Сабақ беру әдіс тәсілдерінің элементтерін көрсету


IV. Жаңа тақырыпты бекіту



бет3/4
Дата13.02.2017
өлшемі3,9 Mb.
#9316
1   2   3   4


IV. Жаңа тақырыпты бекіту

А) Ой толғаныс.

1-топ  «Бес жолды өлең» құрастырды.

5 жолды өлең құрастыру.

1. Зат есім. Кім?

2. Сын есім. Қандай?

3. Етістік. Не істейді?

4. 4 сөзден құралған сөйлем.

5. Балама сөз

2-топ   «Менің ұстаздық жолым» Эссе жазу.                                                                            
3-топ   «Тәрбиесінде ауытқуы бар білімгермен жұмыс» санбюллетень                                                       

4-топ   «Тәрбиесінде ауытқуы бар білімгермен жұмыс» тәжірибеден алынған оқиға
Сергіту кезеңі

«Табиғат мінезі» жаттығуы.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жәй ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.
V. Қортындылау

1.Миға шабуыл Ассоциация

Жеке жұмыс заман талабына сай білім берудің  бағыттары бойынша топта жоба жасайды

1 топ «Мінсіз білімгер»

2 топ «Мінсіз ұстаз»

3 топ «Мінсіз сабақ»

4 топ «Мінсіз колледж»


Оқытушының қортынды сөзі:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба?

Әлде ол қарапайым мұғалім ба?

Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,

Жанымды толтырады бұла мұңға


Ұстаз! Ол- ақыл- ойдың кені емес пе?

Көш бастар заманының ері емес пе?

Жатталып кейінгіге хаты қалған,

Ұстаз ол- күллі әлемнің нұры емес пе?


Колледждің басты тұлғасы, жүрегі оқытушы. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматты тәрбиелеуде оқытушының еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.


VI. Бағалау

Топқа баға беру (терминалдағы теңгелерді санау)

оқытушыларды жекелей бағалау (жекелей жинаған теңгелерді санау )

VII. Үйге тапсырма:

Тақырыбы: Сабақ беру әдіс – тәсілдерін үйрену.

Пайдаланған әдебиеттер:


  • Алматы облсытық мамандар кәсібін дамыту институты

Қазіргі заман сабағы: құрылымы, талдау түрлері.

Алматы, 2011 ж



  • Асхат Әлімов . Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану ,

Алматы, 2009ж

Рефлексия:
« Шаттық шеңбері» 

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

 Шаңыраққа киіліп

 Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің колледжіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді

Бағалау парағы



Оқытушылардың аты - жөндері

Үй тапсырмасы

Фишбоун

Сызбанұсқасы



«Ой толғаныс» стратегиясы

«Миға шабуыл» Ассоциация


Жалпы баға

1



















2



















3



















4



















5



















6



















7



















Жеке оқытушының бағалау критериі

1 ден – 4 ке дейін тенге жинаса «3» деген баға

5 ден – 7 ге дейін тенге жинаса «4» деген баға

8 ден – 10 ға дейін тенге жинаса «5» деген баға



Топ бойынша бағалау критериі

Жекелей оқытушылардың жиналған тенге, барлығының қосындысы







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет