Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану;
1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау;
1.1.2.3 музыкалық аспапатардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу;
1.1.3.4 музыкалық жанрларды білу;
1.1.3.5 түрлі музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау;
|
Басы
|
Педагогикалық ахуал қалыптастыру. Балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлау:
-Жыл сайын отбасың, достарың жаңа жылды асыға күтеді. Өзің де мектептегі Жаңа жыл мерекесіне жаңа ән, жаңа би дайындайсың. Сабақ Жаңа жыл мерекесіне тұтас болғандықтан, музыкалық материал мен тапсырма түрлерін таңдауда оқушылардың қызығушылығына ерекше мән берілуі керек.
1-тапсырма. Орындау.
Мұғалім Л.Хамидидің (өлеңін жазған: Ә.Дүйсенбиев) «Шырша әнінің» бірінші шумағын үйретеді. Белгілі композитор Л.Хамидидің жарты ғасырдан астам уақыт бұрын шығарған «Шырша әні» - бүгінге дейін мектепте шыршаны айнала, қосылып айтатын балалардың сүйікті әндерінің бірі. Әннің әуені тез есте сақталып, орындауда қиындық келтірмейді
|
Оқушылар Л.Хамидидің «Шырша әнінің» бірінші шумағын үйренеді.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,
Фоно - хрестоматия
|
Ортасы
|
2-тапсырма. Тыңдау. Орындау. Оқушыларға тыңдауға және орындауға «Бала тілегі» атты жаңа ән ұсынылады (әнін жазғандар:Т.Тоқжанов, Ү.Ерниязов, өлеңін жазған: О.Сәндібек).
Гармониялық ля-минор тональдылығында жазылған, көңілді, жарқын ән. Әнді орындаудағы қиындық – қайырмасындаға диапазондық шарықтаулар, өтпелі 2-ші октавадағы екі сегіздік до және бір сегіздік ре нотасы. Бұл ән жылдам екпінде орындалып, үнемі жоғары қалыпта қалмайтындықтан, кейбір сыныптарда қиындық туындамауы да мүмкін. Дегенмен үйрену барысында ән қайырмасының бірінші және екінші өлең жолдарын октава төмен түсіріп орындауға болады. Балалар кіші октавағы ля нотасын әдетте орындап жүр. Бірінші сыныпта ересек балаларға қарағанда көмей жоғары орналасқандықтан, кеуделік дыбыс күші әлі қалыптаса қоймаға. Үндері өте нәзік, таза, сыңғыр.
3-тапсырма. Шығармашылық. Мұғалім оқушылармен жұмбақтар шешеді.
Қыс мезгілінде кездесетін ғажайып табиғат көріністерін жұмбақтарды шешу арқылы сипатта.
4-тапсырма. «Әуенді тап» ойыны. Оқушылар шыршаларда ілінген ойыншықтар түріндегі ноталарды әуендетіп, таныс әндерді табады.
|
«Бала тілегі» әнін тыңдап, мазмұнына көңіл бөледі. Бірінші шумағының әуенін үйренеді.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,
Фоно - хрестоматия
|