Сабақ Бөлім: 1 бөлім: Туған жерім -аялы алтын бесігім



бет4/31
Дата27.11.2023
өлшемі1,25 Mb.
#193665
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
6- кл Әдебиет ҚМЖ 1-тоқсан ДҰРЫСЫ 2023-2024 (1) (2)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Аяз би» ертегісі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.2.4.1 -әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу;

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//
уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы
5 минут
Сабақтың ортасы
5 минут

6 минут

6 минут

7 минут
11 минут


Сабақтың аяқталуы


5 минут



Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
Психологиялық көңіл күй тудыру және сыныпты топтарға біріктіру
Ойтүрткі
Ой түрткі
1. «Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа», «Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөздің мәні неде ?
2. Кейіпкеріміз не себепті «Аяз би» деп аталған деп ойлайсыңдар?
1-тапсырма:
Жұптық жұмыс
Бос бағанды толтырыңыз

Жырдың тақырыбы




Әдеби жанры




Негізгі идеясы




Жыр сюжеті






2-тапсырма:
Жеке жұмыс:
Берілген үзіндіден көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтаңыз.
...Аяз би әділ болды. Тура билік етті, нашарларға қарасты. Баяғы өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының маңдайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тоны мен тымағына қарап: «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» - деп, көңілін басушы еді дейді.
3-тапсырма
Ертегіде Аяз би мен Меңді қыздың бейнесі қалай сипаттаған? Сипаттауыңызды көркемдегіш құралдарды қолданып, 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
Қорытындылау
«Аяз би –халық арманынан туған кейіпкер» тақырыбында ойтолғау жазу


«Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Бүгін не үйрендің?

  2. Тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар?

  3. Келесі сабақта қандай мәселелерге көңіл аудару керек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет