Сабақ Бөлім Өзім туралы Педагогтің аты- жөні



бет18/35
Дата12.10.2023
өлшемі114,72 Kb.
#185129
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
1-сынып 1-2-3-4 тоқсан 472б

Көңілді пойыз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.1.1 музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу.

Сабақтың мақсаты

Екпін және динамикалық белгілер туралы жалпы түсінік алады. «Пойыз» әнін көңіл күйіне қарап орындайды, пойыздың түрлерін ажырата алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1-тапсырма. Зерттеу.
Оқушылардан қандай көлік түрлерін білетіндерін анықтайды. Мысалы, ұшақ, пойыз, тікұшақ, теплоход, мәшине, автобус және т.б. Сапарға шыққанда қандай көліктерге мініп, қандай әсер алғандарын сұрайды. Берген жауаптарды түйіндеп, пойыз туралы әңгімемен жалғастырады.
Тапсырмалар мен сұрақтар:

  • Сыныппен бірге «Теміржол көлігі» туралы бейнетаспа көріп, өз түсінігін айтып беру:

  • Пойыздың қандай түрі бар екенін анықтау;

  • Оқулықта салынған суреттерді талдау және аттарын дұрыс табу.

Мұғалімнің әңгімесін тыңдап, бейнетаспаны көреді, өз ойларын айтады.




«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно – хрестоматия

Балаларға арналған теміржол көлігі, балаларды дамытуға арналған бейнетаспа.



Ортасы

(МК.Ұ.ОТ)
2-тапсырма. Әнді үйрен.
Оқушыларды фонохрестоматия таспасына жазылған жаңа «Пойыз» ән-ойынымен таныстырады (өлеңін жазған: И.Сапарбаев, Әнін жазған: Ж.Тұрсынбаев). Ән үйрету әдістемесі бойынша үйретіледі. Басында мұғалім ән және авторлар туралы мәлімет береді, мазмұны бойынша оқушылармен әңгімелеседі, тағы бір рет тыңдатады, одан кейін әнді үйретуге кіріседі.

  1. Қиындықтан, қиындықтан қашпайық,

«Пойыз» ойын, «пойыз» ойын ойнайық! – 2 рет
Бип-бип, бип-бип, бип....

  1. Мен тепловоз, тепловоз аталам, Астанаға, астанаға бет алам. – 2 рет

Бип-бип, бип-пыш. – 4 рет.

  1. Бірте, бірте бірте, бірте тездейміз,

Тез жетуді, тез жетуді көздейміз. - 2 рет Оо! Оо! О!

  1. Көп қаладан, көп қаладан өтеміз,

Астанаға, астанаға жетеміз.
Тез жетуді, тез жетуді көздейміз. – 2 рет Оо! Оо! О!

  1. Қызық болды-ау, қызық болды-ау, кеп қалдық,

Енді жайлап, енді жайлап тоқталық. – 2 рет
Бип-бип, бух-бух, пыш!
Тапсырмалар?
- Әнді мұғалім талабы бойынша үйрен.
-Әннің мазмұнына және көңіл күйіне қарап, сыныппен бірге мәнерлеп, әдемі айтуға тырыс.
-Бірінші шумақтың «Қиындықтан, қиындықтан қашпайық», «Бип-бип, бип-бип, бип» деген сөздердің ырғағын шапалақтап немесе қарындашпен тақылдатып көрсет.

«Пойыз» әнімен танысады, мұғалімнің айтқан талаптары бойынша үйренеді.




«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно – хрестоматия

Пойыз (ән-ойын) (өлеңін жазған: И.Сапарбаев, Әнін жазған: Ж.Тұрсынбаев).



Соңы

Сабақ соңында оқушылар өздерінің іс-әрекетін рефлексия негізінде бағалайды.
(О) Бағалау. Рефлексия.
-Бүгінгі сабақта мен не білдім?
-Бүгінгі сабақта нені үйрендім?
-«Пойыз» ән-ойынын қалай орындадым?
-Ән-ойынды орындағанда қандай қиындықтар болады?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.

Қойылған сұрақтарға өз ойларын айтады.




«Бағдаршам» әдісі туралы

Сабақты қорытындылау. Рефлексия – презентация онлайн


Оқу ісінің меңгерушісі : Оразымбетов Б.



Бөлім

Саяхат

Педагогтің аты- жөні

Мамырова Аширкул

Күні

04.02.2022ж.

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет