- әр пән бойынша оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерешеліктерімен танысу (сабақ, сыныптан тыс жұмыстар, факультатив сабақтар т.б.), (оффлайн немесе онлайн) қатысқан шараларына кешенді, аспектілі талдау
(Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда материалдар интернет ресурстардан алынады)
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Сабақтарға, сыныптан тыс шараларға, факультатив сабақтарға (оффлайн немесе онлайн) қатысу.
(Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда тікелей қатысу міндеттелмейді, интернет ресурстағы материалдар пайдаланылады)
- педагогикалық озат тәжірибелермен (оффлайн немесе онлайн) танысу
*Ескерту: Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда педагогикалық озат тәжірибелер қажетті материалдар өзге көздерден алынып, қарастырылады.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Қатысқан (оффлайн немесе онлайн) іс- шарасының жазбасы.
(Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда интернет ресурстардан алынған іс- шараның жазбасы өткізіледі)