Көшбасшы топ мүшелерін бағалағаннан кейін, өзімнің жиынтық бағам қойылды.
Топта оқушылар ұйымшылдылықпен тапсырма орындады. Топтағы бақылаушы тапсырманың уақтылы орындауын қадағалап отырды. Сабақтың барысында бағдарлама бойынша қолданған модульдердің ішінде сабағыма сыни тұрғыдaн даму модулі оқушыларым үшiн тиімді екеніне көзім жeтті. Оқушылардың білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жүйелі ойын жеткізе алуы, еркiн шeшім қабылдауы дәлeл бола алады. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркiн сөйлесуге, пікір алмасуға жол ашады.
Осы оқу үдерісінде оқушылар нені үйренді?
Сыныпта жағымды ынтымaқтастық атмосфера қалыптастыруды үйрендік:
- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғaлім боп бірлесіп жұмыс жасауға;
- Оқушыға еркiндік беруге;
- Оқушыны мұғалімге серіктес ретінде қарауға.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді басшылыққа ала отырып, жеті модульді сабақта тиімді қолдандым.
Кездескен кедергілер: Оқушылардың өз-өздеріне сенімсіздігі. Топта тапсырманы орындау барысында бір-бірінің жауабын тындамауы.
Шешу жолдары: Мадақтау арқылы оқушылардың бойындағы өзіне деген сенімсіздіктерін жою. Топ ережесін құрастыру арқылы ынтымақтастық жағдай туғызу.
Нәтиже: Оқушылардың берілген тапсырмаларды бір-бірімен ақылдаса отырып шеше білгендері, сабақтың сәтті өтуіне септігін тигізді. Балалардың сабаққа деген қызығушылықтары, ынталары, танымдық және ойлау қабілеттері артты. Диалогтің арқасында топтардың арасында сыйластық, ынтымақтастық, жұптық, топтық жұмыс істей алу дағдылары қалыптасты.
Келесі қадам: топтық жұмысты одан әрі жетілдіру, оқушыларға күрделі сұрақтарды бір-біріне қоюды үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |