«Қызық сөздер» ойыны.
Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру .
Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру.
Қолқанат Ішік Есек
Тымақ Қыран Балта
Нағашы Шұлық Қысым
Түс Балта Ұршық
Мысалы: Ішік – кіші
Өз тәжірибемде әр түрлі жаңа технологиялардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға болатынына көзім жетті.
Сабақты әр түрлі әдіс–тәсілдерді қолданып,түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге ,оқып –үйренуге құштарлығын арттыратыны анық.«Қызығушылықты ояту» кезеңінде сөзжұмбақ шешу, «Мен бастайын, сен қоста», «Кім жылдам» ойынын, ал үй тапсырмасын тексеруде немесе өткенді пысықтауда "Ыстық орындық" әдісін қолдану арқылы оқушылардың білімін тексеріп отырамын.
«Мағыныны тану» кезеңінде, яғни жаңа тақырыппен таныстыруда "Көр, жаз, тексер" әдісін жиі ұсынамын. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастырады. Бұл әдістің мақсаты: есіктің сыртына жаңа сабақ тақырыбын ашатын мәлімет жазылады. Оқушылар біртіндеп шығып, оқып,есте сақтап,келіп қағазға жазады, соңынан тексереді. Соңында жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Сабақтың қорытынды бөлімі "Ой толғаныс" кезеңінде эссе жазу, "Синквейн" стратегиясы"бес жолды өлең" құрастыру,"Артық затты тап"әдіс-тәсілдерін пайдаланамын.
Достарыңызбен бөлісу: |