№ 1 сабақ бойынша қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 8 а Пәні: информатика
Сабақ тақырыбы:
|
Сандардың тарихы және санау жүйелері
|
Сабақ мақсаты:
|
Сандардың пайда болу тарихын өз бетінше ізденуіне ықпал ету және санау жүйелерін, санау жүйелерінің түрлерін ажырата білуге үйрену
|
Табыс критерийлері:
|
Сандардың тарихын біледі;
Санау жүйелерінің түрлерін біледі;
Санау жүйелерінің топтарын ажырата алады;
|
Сабақ түрі:
|
Жаңа сабақты меңгерту сабағы
|
Уақыт
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Керекті жабдықтар
|
2 минут
|
Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Мен сияқты жаса» жаттығуы.
|
Оқушылар шеңбер құрып тұрады жасалған жаттығуды қайталайды.
|
Бейне көрсетілім
|
2 минут
|
Топқа бөлу
«Мақал құрастыру»
|
Бөліп –бөліп жазылған сөздерді тауып мақалды құрастырып топ құрайды және топ басшыларын сайлап алады, топ басшысы өз тобының мүшелерінің жұмыстарын бағалайды, критерийге бағынып жұмыс жасайды.
|
Таратпа қағаздар
|
8 минут
|
«Фишбоун» әдісі
Үй тапсырмасын сұрау мақсатында балық суреті бейнеленген плакат беріледі және балықтың басына тапсырманы, үстіңгі қабырғаларына сұрақтарын жазып, келесі топ сол сұрақтардың жауаптарын жазу керектігін түсіндіремін.
|
Оқушылар топ болп плакатқа салынған балықтың басына тақырыпты, үстіңгі қабырғаларына сұрақтар жазып, белгілі уақыттан соң сағат тілі бойынша топтар бірін-бірімен сұрақтарымен алмасып, сұрақтарға жауап береді.
|
Плакат
Маркер
Стикер
|
12 минут
|
Негізгі бөлім.
Мағынаны тану.
«Джиксо» әдісі арқылы жаңа сабақты бірін-біріне түсіндіруді тапсырамын.
|
Ақпаратты өз бетінше ұғынады, топта талдайды, басқа топқа барып өз түсінгенімен бөліседі. Ортада сөйлей алу дағдылары қалыптасады.
|
А 4 парағы
Оқулық
Стикер
|
10минут
|
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп беремін.
|
2.1 тапсырманың 1,2,3 есептерін шығарады. Түсінбеген сұрақтары бойынша бірін-бірінен сұрау арқылы түсінік қалыптастырады.
|
Оқулық
Дәптер
Қаламсап
|
«Бағдаршам» бағалау стратегиясы
|
Тапсырманы орындау барысында жасыл – толық түсіндім, сары – жартылай түсіндім, қызыл – түсінбедім белгі түсініктері арқылы осы уақыттағы түсініктерін бағалайды,
|
Бағалау парашалары
|
6 минут
|
Қорытынды.
Бақылау сұрақтары бойынша жұмыс жасау.
|
Бақылау сұрақтары бойынша өз пікірлерін ашық білдіреді.
|
|
3 минут
|
Бағалау.
Топбасшыларынан критерий арқылы бағалау қорытындысын сұраймын.
1.Белсенділік танытқаны үшін
2.Маңызды пікір айтқаны үшін
3.Сұраққа жауап бергені үшін
4.Есепті дұрыс шешкені үшін
5.Регламентті сақтағаны үшін
|
Топ басшылары өз топ мүшелерінің жинаған балдарын әдістер бойынша арнайы жасалған бағалау парақшасы арқылы есептеп, бағалайды. Қорытынды бағаны жариялайды.
|
Бағалау парақшасы
|
1 минут
|
Үй тапсырмасын беремін.
|
2.2. тапсырманы орындау, тақырыпқа сай сөзжұмбақ құрастырып келу
|
|
2 минут
|
«Не білдім? Не білгім келеді?» кері байланыс орнатуға стикер таратады.
|
Тақырыпты қалай түсінгенін стикерге жазып, рефлексиялық плакатқа жапсырады.
|
Рефлексия плакаты,
Стикер
|
2 сабақ бойынша қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 8 а Пәні: информатика
Сабақ тақырыбы:
|
Екілік және ондық санау жүйелері
|
Сабақ мақсаты:
|
Ондық және екілік санау жүйені ажыратып жаза білу дағдыларын қалыптастыру;
Ондық және екілік жүйеде есептерді шешуді үйрену;
|
Табыс критерийлері:
|
Екілік және ондық санау жүйесін ажырата біледі;
Екілік санау жүйесінде есептер шығара алады;
Ондық санау жүйесінде есептер шығара алады;
|
Сабақ түрі:
|
Жаңа сабақты меңгерту сабағы
|
Уақыт
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Керекті жабдықтар
|
1 минут
|
Кіріспе.
«Шаттық шеңбері» жаттығуы.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Оқушылар шеңбер құрып бір-біріне тілек айтады.
|
|
2 минут
|
Ауызша кері байланыс.
Түсінбеген сұрақтары бойынша ортақ ой қалыптастыру
|
Өткен сабақтары бойынша жазылған рефлексиялық стикерлерге жазылған түсінбеген сұрақтар бойынша жауапты бірге іздеу, жауап беру
|
Стикерлер
|
1 минут
|
Топқа бөлу:
«Миллион», «Миллиард», «Триллион»
|
Цифр атауларымен берілген кеспе қағаздардар арқылы топқа бөлінеді.
|
Кеспе қағаздар
|
7 минут
|
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтаймын.
|
Әр топтан бір-бір оқушыдан шығады, өзге топтың оқушылары өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды, оған жауап алады. Әр топтың топбасшылары бағалау парақшасына ұпай санын қояды.
|
|
10 минут
|
Негізгі бөлім.
«Флипчарт» қорғау.
«Мені түсін» оқыта үйрету ойыны арқылы жаңа тақырыпты түсіну.
|
Топта тақырыпты оқу, талқылау арқылы, постер дайындау және ортада оны қорғау, ортада сөйлеу мәдениеті мен сөйлеу мәнерлері қалыптасады.
|
Плакат
Оқулық
Стикер
Желім, қайшы
|
10минут
|
«Блиц тунер» әдісі
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп беремін.
Екілік және ондық санау жүйелеріне байланысты есептер шығару
|
Әр топқа конвертке салынған тапсырмалар беріледі. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы, ұпайларын алады.
|
Оқулық,
Дәптер,
Қаламсап
|
«Бағдаршам» бағалау стратегиясы
|
Тапсырманы орындау барысында жасыл – толық түсіндім, сары – жартылай түсіндім, қызыл – түсінбедім белгі түсініктері арқылы осы уақыттағы түсініктерін бағалайды.
|
Бағалау парашалары
|
8 минут
|
Қорытынды.
«Серпілген сауал» әдісі
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, келесі топқа доп лақтырып, оған допты қағып алған топ мүшелері жауап беру керектігін тапсырамын.
|
Сұрақтар құрастырып доп лақтырады да, допты қағып алған топ мүшелері оған жауап береді, осы жүйемен допты сұрақ-жауап ретінде қолданады.
|
Доп
|
3 минут
|
Бағалау.
Топбасшыларынан критерий арқылы бағалау қорытындысын сұраймын.
1.Белсенділік танытқаны үшін
2.Маңызды пікір айтқаны үшін
3.Сұраққа жауап бергені үшін
4.Есепті дұрыс шешкені үшін
5.Регламентті сақтағаны үшін
|
Топ басшылары өз топ мүшелерінің жинаған балдарын әдістер бойынша арнайы жасалған бағалау парақшасы арқылы есептеп, бағалайды. Қорытынды бағаны жариялайды.
|
Бағалау парақшасы
|
1 минут
|
Үй тапсырмасын беремін.
|
2.2. тапсырманы орындау, тақырыпқа сай сөзжұмбақ құрастырып келу
|
|
2 минут
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс орнатуға стикер таратады.
|
Тақырыпты қалай түсінгенін стикерге жазып, рефлексиялық плакатқа жапсырады.
|
Рефлексия плакаты,
Стикер
|
3 сабақ бойынша қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 8 а Пәні: информатика
Сабақ тақырыбы:
|
Сегіздік және он алтылық санау жүйелері
|
Сабақ мақсаты:
|
Сегіздік және он алтылық санау жүйені ажыратып жаза білу дағдыларын қалыптастыру;
Сегіздік және он алтылықсанау жүйесінде есептерді шешуді үйрену;
|
Табыс критерийлері:
|
Сегіздік және он алтылық санау жүйесін ажырата біледі;
Сегіздік санау жүйесінде есептер шығара алады;
Он алтылық санау жүйесінде есептер шығара алады;
|
Сабақ түрі:
|
Жаңа сабақты меңгерту сабағы
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар, көрнекі құралдар
|
8 мин
|
Ауызша кері байланыс, үй тапсырмасын пысықтау;
Құрастырылған сөзжұмбақтарды топта алмасып шешу;
|
Өткен сабақ бойынша оқушылардың кері байланысына қарай стикерде жазылған ойларын оқу, түсінбеген сұрақтары бойынша топ болып жауапты сұрау, сөзжұмбақтарды шешу
|
|
1 мин
|
Топқа бөліну.
|
«Монитор», «Принтер», «Сканер» атты кеспе қағаздар арқылы топқа бөлінеді және топбасшысын сайлайды.
|
Кеспе қағаздар
|
2 мин
|
«Миға шабуыл» әдісі
«Санау жүйелерін оқып үйрену неліктен қажеттілік тудырады?»
|
Оқушылар түрлі бағытта жауап береді.
|
|
8 мин
|
«Электронды оқулықпен жұмыс» .
Интерактивті тақтадан жаңа тақырыпқа сай таныстырылым көрсетіледі.
|
Интерактивті тақтадан тақырыптағы негізгі формулаларды дәптерлеріне жазып алады.
|
|
10 мин
|
«Джиксо» әдісі.
Топтарға плакат пен әр топқа әртүрлі түсті маркерлер таратылады.
|
Жаңа тақырыпқа байланысты түсініктерін, есептер шығару үлгілері мен тиімді жолдарын плакат бетіне түсіріп, келесі топқа ауысып, ойларын жалғастырады.
|
Маркерлер, плакат, оқулық
|
12 мин
|
«Түймедақ» әдісі
Оқушыларға түймедақ күлтелеріне жазылған есептерді шығару арқылы түймедақ құрастыруын тапсырамын.
|
Түймедақ күлтелеріне жазылған есептерді шығару арқылы түймедақ гүлін құрастырады. Оқулықтағы есептерді шығарады.
|
Түймедақ күлтелері
|
«Бағдаршам» бағалау стратегиясы
|
Оқушылар қазіргі кезеңдегі түсініктерін жасыл – толық түсіндім, сары-жартылай түсіндім, қызыл-түсінбедім түстерін көтеру арқылы бағалайды.
|
Бағдаршам түстері
|
1 мин
|
Үйге тапсырма беру
|
№ 2.4 есептерді шығару,
5 тест құрастырып келу
|
|
3 мин
|
Рефлексия.
«Не білдім? Не білгім келеді?» кері байланыс орнату
|
Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша өз түсініктерін стикерге жазып, кері байланыс парағына жапсырады.
|
Бағалау парақшасы, стикер
|
4 сабақ бойынша қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 8 а Пәні: информатика
Сабақ тақырыбы:
|
Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшіру
|
Сабақ мақсаты:
|
Сандарды бөлу және дәрежеге шығару амалдарын жасау алуға үйрену және екіліктен ондыққа, сегіздіктен ондыққа, ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстыру арқылы, оның бұрыс-дұрыстыңын тексере алуға дағдылану
|
Табыс критерийлері:
|
Сандарды бөлу және дәрежеге шығару амалдарын жасай алады;
Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшу есептерін шеше алады;
Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне алмасқан сандардың дұрыстығын тексере алады;
|
Сабақ түрі:
|
Жаңа сабақты меңгерту сабағы
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушыныңіс-әрекеті
|
Ресурстар, көрнекі құралдар
|
8 мин
|
Ауызша кері байланыс, үй тапсырмасын пысықтау;
Құрастырылған тест жұмыстарын топпен алмасып, жауаптарын табу
|
Өткен сабақ бойынша оқушылардың кері байланысына қарай стикерде жазылған ойларын оқу, түсінбеген сұрақтары бойынша топ болып жауапты сұрау, тест сұрақтарын дұрыс нұсқаларын табу
|
Тест сұрақтары, стикерлер
|
1 мин
|
Топқа бөліну.
|
«Шрифт», «Абзац», «Интервал»атты кеспе қағаздар арқылы топқа бөлінеді және топбасшысын сайлайды.
|
Кеспе қағаздар
|
12 мин
|
«Фишбоун» әдісі
Топқа балық бейнеленген плакат, маркерлер таратылады.
|
Балықтың басына тақырыпты, үстіңгі қабырғаларына сұрақтар құрастырып, сағат тілі бойынша алмасып, келесі топ олардың жауаптарын табады.
|
Балық бейнеленген плакат, маркерлер
|
8 мин
|
«Электронды оқулықпен жұмыс» .
Интерактивті тақтадан жаңа тақырыпқа сай есептер беріледі.
|
Интерактивті тақтадан тақырыпқа сай есептер көрсетіледі және оқушылар мұны шешеді де, тиісті ұпайларын жинайды.
|
АКТ, электрондық оқулық
|
12 мин
|
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта тақырыпқа сай берілген есептерді шешуді тапсырамын.
|
№ 2.5тапсырманың есептерін шешу арқылы ұпай жинайды.
|
оқулық
|
«Бағдаршам» бағалау стратегиясы
|
Оқушылар қазіргі кезеңдегі түсініктерін жасыл – толық түсіндім, сары-жартылай түсіндім, қызыл-түсінбедім түстерін көтеру арқылы бағалайды.
|
Бағдаршам түстері
|
1 мин
|
Үйге тапсырма беру
|
№ 2.6 есептерді шығару
|
|
3 мин
|
Рефлексия.
«Не білдім? Не білгім келеді?» стратегиясы
|
Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша өз түсініктерін стикерге жазып, кері байланыс парағына жапсырады.
|
Бағалау парақшасы, стикер
|
Достарыңызбен бөлісу: |