№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ
«Білім табысқа жеткізер»
Интеллектуалды сайыс сабақ
Орындаған:А. Ақпаева
Шымкент
Интеллектуалды сайыс
«Білім табысқа жеткізер»
Сыныбы: 8 ә,б,в.
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шапшандық тез жауап беру дағдысын қалыптастыру, пәндерге қызығушылықтарын арттыру.Туған тілін қастерлеуге, Отанға сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: интеллектуалды сайыс Сабақтың әдісі: әңгіме, пікір айту,
Сабақтың пән аралық байланысы: ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі,әдебиет, физика, информатика.
Қолданлатын құрал-жабдықтар: презентациялық материалдар.
Ойын барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Кіріспе
ІІІ Танысу
ІV Негізгі бөлім
1. «Зерде»
2. «Ойлан тап»
3. Логикалық сұрақтар.
4. «Тапқыр болсаң, талас жоқ?»
5. «Бәйге»
6. Мақал-мәтелді жалғастыр....
І. Ұйымдастыру
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойда, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалдық ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп, ортаға салайық.
Ойынға 3 топ қатысады..
.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты – «Ұлыбритания»
Ұранымыз: Әрқашан біз біргеміз
Ажырамас іргеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |