиялық ерекшеліктері бар оқушы.

2. Кез келген іс-әрекетті «өзінше орындауы».

3. Кез келген қиын істен жеңілді, жеңілден –қиынды көру ерекшелігімен дараланады.

Айқын дарындылық дарынды оқушының жетістіктерінің айқындығы соншалық, «бұл бала дарынды» деген қағидаға еш күмән жоқ.

Еліміздің дамуындағы стратегиялық міндеттерді шешуде білім беру саласына тың жаңалықтар, ұтымды шешімдер енгізу қажеттілігі –заман талабы болып тұр. Себебі 21 ғасыр ғылым мен техника ғасыры екендігі баршамызға мәлім. Осындай ауқымды мәселені шешудің негізгі тетіктерінің бірі – балалардың дарындылығын дамыту. Қазақстан әлем аренасына шығып, халықаралық деңгейде экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту үшін дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып қарым-қатынас жасауы үшін интеллектуалды элитаны қалыптастыру ісін қолға алуда.

Дарындылық-адам қоғамында және бір құндылық ретінде қаралатындықтан дарынды балалармен жұмыс істеу адам ресурсын барынша жақсы пайдалану болып табылатыны сөзсіз. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жас талаптыларды қолдау бағдарламасы және президенттің «Дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау мен дамыту» қаулысы. «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы жасаған консепция қызмет етуде. Осыншалық маңызды істе жалпы білім беру мекемелерінің алар орны орасан зор, себебі онда барша бала білім алады да оның ішінде дарынды балаларда отырады. Оны байқамау, оның патенциялын дамытуға мүмкіндік бермеу қылмыспен тең әрекет. Ал соншама баланың ішінде табиғи дарынын қалай байқауға, дамытуға болады.

Бұл сұраққа жауап беру үшін негізгі екі аспектіні назарда ұстау қажет: Дарынды баланы анықтау және онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Дарынды балалардың бір-бірінен айырмашылығы болғанымен, кейбір ортақ ерекшеліктеріде бар. Дегенмен ғылымда бала дарындылығын анықтайтын кей бір әдістер бар.

Олар:

- Аналитикалық(Жаппай әдіс)



- Түрлі тесттер

- Анкеталар

- Ата-ананың әңгімесі

- Мұғалімнің мінездемесі

- Диагностикалық әдіс.

Дарынды балалармен жұмыс істеу мазмұны

- Мектептегі айрықша қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау , қолдау.

- Дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс жасап, олардың табиғи қабілетін ашу, дамыту.

- Дарынды балалардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерлігін үнемі назарда ұстау.

- Дарынды баланың пәнге қызығушылығы қаншалықты деңгейде екендігін анықтап, пән олимпиадаларына қатыстыру.

- Оқушының білім-біліктілігін анықтай отырып, деңгейлік тапсырмалар беру.

- Шығармашылық ізденісін шыңдау бағытында қандай қосымша әдебиеттер пайдалану қажеттігіне кеңес беріп отыру.




Қорытынды кезең

Практика бойынша жеке жоспарының орындалуы туралы (оффлайн немесе онлайн) есеп, практикант жұмысын бағалау

- мектеп ұжымымен бірлескен (оффлайн немесе онлайн) жиын, қорытындылау (Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда талап етілмейді)

- институт ұжымы, төменгі курс студенттерімен бірлесіп практика корытындысына арналған (оффлайн немесе онлайн) конференция өткізу

Оқушылармен топпен жұмыс жасау барысында топты басқаруда аса қиыншылықтар болған жоқ. Себебі, бастауыш сынып оқушылары ойын түрінде , ертегі түрінде өтілген сабақтарға жаттыққан . Бірақ мен осы уақытқа дейін топпен жұмыс жасауды сайыс түрінде деп ойлап келдім. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түскендей. Топпық жұмыстарды мен тақырыпты ашу және тапсырмаларды орындау кезеңдерінде қолдандым. Ал, жұптық жұмыстарды мәтінмен жұмыс жасағанда, яғни мәтінді оқып, көршісі екеуі бір-бірлеріне сұрақтар қоя отырып талдады. Тапсырманы орындау барысында барлық бала жұмыс жасауға талпынады. Біреуі сурет салады, біреуі жазады, біреуі өз ойын ортаға салады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы жүйелі, тартымды, қызықты орындауға үйренді. Төртінші сабағымды өткен кезде топ ішінде топ басшысын сайлап, тобындағы хатшысы, қорғаушы, тайм кипер рөлдерді бөліп сабақты қызықты етіп өтуге тырыстым. Бірлескен оқуда оқушылар ұйымшылдықпен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасайды. Бір -бірін тыңдауды, сыйлауды, қолдауды үйренді. Топ көшбасшылары өз құрдастарын оқытуды, өз тобын алға тартуды үйренді. Оқушылардың бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі олардың ұтымды түрде оқуына және есте сақтауына, сол алған білімді қолдана білуіне аса қажет. Бұл бірлесіп жұмыс жасау жүйесінде қалай адамдармен әлеуметтік қатынаста болу (сөйлеу,сұрақ қою т.б.) және тез арада жаттығып білу мүмкіндігін де үйренді. Оқушыларға тапсырма берген кезде олар ең бірінші идеялар тастайды. Содан кейін оны қалай суреттеуді ,яғни мазмұндауды ойластырды. Тапсырманы орындау кезінде топ мүшелері берілген тапсырманы бірлесе оқи отырып, содан кейін ойын қағаз бетіне түсіруі, олардың сыни тұрғысынан ойлауын дамытуды көздейді. Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топтарға жұптаса отырып тапсырма бергенде, жұптасқан топ тапсырманы бірге оқиды, тапсырманы үйренудің ұтымды жолдарын бірге жоспарлайды. Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс- әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым- қатынас түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды. Тәжірибе жүргізген кезде сыныпта   тәртіп ережелері  мен  нормалары  барынша  сақталды деп ойлаймын.




Практика құжаттарын жинактап, жеке жоспарының орындалуы бойынша есеп дайындау, жиын, конференция (оффлайн немесе онлайн) өткізу

Практика құжаттары хаттамалар, практика бойынша (оффлайн немесе онлайн) есеп

Мен Ниязметов Санжар Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым.Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де студенттердің дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Студенттің даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Студенттердің күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын өткіздім. Қазақ тілі пәнінен « Ана – өмірдің гүлі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіздім.



*Ескерту: Талап етілген жұмысты орындауға интернет ресурстардан және тағы басқа көздерден алынған материалдардың сілтемесі міндетті түрде көрсетілуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет