Сөздік жұмысын жүргізеді. Қиын сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Мысалы: қолы епті. Тізбектей оқытады.
Мазмұнына байланысты сұрақ қояды.
Тірек сөздерді табады. Тақтаға жазады.
Оқушылар мазмұнына байланысты қойылған сұрақтарға тақтадағы тірек сөздерді қатыстырып, толық жауап береді.
Оқушылар жеке оқиды.
Сұрақ-жауап.
Әбілхан Қастеев кім?
Ол жастайынан неге әуес болды?
Қой бағып жүріп не істеді?
11. Слайдтан Ә. Қастеев суреттерін көрсету, таныстыру.
Әбілхан Қастеев 1904 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Шежін ауылында дүниеге келген. Үш жасында әкесі қайтыс болып, сегіз жасында байлардың малын бағып, жалшы болады.
Таңертеңнен кешке дейін мал соңында жүріп, туған жерінің тамаша табиғатын көзбен көріп өседі.
Анасы шебер адам болған. Он бес жыл мал баққан. Түрксіб теміржолында күндіз жұмыс істеп, түнде сурет салған.