МҰҒАЛІМНІҢ САБАҚ БЕРУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ, ІЗДЕМПАЗДЫҒЫ, ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ
Рустемова Айгуль Мамасейтовна
№49 Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП
ОҚО, САЙРАМ АУДАНЫ, ӘСІЛ АУЫЛЫ
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды,қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, қоршаған орта жөніңде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен жаңа технологияны өндіру міндеттерін шешуді талап етуде. Мұның өзі бастауыш мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор екенін айғақтайды. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.
Біріншіден, кез- келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірбиесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды.
Екіншіден, кез – келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүнкіндіктерін дамытады.Оқу әрекетінен шығармашылық әрекетінің айырмашылығы: ол баланың өзін – өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс – тәсілдер іздейді,проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әр түрлі мақсатты шешеді.Мысалы: оқу әрекетінде белгілі дағдыны қалыптастыратын, белгілі бір ережені меңгеретін жаттығулар орындаса, шығармашылық әрекеттерде баланың іздену жұмысы басты нысаны болады.Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыратүсу үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.Олар мынадай:
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
Арнаулы тақырыпта пікірталас тудыру.
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ,құрастырмалы ойындар)
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс мәтін мазмұнын өңдеу,шығарма,шағын әңгіме мәтінін құру т.б.
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру,бөліктерге бөлу,ат қойғызу.
Қиялдау арқылы сурет салғызу,рөлге бөліп оқыту.
Ой шапшандығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
Жаңа буын оқулықтары ұстаздардан шығармашылық пәнге ізденушілік,жаңашылықты талап етеді.Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру, әр ұстаздың негізгі міндеті.
Ойын-балалар үшін күрделі әрекет.Балалар білімді ойын арқылы да ала алады.Сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады.
Ал ойынның өз мақсаты, жоспары тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады.Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын ,дүние танымын кеңейтеді, мінез құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады.Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан.Сондықтан қандай да бір пән болмасын сол пәнге оқушының қызығушылығын, белсенділігін қалыптастыруды тудыру жолдары, шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлерін жинақтап көрсетуге болады.Мұғалім оқыту үрдісін тиімді өткізіп оқушылардың белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды ескереді.
Бірінші кезеңі-сабаққа алдын ала дайындық.Күнтізбелік жоспар: негізгі және қосымша оқулықтар,әдістемелік және көркем шығармалар,педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу.
Екінші кезеңі-пән бойынша тақырыптық сабақ жоспарын жасау.Онда сабақтың білімдік,тәрбиелік мақсатын, оған сай нақты білім көлемін анықтау әдіс-тәсілдерін таңдау,сабақтың типін,сабақ құрылымын белгілеу,сабақ кезеңдерінің логикалық байланысын, өздігінен істейтін жұмыстарды ескеру.
Мемлекеттік Білім стандарттарының мақсаттары мен міндеттерін басшылыққа ала отырып мен профессор Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясына» негіздеп,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы білімін жетілдіремін.Оқыту барысында алдыма қойған мақсатым-туған тілімнің қыр-сырын,табиғатын таныта отырып,ертең өмірден орын таба алатын өзіне сенімді,нағыз ұлтжанды,парасатты ұрпақ тәрбиелеу.Осы алдыма қойған мақсатымды жүзеге асыру жолында сан түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөлемін.Ал,сабақтың өзі мазмұны мен құрылымы жағынан аралас,семинар,сайыс, жаттығу, ойын,т.б.сабақтың түрлерін өтіп жүрмін.
Жаңа технология бойынша,әдістемелік жүйенің басты бөлшектерінің бірі-деңгейлеп оқыту.Осы талаптарды орындау үшін, біріншіден: оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуына әрекет ету. Екіншіден, оқытудың дербес және топтық түрлері арқылы оқушыға сенім арту, бұл жерде мұғалім-ұйымдастырушы, бағыт беруші. Үшіншіден, жаңа технологияның мақсаты-оқытуды ізгілендіру. Деңгейлік жұмыс істеуде бала жалықпайды. Күрделі тақырыпты қарапайым тілмен жеткізе отырып, әрбір бала өз бетінше түсінігін айта отырып, өзінің тіл байлығын, білімін көтереді. Оқушылардың ой-өрісімен дүниетанымын кеңейтіп, білім деңгейінің өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор.
Міне өз тәжірбием арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне анық көзім жетіп келеді.
Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай 3 топқа бөлдім. Яғни, білімі толық, 5-ке оқитындар-бірінші деңгей, 4-ке оқитындар-екінші деңгей, 3-ке оқитындар-үшінші деңгей болды. Оқушыларға білімдерінің қалай бағаланатынын түсіндіремін. «5-тік» бағаны алатын оқушылар-өз бетінше ізденіп, оқулықпен қатар қосымша әдебиеттер мен жұмыс істеуі керек, ал төрттіктер газет-журнал материалдарымен өз білімін ұштастыра отырып, оқулықпен сабақтастыруы шарт. Ал оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізуге қабілеті келмесе, қосымша материалды ұштастыра алмаса, онда ол оқушы «үштіктер» тобына кіреді.
Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін анықтауда 3-сынып оқушыларына диагностикалық күрделі түрін пайдаландым.Онда:
теориялық білім
сөз қолданысы
оқиғаны жүйелі баяндау
сұрақ-жауап
өзіндік ой-пікірі
сыныптан тыс оқу
шығарма кейіпкеріне мінездеме беру
шығармашылық жұмысы
қорытынды бағасы
Осы көрсетілген 9 бөлім бойынша 3 сынып оқушыларының білім көрсеткіші-білім сапасы-82 орта балы-4,1болды.
Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушыларға өзіндік ой-қабілеттерін дамыту мақсатында шығармашылық жұмысты орындауға баулыдым.Соның нәтижесінде бүктемелер,тест, топтастыру стратегиясы, венн диаграммалары,мақал-мәтел,жаңылтпаштар және мақала жазуға дағдыланды.
Үйірме жұмысы арқылы оқушылардың шығармашылық жұмысты сапалы да нақты, өз ойымен ұштастыра отырып, білім деңгейінің жақсаруына әсер еттім.
Оқушылардың білім деңгейін сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін диогностикалық параметр бойынша бағалап есепке алудағы мақсатым:әрбір сыныптағы жекелеген сабақ барысындағы теориялық, практикалық және шығармашылық жұмыстарының деңгейін анықтап, бағалап отыру.Осы бағалау жұмысының нәтижесінде аңғарғаным жекелеген оқушыға жүргізген әрбір параметр бойынша білім деңгейінің бір қалыпта тұрмай, күнделікті сабақтағы білім көрсеткіштерінің нәтижесінде оқушының үнемі сабаққа дайындық деңгейі бір қалыпта бола бермейтіндігін көрсетті. Ал, кейбір топтағы белсенді де білімді оқушы ізденіс үстінде болып, шығармашылық жұмыстың деңгейін жоғары көрсете отырып,бағыт-бағдар жөніндегі ойларын жан-жақты көрсете білді. Екінші бір топтағы жекелеген оқушылар тек мақсатты түрде сабаққа дайындалып,көздеген бағасын алғаннан кейінгіөзінің білім деңгейінде жалқаулыққа бейім тұратынын аңғартты.
Үшінші бір топтағы жекелеген оқушылар тек ауызша немесе жазбаша түріндегі сабақ кезеңінде де ынталы екендіктерін танытып,ізденуге,талпынуға енжар болып келді. Шығармашылық жұмысының бірнеше бағыттағы сабақ түрінде әрбір сыныптағы әрбір жекелеген оқушының білім деңгейін есепке алудан жұмысының оң нәтиже бергендігін байқадым. Деңгейлік бағыттағы білім көрсеткіштерін кескін сызбаларының біркелкі бағытта болмай, 1,2,3, деңгейдің негізінде болғандығы мені қуантты.
Осы сын тұрғысынан ойлау қабілетін деңгейлік білім көрсеткіштерін бағалау дәптерімді саралай отырып,кейбір оқушының осал тұстарына ескерту жасап, қосымша тапсырма беремін. Ал жоғары деңгейлік білімі бар оқушыларға мадақтау лебізін білдіремін.
Өйткені, оқушы үнемі бірқалыпты жүріп отыратын техника емес. Сабаққа қабілетінін, білімін, тәлім-тәрбиесінің және ынта-жігерінің алмасыпотыратындығы заңды құбылыс.
Оқушылырдың күнделікті сабақтағы білімдері сынып журналында бағаланып, тоқсандық баға шығарылады. Ал мендегі бағалау дәптерінде диагностикалық параметр бойынша оқушы қабілетіндеңгейлік тапсырмалар негізінде оқу жылының ішінде 8 рет сыныптың білім сапасы мен орта балын көрсетіп, білім деңгейін есепке алып отырамын.
Оқушылардың деңгейлік біліміне қарай шығармашылық жұмысқа баулуда оқулық материалынан тыс көркем әдебиеттерін талдап, оқып үйрену мақсатында жұмыс жасаймын. Ол шығарма жазып, оны қорғау, түрлі диаграммалар бойынша белгілі тақырып көлемінде өз ойларын жинақтап, топтастырып, оны сызба түрінде берілген үлгіге қарай ұқыпты орындауды тапсырамын. Сол бағыттағыжұмыстары да бүктемелер, реферат, тірек сызба, топтастыру стратегиясы мен венн диаграммасын және сөзжұмбақты құрастырудағы жұмыстары есепке алынып , бағалау параметріне түсіріледі.
Өз пәнім бойынша оқулықтағы бөлім, тарау және тоқсан соңындағы қайталау, пысықтау материалы бойынша 15,30 сұрақтан тұратын бірнеше нұсқа түрінде жасалған тест жұмыстарын оқушылардан алып отырамын. Себебі: оқушы өзін-өзі танып білу шарт. Тест жұмысын критерий бойынша тақтаға жазамын. 30 сұрақтың 15 дұрыс жауабы-3-тік баға, 25 дұрыс жауабына-4-тік баға, 28-30 сұрақ жауабына-5-тік баға қойылады. Берілген тест жұмысының дұрыс жауабын оқып беремін. Өздерінің дұрыс жауабымен салыстыра отырып, өз бағаларын өздері бағалайды. Сонда өз білімдерінің деңгейін қандай дәрежеде екеніне көз жетеді.
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі өзгешелеу өйткені күнделікті сабақта да, шығармашылық жұмыс барысында да, шығармашылық барысында да оларға жеңіл, өздерінің деңгейіне қарай тапсырма беріледі.
Бұл технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпарат жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.ол өз пікірін бір-біріне, топта, сынып алдында айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс. Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың ақпаратты алдын ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті, шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді. Математика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлау іс әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын іске асыруға болады. Нәтижесінде оқушыларды толық сабаққа қатыстырып, олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алады.
Қорыта айтқанда, мұғалімнің рухани интелектуалдық, шығармашылық деңгейі жоғары болса, ол мұғалім оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына жол таба біледі.
Білімді ұрпақ-ел болашағы.Оқушы күш-қуатты да, ұстаздан алады.Олай болса атамекеніне,туған жеріне,туған тіліне деген зор сүйіспеншілікке толы салтымызды жандандырып,оны келешек ұрпақтың санасына,білім деңгейіне мейлінше терең сіңіруіміз керек.Осы қасиеттерді сіңіре отырып,ұлтжанды,білімді,тәрбиелі жеке тұлғаны қалыптастыру басты міндетіміз болып табылады.
Бұл қағиданы жас ұрпақты тәрбиелеудің өзегіне айналдыруымыз қажет.
Сөзімді дарынды педагог,ғалым В.Ф.Шаталовтың мына өсиет сөзімен аяқтағым келіп тұр.
«Қазіргі мұғалімге тек қана өз пәнін жақсы білу аздық етеді.Ол оқушы бойындағы таным белсенділігін оятып,сонан соң ғана үйреткені дұрыс болар еді»
Достарыңызбен бөлісу: |