ЦӘК отырысында
қаралып талқыланды
Хаттама №____
«___»_______2015 ж
ЦӘК төрайымы ______
Әдістемелік нұсқа онкүндік бағдарламасына сәйкес құрастырған: Манарбекқызы Арай
Сабақтың тақырыбы: Ұстаздың ұстаздылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақ беру әдіс – тәсілдерінің элементтерін көрсету.
Дамытушылық: Жас мамандармен сабақ беру әдіс – тәсілдерінің элементтерімен жұмыс жасай отырып шеберліктерін арттыру.
Тәрбиелік: Топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, ұжымдық оқыту әдістемесі
Сабақтың уақыты: 45 мин
Сабақтың өткізілетін орны: мәжіліс залы
Пәнаралық байланыс: Педагогика, экология, математика, әдебиет, психология, медицина, эканомика, құқық, қазақ тілі.
Сабақтың жабдықталуы: презентация, үлестірмелер, терминал, бейдж, ағаш макеті, қобдиша, кішкене шарлар, плакаттар, фишбоун сызбанұсқасы, тиын шокалад, лента, шаңырақ, бейнефильм.
Пайдаланған әдебиеттер:
Алматы облсытық мамандар кәсібін дамыту институты
Қазіргі заман сабағы: құрылымы, талдау түрлері.
Алматы, 2011 ж
Асхат Әлімов . Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану ,
Алматы, 2009ж
Оқытушы білуі тиіс: Сын тұрғысынан ойлау, ұжымдық оқыту әдіс – тәсілдерінің элементтерін білу.
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы
І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин
ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 10 мин
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – алдын – ала берілген тапсырма
ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 20 мин
А) «Ой толғау стратегиясы»
Б) Миға шабуыл Ассоциация
Ү Қорытындылау – 5 мин
ҮІ Үйге тапсырма – 5 мин
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Тікелей эфир. «Қайырлы күн!» Құрметті көрермендер. Бүгінгі уақыт, біздің уақыт. «Шебер сынып уақыты». Шебер сыныпқа келген
Ж – жігерлі
А – алғыр
С – сұлу да сымбатты
М – мақсаткер
А – айтқанды екі етпейтін
М – мінезі жайсаң
А – арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды шақырайын.
Сәлемдесу, оқытушылардың көңіл – күйлерін сұрау, түгендеу, топқа бөлу,
Мақсат қойдыру.
ІІ.Үй тапсырмасы
Жағдаятты сұрақтарға жауап беру
Сабағыңызда білімгер дәріс жазбай, басқа сабақты орындап отыр сіздің іс – әрекетіңіз
Сабақ барысында білімгер сабақтан шығып кетті. Сіздің іс – әрекетіңіз.
Сіз жаңадан жұмысқа орналастыңыз, әріптестеріңіз танымай білімгер ретінде қабылдап, ұрса жөнелді.......
Сабағыңызға әкімшілік тарапынан қатысып отыр, сабаққа 2 студент кешігіп келді. Сіздің әрекетіңіз?
Сіз жаңадан жұмысқа орналастыңыз сабақ сағат 800 де, асығып келе жатып аяқ киіміздің өкшесі сынып қалды. Әрекетіңіз?
Сабақ жоспарын толтырмай келдіңіз, аяқ астынан тексеріс жүрді, сіздің әрекетіңіз?
«Дарынды баланың болашақ тағдыры ұстаздың қолында ма?»......
Оқу журналына әр түрлі түзетулер қолдандыңыз сіздің әрекетіңіз?
Сізге бір студент ғашық болып, сөз салды сіздің іс әрекетіңіз?
Сіздің сабағыңызда үстінде топ жетекшісі тобына кіріп келіп, айғай салды сіздің әрекетіңіз?
Сабақ түсіндіру барысында екі білімгер сыбырласып отыр, қандай әрекет жасайсыз?
Үзіліс кезінде білімгер қағып өтті әрекетіңіз.....?
Сіздің сабағыңызда білімгер әртүрлі себептермен, сабаққа қатыспаған, оның үстіне «2» деген бағасы да бар, өкінішке орай, оған «4» деген баға керек сіздің әрекетіңіз.......
Сіз топ жетекшісіз бір білімгермен сөзге келіспей қалдыңыз, сол баладан кек алуға тырысасыз ба?
Тобыңыз, сабақ беретін пән мұғаліміне арызданып, ол оқытушыны сабақ беруден алып тастауын өтінді. Осы кезде топ жетекшісі ретіндегі әрекетіңіз?
“Менің атым Қожа” фильмінен үзінді көрсету.
Фишбоун сызбанұсқасы
Достарыңызбен бөлісу: |