Өткенді еске түсіру
- Балалар, 1 сыныпта адамның жақсы қасиеттерінің бірі - мейірімді болу керектігі туралы өткен болатынбыз.“Мен мейірімді баламын” тақырыбына әңгіме құрастырайық. Қанеки, кім бастап айтып береді?
Мұғалім жаңа сабақ тақырыбымен таныстырады:
- Адамға, айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді. Бүгінгі сабақта жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.
Мұғалім оқушылармен төмендегідей сауалдар бойынша әңгіме жүргізеді.
• Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
|