Басы
|
(МК.Ұ. ОТ)
(М) Әңгімелесу. Сабақ барысында оқушыларды әнге және ән орындау өнеріне қызықтыру үшін шағын әңгіме жүргізгені жөн. Мысалы, мына сұрақтар арқылы балалардың ой-пікірін білуге болады:
- Қандай әндерді білесің?
- Адамның өмірі ән болмаса қызықты бола ма?
- Әнші болғың келе ме?
Бейнетаспа көру. Нұрмұхаммед Жақыптың орындауында «Әке-ана» әнін тамашалайды.
|
Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша мұғалімнің әңгімесіне қосылады, сұрақтарға жакап береді және бейнетаспаны көріп, өз пікірлерін айтады.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия
Нұрмұхаммед Жақып «Әке-ана»
|
Ортасы
|
(МК.Ұ.ОТ)
1-тапсырма. Ән орындау.
Әнші болғым келеді (Өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазған: Т.Тоқжанов, Ү.Ерниязов)
(М) Ән үйрету әдістемесінің талаптары бойынша оқушыларға әнді үйретеді.
1. Елді сүйсынып көреді,
Өлең айтып береді.
Мен өскенде арманым,
Әнші болғым келеді.
Қайырмасы:
Жаттап алам өлеңді,
Аралаймын ел-елді.
Жақсы оқып сабақты,
Боламын мен өнерлі.
Тапсырма мен сұрақтар:
-Әнді басынан аяғына дейін зейін қойып тыңда.
-Ән не туралы?
-Әнді мұғалімнің берген талабына сай үйрен.
-Хорға қосылып, мәнерлеп, көңілді орында.
(МК.Ұ.ОТ)
2-тапсырма. Талдау. Ақпарат іздеу.
(М.О) Бұл тапсырманы оқулықта берілген суреттер немесе суретті үлестірмелі қағаздар бойынша диалог ретінде өткізуге болады.
-Әнді кім шығарады?
Жауап: композитор, ақын
-Музыкалық шығарманы кім орындайды?
Жауап: әнші, домбырашы, пианист.
-Хор мен оркестрді кім басқарады?
Жауап: дирижер.
(МК.Ұ.ОТ)
3-тапсырма. Шығармашылық.
Әнші бала (ән-ойын) (Өлеңін жазған: А.Асылбек, әнін жазған: Ж.Тезекбаев)
Оқушы ойын алдында әннің шумағын сыныппен бірге үйренеді.
Әнді дұрыс, әдемі айту үшін:
-түзу отыру немесе тұру;
-бас пен денені тік ұстау;
-иықты төмен түсіру;
-отырғанда екі қолын тізеге қою, тұрғанда төмен түсіру керек.
|
Әнмен танысады, талап бойынша үйренеді, берілген сұрақтарға жауап береді.
Суретті үлестірмелі қағаздар бойынша сұрақтарға жауап береді.
«Әнші бала» ән-ойынның шартымен танысады, сыныппен бірге ойынға қатысады.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия
Әнші болғым келеді (Өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазған: Т.Тоқжанов, Ү.Ерниязов)
Суретті үлестірмелі қағаздар: Композитор, ақын, әнші, домбырашы, пианист, дирижер
Әнші бала (ән-ойын)
(Өлеңін жазған: А.Асылбек, әнін жазған: Ж.Тезекбаев)
Ән орындау ережесі бойынша түсінік алады. Ән орындағанда сақтайды.
|
Соңы
|
(МК.Ұ.ОТ)
(М.О) Бағалау:
-«Әнші бала» әнін қалай орындадым?
-Әнді орындағанда қандай қиындықтар болды?
Рефлексия. «Бағдаршам»
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.
|
Қойылған сұрақтарға жауап береді
|
|
«Бағдаршам» әдісі туралы.
|