Сабақ: биология Мектеп: «Матай орта мектебі»



Дата23.08.2017
өлшемі93,43 Kb.
түріСабақ

Сабақ: биология

Мектеп: «Матай орта мектебі»

Күні: 13.02;

Мұғалім: Сейсекенова Э.М.

Сынып: 10

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары.

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Оқушыларға генетикалық ұғымдар, Мендель заңы және оның тәжірибелері жайында мағлұмат беру;


Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Алдыңғы оқу

«Миға шабуыл» әдісі

Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қоямын.




1.Жасушалардың қандай бөліну типтерін білесіз?
(митоз,амитоз,мейоз)
2.Митоз деген не?
(бір аналық жасушадан 2 еншілес жасуша түзіліп, ондағы
хромосомалар жиыны өзгермей жасушалардың бөліну жолы,
яғни дене жасушаларының бөлінуі)
3.Мейоз деген не?
(жасушаның бөліну жолы, мұнда бір аналық жасушадан
хромосома жиынтығы 2 есеге кеміген, яғни жыныс
жасушаларының түзілуі)
4. Табиғатта кең тараған көбеюдің екі түрін атаңыз?
(жынысты, жыныссыз)

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Бастауы
10 мин

Психалогиялық ахуал

«Шаттық шеңберін» ұйымдастырамын.
Оқушыларды түс аттары бойынша 4 топқа бөлемін

А4, стикерлер

Ортасы

25 мин

«Мағынаны ажырату»

«Үш түрлі күнделік» әдісі



Мәтіннен ерекше әсер еткен немесе ой салған дәйексөз келтіру

Жеке түсінік беру: осы дәйексөзді жазуға не мәжбүр етті? Қандай ой тудырды? Осыған байланысты қандай сұрақ туды?

«Мұғалімге хат» - сұрақтар










Фенотип – бұл генетикалық белгілердің сырттай пайда болуы.

P - ата-ене дарақтары. (Латынша “parento” (ата-ене)сөзінің бірінші әрпі)

♂ - еркек дарағы

- әйел дарағы

Х – дарақтар арасындағы шағылысты белгілейтін белгі.

Ғ – шағылыс үдерісінің нәтижесі, яғни ұрпақтар. (Латынша “filii” – балалар сөзінің бірінші әрпі): Ғ1-балалар; Ғ2-немерелер; Ғ3-шөберелер, тағы сол тәрізді







Аяқталуы

10 мин


Лездемелік сұрақтар:

Тұқым қуалау дегеніміз не?

Ген дегеніміз не?

Хромосома дегеніміз не?

Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы қалай аталады?

Тұқым қуалайтын гендердің жиынтығы қалай аталады?

Гамета дегеніміз не?

Фенотип дегеніміз не?

Жасушаларында бір геннің екі аллелі болатын ағзалар қалай аталады?

Гомозиготалы және гетерозиготалы күйінде басқа белгінің дамуына басымдылық көрсететін басым белгі қалай аталады?

Аллельді гендер дегеніміз не?





Қосымша ақпарат интернет желісін пайдаланып мағлұматтар жинақтау

Үйге тапсырма беру: Адам эволюциясының кезеңдері. Тест құрастырып келу


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? (сабаққа келмеген оқушы, түсінбеген оқушыларға қалай көмек көрсетіледі?)

Биологиялық диктант және сол тақырып бойынша тест жұмысын құрғызу арқылы




Рефлексия

  • Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

  • Бүгін оқушылар не білді?



  • Сыныптағы ахуал қандай болды?

  • Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

  • Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

  • Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ жоспарын оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып құрастырдым.

Бұл сабақтағы негізгі мақсат генетиканың даму тарихын туралы мағлұмат беру.

Генетикалық термин сөздер, тест жұмыстары, электрондық оқулықтар, есептер шығару т.б. көрнекіліктер қолданылды. Бұл барлық оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруда көмегін тигізді.

Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар тақырыпты жақсы меңгеріп, жоғары білім сапасын көрсетті.






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

  1. Оқушылар генетиканың дамуы туралы білді;

  2. Термин сөздерді ажырата отырып, генетикалық есептерді шығара алды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



  1. Генетиканың дамуы жайлы қосымша видеороликтер іздеп әкелу;

  2. Генетикалық есеп шығаруды қайталау, үйрену.



Биология пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарының рефлексиялық есебі

10 «А» сыныбына 3 – деңгей бітірген бірнеше мұғалімдер сабақ береді. Сондықтан маған топқа бөлу, топтық ереже және топтық жұмысты ұйымдастыру қиынға соқпады. Топқа бөлінудің бірнеше идеясын көрсетіп едім, балалар өздері ерекше тәсілдер ойлап таба бастады. Мәселен, стикермен немесе брелокпен т.б. Баланың сыни тұрғыдан ойлануына жетелейтін тақырыпқа байланысты тиімді және қызықты тапсырмалар дайындау біршама қиын болды. Ал талантты және дарынды оқушыларды, көшбасшыны анықтауға бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылармен диалогқа түсе отырып, олардың біршама қадамдарын байқадым. Мысалы,

«Үш түрлі күнделік» әдісі оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды. Дәстүрлі сабақта тек мұғалімнің түсіндіруімен, мұғалімнің рұқсатымен жауап берумен, мұғалімнің бағалауымен шектеліп қалса, ал қазіргі сабақтар оқушылардың бір-бірімен диалогқа түсуі, өзін - өзі немесе бірін-бірі бағалаумен, өз ойын еркін жеткізумен жалғасын тапты. Үлгерімі орташа, өзіне, біліміне сенімділігі аз, табиғатынан ұялшақ оқушылар топтағы басқа сыныптастарымен тапсырмаларды барынша орындауға тырысты, біршама өзгере бастады. Қызықты тақырыптарды бірге талқылап, өз ойларын еркін айта бастағанда сенімділігі жоғарылап, әр оқушының жеке қабілеті ашыла түседі екен. Сабақ барысында «Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады» деп айтылған \Мерсер -2005\. Тақырыптың мазмұны мен мақсатын айқындап, кең көлемде ашу үшін оқушыларға сыни тұрғыдан ойлануына сұрақтар қойып отырдым. Ол сұрақтар белгілі бір ережеге немесе қағидатқа бағытталған сұрақтар. Мәселен, «Миға шабуыл» әдісі арқылы үйге берілген тапсырмалардан жетелеуші сұрақтар қойылады. Оқушылар жан-жақты жауаптарын айтты, митоз, мейоз жайлы еске түсірді, талқылады. Әрине біраз оқушылар қатыспады. Оларға өткен материалды қайталап еске түсіру үшін жұптық жұмыс «Көршіме сенемін» әдісін ұйымдастырдым. Балалардың өз жауаптары арқылы алған білімдері алдымен ұзақ мерзімде есте сақталады, екіншіден болашақта өз жауабын дамытуға мүмкіндік алды.

Лездемелік сұрақтар қою арқылы тақырыптан білген, түйгендерін болашақта өмірде қолдануға дағдыланады.



Олар ойларын оңай жинақтады, терең ойлады. Кері байланыс стикер арқылы алынды, рефлексия стендіне жабыстырды.
Каталог: uploads -> doc -> 11fd
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11fd -> Сабақ тақырыбы: C. Торайғыров. «Таныстыру» поэмасы. «Алаш ұраны»
11fd -> Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар
11fd -> Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері Ағылшын тілі пәні мұғалімі, №51гимназия, Ақтөбе қаласы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу