"Автор орындығы" әдісін шығармашылық жұмыс орындау барысында жүргізіп отырамын. Мысалы тақырыпқа сай ой шапшаңдығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру, арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. Сабақты түрлендіріп өткізу оқушылардың сабаққа деген ынта -жігерін арттырады. Оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру белгілі бір бала бойында тұрақтылық пайда болып, шығармашылықты тудырады. Қабілетті ұштайды, дарынды оятады, нәтижелі жеке тұлға қалыптастырады.
Сабақ барысында оқушылар"сәйкестендіру," "Екі" көпіршік" әдісі арқылы салыстыру, топтастыру, теріп жазу. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру,бөліктерге бөлу,ат қою сияқты өздігінен орындайтын тапсырманы да белсене орындайды.
Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да,мақсат біреу –ол оқушыларға тиянақтыда сапалы білім беру.
Достарыңызбен бөлісу: |