Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№1-тапсырма
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіріп береді, жаттығуларды орындатады.
|
«Бабырнама». Түркі мәдениетiнiң асыл мұрасында көптеген аса
құнды еңбектер бар. Соның бiрi – Бабырдың (1483–1530 жылдар) «Жаз-
балары». Ол тарихта «Бабырнама» деген атпен белгілі.
Бабыр «Жазбалары» жанры жағынан мемуарлық әдебиетке жатады.
Басты кейiпкер – автор өзiнiң атынан адамдардан не естiгенi,
өмiрде ненi
көрiп, ненi бастан кешкенi туралы әңгiмелейдi. Шығарма
«Осындай
жылдың
оқиғасы» т.б. тақырыптармен берiлген, бiрiн-бiрi ауыстырып
отыратын оқиғалар шежiресi
сияқты сюжеттерге құрылған. Туынды да ондаған адамдар есiмi, жүздеген үлкенді-
кiшiлі оқиғалар тізбектеліп беріледі. «Жазба-
лар» дәуiрдiң өзiндiк ерекшелiгiн қамтып, сол
кездегi қоғам өмiрiн бейнелейдi.
«Бабырнама» – өз заманындағы тарихи оқиғаларды
мейлінше мол қамтыған, ғылыми құндылығы
жоғары еңбек. Бұл ғалымдар атақты
грек және рим авторлары еңбектерiнiң қатарына
қойған бүкiл ортағасырлық түркi тiлдес әдебиеттегi
аса бағалы шығарма.
|
|