(МК.Ұ.ОТ)
1-тапсырма. Талдау (жалғасы)
(М.О) Бұл тапсырманы ойын түрінде өткізуге болады. Мысалы: оқушыларды үш топқа бөліп, бір-бірімен жарыстыру. Көп ұпай жинаған топқа бірінші орын беріледі, қалған топтар ретімен орналасады.
Жұмбақ:
-Ауыл сыртында сайда жатыр бір айна. (Жауабы: көл)
-Орманда сайрайды, Сайраудан талмайды. (Жауабы:бұлбұл)
-Кезекті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (Жауабы: түйе)
-Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Жауабы:Күн)
(МК.Ұ.ОТ)
3-тапсырма. Тыңдау. Талдау.
(М.О) Оқушылар «Аққу» биін (Н.Тілендиевтің күйі) бейнетаспадан тамашалайды.
М. «Аққу» күйін- атақты күйші, композитор Нұрғиса Тілендиев жазған. Композитор күй музыкасы арқылы көл бетіндегі аққуды суреттеген. Ал осы күйге билеген алты жасар, сендердің құрдастарың Софи Манасян би арқылы аққудың әдемілігін көрсетуге тырысқан.
(О) Сұрақтар:
-Биші қыз аққуды көрсете алды ма?
-Биге қарап, көз алдыңа не елестеттің?
Халық әні – халық арасында кең таралған ән. Әнді шығарған адамның есімі ұмыт болған.
Күй – домбырада орындалатын музыкалық шығарма.
Би – дене қимылымен музыкалық ырғаққа сай көрсетілетін өнер.
|