Сабақ «Білім табыс қ а жеткізер»



Дата29.01.2018
өлшемі100,14 Kb.
#36125
түріСабақ
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы

Ашық сабақ

«Білім табысқа жеткізер»
Интеллектуалды сайыс сабақ



Орындаған:А. Ақпаева

Шымкент
Интеллектуалды сайыс

«Білім табысқа жеткізер»

Сыныбы: 8 ә,б,в.
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шапшандық тез жауап беру дағдысын қалыптастыру, пәндерге қызығушылықтарын арттыру.Туған тілін қастерлеуге, Отанға сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: интеллектуалды сайыс Сабақтың әдісі: әңгіме, пікір айту, 
Сабақтың пән аралық байланысы: ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі,әдебиет, физика, информатика.

Қолданлатын құрал-жабдықтар: презентациялық материалдар.


Ойын барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Кіріспе

ІІІ Танысу

ІV Негізгі бөлім

1. «Зерде»
2. «Ойлан тап»
3. Логикалық сұрақтар.
4. «Тапқыр болсаң, талас жоқ?»
5. «Бәйге»
6. Мақал-мәтелді жалғастыр....
І. Ұйымдастыру

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойда, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалдық ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп, ортаға салайық.

Ойынға 3 топ қатысады..



.

Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.



І-топ. Топтың аты – «Ұлыбритания»

Ұранымыз: Әрқашан біз біргеміз

Ажырамас іргеміз.
ІІ-топ. Топтың аты – «Қазақстан»

Ұранымыз: «Бірге әрқайсымыз үлкен табысқа жетеміз»


ІІІ-топ. Топтың аты-«Ресей»

Ұранымыз: Ни шагу назад,

Ни шагу месте,

А только перед,

И только все вместе.
ІІ Таныстыру (Әр топ өз-өзін таныстырады, өз елін, жалауын түсіндіреді ).
ІІІ Негізгі бөлім

Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей келе 1-кезеңімізді бастайық

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.


І тур «Зерде» 200 $

Әр топқа әр пәндерден сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 5 оқушы 4 сұраққа жауап береді.


«Ұлыбритания » тобына:

  1. Қандай заттарда диффузия болады? (Газ тәрізді, сұйық және қатты заттарда)

  2. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)

  3. Who was the first president of the USA? (George Washington)

  4. Кто автор романа « Путь Абая» (М.Әуезов)


«Қазақстан» тобына:

  1. Кескінді құрайтын кішкене нүктелер – (пиксель).

  2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)

  3. Which is the shortest month in a year? (February)

  4. Где находится мавзолей Ахмеда Яссауи? (Туркестан)


«Ресей» тобына:

  1.  Көктайғақта жолға неге құм себеді? (Үйкеліс күшін арттыру үшін)

  2. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)

  3. Kazakhstan is situated in … ( Central Asia)

  4. Великиий англиский физик? (Исаак Ньютон)


ІІ «Ойлан тап» 300 $
«Ұлыбритания» тобына:

Аударыңыздар: ағылшын және қазақ тіліне



1) кисть – қол - hand

2) ноты – ноталар-notes

3) игла – ине - needle

4) глина – саз,балшық- clay

5) жемчуг–маржан - pearls
«Қазақстан» тобына:

Аударыңыздар:ағылшын және қазақ тіліне



1) машина- көлік-car

2) сани – шана-sledge

3) мяч – доп-dog

4) лыжи – шаңғы-ski

5) дверь есік- door
«Ресей» тобына:

1) еда-тағам-food

2)мебель-жиһаз-furniture

3)журнал-журнал-magazine

4)небо-аспан-sky

5)цветок-гул-flower
ІІІ Логикалық сұрақтар 300 $
І «Ұлыбритания»

  1. Егер түнгі 12 сағатта жаңбыр жауып тұрса, 72 сағаттан кейін түсті

күтуге болады ма? (Болмайды, себебі қайтадан түн болады)
2. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда)
3. Егістікте – жасыл, фирмада – қара, ал үйде – қызыл. (шәй)

ІІ топ «Қазақстан»
1. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?( 2 сағаттан)
2. Барлық ат шөп жейді, бірақ бір ат шөп жемейді, ол қандай ат? (шахмат)
3. Бір жұмыртқа 5 минут піседі. Бес жұмыртқа неше минутта піседі.(5)

ІІІ топ «Ресей!»
1. Отыз «Я» әріпінен тұратын қыздың аты? (ЗОЯ)
2. Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?(5)
3. «А»-дан «Я»-ға дейінгі ағатын өзен? (Амудария)
ІV «Тапқыр болсаң, талас жоқ?» 100 $


І топ «Ұлыбритания»

  1. Тар шеңберді айналып,
    Тұр құдықта байланып.
    Қаға берер таңдайды,
    Әдетінен танбайды (сағат, часы, clok [клок])

  2. Төрт бұрышты әйнек,
    Тұнып тұрған әлек. (Монитор, monitor)

  3. Тақия толған сөк

Таң атқанда жоқ. (жұлдыздар, звезды, stars)
ІІ топ «Қазақстан»

  1.  Қозғалысқа келтіріп,
    Жылдамдығын береді.
    Өлшемдерін қарасақ,
    Ньютонға ол келеді. (күш, сила, strength [стрензсі])

  2. Бес атаның балалары
    Қыдырмашы біреуі.
    Бір күн бар да, бір күн жоқ.
    Соны есепке алсақ,
    Ұзын саны жүз жеті.
    (Пернетақта , клавиатура, keyboard)

  3. Везет, а не лошадь,

Летит, а не птица (ұшақ, самолет, plane)
ІІІ «Ресей»

  1.  Туыстарын шетінен,
    Өбеді де бетінен.
    Бала - шаға ұсағын,
    Бауырына қысады. (магнит, magnet [магнет])

  2. Қағаз бетінен алады,
    Бірден компьютерге салады. (Мәтіналғы, сканер, scanner)

  3. Не куст, а с листочками

Не рубашка, а сшита

Не человек, а рассказывает (кітап-книга-a book)

V «Бәйге» 100 $
Ұлыбритания тобы.
1. Жеті атаны ата? (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат)
2. Қазақша ай аттарын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек,

қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)
3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж.)
4. Әнұранның авторлары ? (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
5. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен ? (күй)

Қазақстан тобы.
1. Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)
2. Қазақша апта аттарын ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан)
4. Қазақстан Туының авторы ? (Ш. Ниязбеков)
5. Әнді орындайтын адамды кім дейміз? (әнші)

Ресей тобы.
1. Үш арсызды ата?( ұйқы, күлкі, тамақ)
2. Елтаңбамыздың авторын ата? (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)
3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16-ХІІ)
4. Қазақ үйдің бөліктерін ата? (Кереге, уық, есік, шаңырақ)
5. Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесің? (Құрт, май, ірімшік, сүзбе)

VІ Мақал-мәтелдерді жалғастыр..... 100 $
1-топ Ұлыбритания тобы.
1. Өз үйім ... (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы, ...
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады, ...
( Өнер жастан шығады.)

2 – топ: Қазақстан

1. Отан ... (оттан да ыстық)
2. Ғылым - теңіз, .... (білім - кеме)
3. Оқу инемен .... (құдық қазғандай)

3-топ: Ресей тобы
1. Өзге елде сұлтан болғанша,
(Өз еліңде ұлтан бол).
2. Олай тартсаң өгіз өледі, (бұлай тартсаң арба сынады)

3. Жалғыздың үні шықпас,



(Жаяудың шаңы шықпас)
Музыкалық үзіліс
Қорытынды

Сайысымыздың нәтижесін шығару мақсатында әр топ алған өзінің жинаған табысын санайды, қай топтың табысы мол болса, сол топ жеңімпаз атанады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет