Тіркеу нөмерлері не үшін қолданылады?
Дискіге жасырын сериялық нөмір белгілеу жəне оны дискінің əр жеріне сақтау, келесі бір əрбір дискіні бірегейлендіру тəсілі болып табылады. Бұл дискі көшірмесін алуға кедергі болмайды, бірақ рұқсат етілмеген көшірме көзін табуға мүмкіндік береді. Сигнатуралық жүйелер үшін, оны талдайтын дескриптор мен бағдарлама шифрлануы жəне тіркеп жазылуы тиіс. Бұл жай салыстыру мүмкіндігін болдырмайды.
Тасымалдаушының бетін қалай бүлдіреді
ІВМ РС (жəне онымен үйлесімді) компьютердің пайда болуы мен оның зор табысқа жетуіне қарай, бұрын пайдаланылмаған, қорғаудың жаңа əдістері əзірленді. Таратушыны əдейі бүлдіру идеясы солардың бірінің негізі болып табылады. Мұнда диск ішінара бүлдірілінеді, бұл бағдарламалық құралдармен тексеріледі, бүлдіру сигнатура рөлін атқарады.
Жарамсыз секторлар не үшін қолданылады?
Əдетте, жады көлемі үлкен қатты дискілерде бірнеше физикалық бүлінген секторлар болады. Диск алғашқы форматталғанда, амалдық жүйе барлық секторларды тексеріп, жарамсыз секторларды белгілейді. Нашар секторлардың орыны арнайы кестелерде көрсетіледі, ол кесте диск каталогында сақталады. Амалдық жүйе əрқашанда бұл кестені секторларды жаңа файлға бөлу кезінде қарайды.
Қорғау əдістерінің бірі жарамсыз секторлардың кестесін сигнатур ретінде пайдаланады. Бұл сигнатуралар өте əлсіз, өйткені нашар секторларға ие емес қатты дискілердің онда көп саны бо- лады, демек, бұзылған секторлардың дəлме-дəл келетін сигнатураларымен. Жарамсыз ретінде бірнеше жақсы секторлар орналастырып, жарамсыз секторлар кестелерін түрлендіру жолымен сигнатуралар жасауға бағдарламалық құралдарға кедергі келтіру үшін өзге əдіс қолданылады. Жарамсыз секторлар туралы хабарлау үшін уақыт өткен сайын пайдаланушының амалдық жүйені сұрауы осы əдістің кемшілігі болып табылады. Егер жарам- сыз секторлардың саны көбейетін болса, сақтық жасау шараларын қабылдауы мүмкін, сол уақытта қорғалған бағдарламалық құралдар енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |