Басы
|
1-тапсырма. Тыңдау. Талдау.
Оқулықта берілген мәтінді өзі айтып береді немесе жақсы оқитын балаға оқып беруді ұйғарады.
«Қазақ халқының өмірінде ән мен күй ерекше орын алады. Музыка арқылы біз ата- бабаларымыздың тұрмыс салтын білеміз. Музыка адамдардың туған жерге, табиғатқа деген махаббатын жеткізеді Халқымыз балаларға көп ән арнаған. Осындай әндерінің бірі – «Бала уату».
Бала уату
(Қазақтың халық әні)
Әлди-әлди, бөпем-ай,
Әлди әнге салам-ай.
Әлди әнге мен салсам,
Бөпем ұйықтап қала ма-ай?..
Тапсырмалар:
-Бейнетаспадағы көріністі мұқият қарап, әнді тыңда.
-Ән тыңдағанда әуеніне, сөзіне көңіл бөл.
-Өз түсінігіңді айтып бер.
|
Халқымыз балаларға арнап көптеген әндерді мұра ретінде қалдырғаны туралы мұғалімнің әңгімесін және үнтаспаға жазылған «Бала уату» әнін тыңдайды.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно – хрестоматия
Ұлы даланың көне сарындары. 1-том. Әлди-әлди
|
Ортасы
|
1-тапсырма. Тыңдау.Талдау. (жалғасы)
Мәтінді өзі айтып береді немесе бір оқушыға оқытады. «Өмірге жаңа келген сәбиге ата-анасы мен жақсындары шілдехана тойын жасайды. Жастар жиналып, ән айтып, күй тартады, әртүрлі ойындар ойнайды, уақытты көңілді өткізеді. Келген қонақтар «абалның бауы берік болсын» деп тілек білдіреді».
Шілдехана-дүниеге келген нәрестеге жасалатын алғашқы той.
2-тапсырма. Әнді үйрену.
Өзі айтып береді немесе үшінші оқушыға оқытады. «Сәби бір жасқа келгенде аяғын қаз басады. Оған: «Тез жүріп кетсін!», «Жүйрік болсын!», «Бақытты болсын!» -деп жақсы тілектер айтады. «Тұсаукесер» жыры айтылады.
Тұсаукесер жыры
(қазақтың халық әні)
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Тақымыңды жаз, балам!
Қадамыңды санайын.
Тұсаукесер – бала ең алғаш қадам басқанда тез жүріп кетсін деп жасалатын ырым.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-«Тұсаукесер жыры» әнін тыңда.
-Сәбидің тұсауын кім кеседі?
-Тойда ән, би ойындар өткізіле ме?
-Сыныппен бірге кестеге қарап, әнді үйрен, мұғалімнің талаптарын орында.
|
Өмірге жаңа келген нәрестеге жасалатын шілдехана тойы туралы түсінік алады.
Халқымыздың
салт-дәстүрлерінің бірі – «Тұсаукесер» рәсімі туралы біліп, сұрақтарға жауап береді. Мұғалімнің талабы бойынша жаңа ән үйренеді.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно – хрестоматия
Ұлы Даланың көне сарындары. 1-том.
Тұсау кесу жыры
|
Соңы
|
Сабақ соңында оқушылар өздерінің іс-әрекетін рефлексия негізінде бағалайды.
Бағалау.
-Бүгінгі сабақта мен не білдім?
-Бүгінгі сабақта нені үйрендім?
-«Тұсаукесер жыры» әнін қалай орындадым (жақсы, орташа, нашар)?
-Әнді орындағанда қандай қиындықтар болды?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.
|
Қойылған сұрақтарға өз ойларын айтады.
|
|
«Бағдаршам» әдісі туралы
Сабақты қорытындылау. Рефлексия
|