Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріне хат жолдау тапсырмасы берiлді. Оқушылар өздерінің атынан ардагерлерге алғыс айтып хат жолдаған. Әрбір жолданған хаттардан оқушылар деңгейiн көруге болады. Осындай шығармашыл тапсырмалар оқушыларға ұнағаның байқадым. Аса үлкен қызығушылық білдiргенін әр баланың бойынан көруге болады. Серікбол Асхат өз хатында ардагерлерді келе жатқан 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтап, өз алғысын білдірді.
Тақырыпты бекіту үшін интербелсенді тақта арқылы тест сұрақтарын бердім. Әр оқушы сұрақтарға жылдам жауап беріп, бағалау критерии бойынша өз-өзін бағалады. Оқушылар тақырыпты меңгергенім байқадым. Себебі, оқушылардың көбі тест сұрақтарға дұрыс жауап берді.
Достарыңызбен бөлісу: |