Сабақ Бөлім: Тіл және сөйлеу Педагогтің аты-жөні: Күні: Сынып



бет212/212
Дата10.03.2022
өлшемі3,02 Mb.
#134915
түріСабақ
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   212
Байланысты:
Ана тілі 1сын ҚМЖ толық

Не?

Нелер?

Кім?

Кімдер?

орындық













ата













гүлдер













бұзау













ана













мақсат













қыздар


















Соңы

Кестеде берілген сөздерге сұрақ қойып, сәйкес келетін сұрақтың тұсына «+» таңбасын қой.

  • Қосымша тапсырма: заттың атын, санын, сынын білдіретін 4 сөз жаз.

Кері байланыс: «Бағдаршам» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.







Топтық тапсырмалар

Кері байланыс

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.
Жасыл түс – барлығын түсіндім.
Сары түс – маған көмек керек.
Қызыл түс – ешнәрсе түсінбедім.

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретке жапсырады.




Кері байланыс тақтайшасы

102-сабақ



Бөлім:

Сөз және оның мағынасы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қайталау сабағы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.5.3 сөйлеу барысында жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерді қолдану;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.2.1 заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану

Сабақтың мақсаты

Сөйлеу барысында жұмбақ, мақал-мәтелдерді қолданады.
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазады. Заттың қимыл-әрекетін, сынын білдіретін сөздерді ажыратып, мағыналарына қарай топтап орынды қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың
кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық дайындық.
«Сендер білесіңдер, ... бірақ сендер білмейсіңдер...» ойыны.

  • Балалар, міне, сендер бір оқу жылын аяқтадыңдар. Санаулы күнде жазғы демалысқа шығасыңдар. Әркім әр жақта демалады, ауылға, басқа қалаларға демалуға барады. Біз бір-бірімізді сағынамыз. Сол үшін қазір қызықты бір ойын ойнаймыз. Ол ойын «Сендер білесіңдер..., бірақ сендер білмейсіңдер...» деп аталады.

Ойынның шартын түсіндіріп, мұғалім өзі бірінші бастап айтады.

  • Балалар, сендер менің мұғалім екенімді білесіңдер, бірақ сендер менің пианинода қалай шебер ойнайтынымды білмейсіңдер.

Оқушы: – Сендер менің есімімнің Кәусар екенін білесіңдер, бірақ менің нағашы ата-апамның ауылының табиғаты қандай сұлу екенін білмейсіңдер.
Осылайша барлық оқушы қызықты әрі жылдам
айтып шығады.

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
Өз есімінен басталатын тілегін дауыстап айтады.

ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау.

Таныстырылым тапсырмалары

Ортасы

Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс.
Жазылым ерекшелігі: дұрыс отырғызу, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қаламды ұстай білуді қалыптастыру.

Парақтағы кеңістікті бағдарлай білу. Жазу жолының жоғары және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтарынан шықпау. Әріптерді байланыстырып жазу.
Көркем жазу.
Лашын, кішкентай
сөздерін көркем жазады.



ҚБ. «Бас
бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.





323



324






  1. жаттығу жазбаша тақтаға (кестеге) орындалады. Ол үшін мұғалім тақтаға кесте сызады. Мұнда балалар заттың сынын білдіретін сөздерді оқып, мағыналарына қарай топтап жазады.

Сынып оқушылары дәптерлеріне жазады.

  1. жаттығу жазбаша орындалады. Жұмбақты бір оқушы дауыстап оқиды. Барлығы іштей оқып шығады.

– Кәне, кім жылдам? Жұмбақтың шешуін кім бірінші табады?
Шешуі: аққу.
Жұмбақтың шешуін алғашқы болып тапқан оқушыны мадақтап, жұлдызша беруге болады. Содан кейін жұмбақты көшіріп жазады. Заттың қимылын білдіріп тұрған сөздерді табады (ашады, шашады). Сұрақ қояды.
Сергіту сәті
Көзге арналған жаттығулар

  • Көзді қатты ашып-жұмамыз – 5-6 рет;

  • жоғары, төмен, оңға, солға;

  • шеңбер бойымен оңға, солға, жоғары, төмен;

  • 1–2 минут көзді жыпылықтату.

3-жаттығу ауызша орындалады. Өлеңді жеке-жеке оқиды. Бірнеше оқушы дауыстап тез әрі жатқа айтады. Заттың қимылын білдіретін сөздерді табады.

1-жаттығу. Заттың сынын білдіретін сөздерді оқып, мағыналарына қарай топтап жаз.
Көзге арналған жаттығуларды жасайды.


3-жаттығу. Өлеңді жаттап, заттың қимылын білдіретін сөздерді табады.

ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау.







4-жаттығу «Соңғы сөзді мен айтамын» арқылы орындалады.
– Балалар, жазғы демалысқа шығуға азғана күн қалды. Ендеше қазір демалысты қалай өткізетіндерің жайлы өз ойларыңды ортаға салыңдар.
Мысалы: Ата-анаң шетелде демаламыз дейді. Сені ауылдағы ата-әжең де күтіп отыр. Өзің қайда барғың келеді?

4-жаттығу. Балалар өз ойларын ортаға салады.










– Ата-әжеңнің ауылы несімен қызықты? Ешқайда бармай, өз үйінде болуды ұнататын балалар бар ма? Сурет бойынша әңгіме құрайды. Оқушылардың пікірлері тыңдалып, қорытынды жасалады.
Шығармашылық жұмыс.
Артық сөзді тапқызады. Неліктен екенін сұрайды.

Сөздердің мағынасына бай- ланысты артық сөздерді тапқанын айтады.









Соңы

«Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін құрастыру»
Барлық оқушыға стикер таратылады. Әр оқушы бір-бір қауіпсіздік ережесін жазып, қауіпсіздік
тақтасына жапсырады.










Кері байланыс

Рефлексия.
Оқушыларға «Ашық микрофон» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді. Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Сабақта өзіңе не ұнады?

Сабақтан алған әсерлерін айтады.

Кері байланыс.
«Ашық микрофон»

Кері байланыс тақтайшасы


325


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет