4.5.«Кім білгір» ойыны
Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер 11 дейсіңдер, мен 345 десем сендер 346 дейсіңдер, т.с.с. Олай болса, қане бастайық
13,21,54,212,10009,1338,66,2999,689,1000,4099
11,25,45,313,11111,1447,77,3999,889,3002,9090
18,32,65,345,10010,1399,89,1899,669,2002,9999
4.6. «Қызықты жұмбақтар»
Физика пәні бойынша
1. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2. Жылдамдықты өзгертеді,
Қоғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қоғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
3 Көп болса асықпайсың,
Мезетте қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
4. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньюонға ол келеді. (Күш)
5. Біз, біз, біз едік,
Бірегей жарқын қыз едік.
Тамашада көп болдық-
Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)
Иформатика
1. Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғы жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)
3.Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта)
5. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тінтуір)
Математика
Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Белгімсі оның кетеді (квадрат түбір)
Екі бұрыш ежелден
Тату көрші болған екен
Бірін-бірі толықтырып
Бір түзуде жатады екен (сыбайлас)
Екі түзу қатар жүріп
Үшіншісін қияды
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес)
Қарама –қарсы қабырғалары
Паралель боп қосылған
Оқыңызшы аталуын
Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм)
Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны біз де (теңсіздік)
4.7.«Мақал –мәтелдер жалғасын тап»
Физика
Түйені жел қозғаса
Ешкіні .... аспаннан ізде (қозғалыс, тербеліс)
Жел соқпаса.... шөптің басы қозғалмайды (күш)
Аузы күйген, .... үрлеп ішер (Кебу)
Ай мен күн ауысты
Тәулікті .... тауысты (жерлің өз осімен айналуы)
Ай жоғары әлемге
Күн жоғары ..... төменге (жарық сәулесі)
Математика
Екі жақса қас болмас
Екі жаман .... ( дос болмас)
Алты жыл аш болсаңда, .... (атаңның салтын ұмытпа)
Жеті жұрттың тілін біл, ... (жеті түрлі білім біл)
Жеті атасын білмеген .... (жетімдіктің белгісі)
Қызға ..... (қырық үйден тию)
Информатика
Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)
Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)
4.8.MS Access – тен тесттік сұрақтар
1. Деректер қоры дегеніміз не ?
A. Арнайы ұйымдастырылған жазулар мен файлдар тізбегі*
B. Арнайы ұйымдастырылған файлдар тізбегі
C. Тізім түрінде ұйымдастырылған жазулар тізбегі
D. Арнайы ұйымдастырылған жазулар тізбегі
2. Access қалай құрылған ?
A. Си тілінде құрастырылған.
B. Деректер қорын басқару жүйесі негізінде құрылған.
C. Деректер қорын басқаруды реляциялық модель негізінде құрылған*.
D. Fun тілі негізінде құрастырылған.
3. Деректер қорының негізгі объектілерін есепте?
A. Кестелер, отчеттар, макростар және модульдер.
B. Кестелер, сұраулар, формалар,отчеттар, макростар және модульдер*
C. Кесте және модуль.
D. Кестелер, сұраулар,формалар,отчеттар
4. Access объектісіне әрекеттерді сипаттау енгізіледі:
A. Отчет
B. Кесте
C. Сұрау
D. Макрос*
5.Қолданушының деректер қоры не үшін қолданылады?
A. атаулы режимде *
B демонстрациялық режимде
C. жасырын режимде
D. арнайы режимде
6. Мектеп оқушыларының есебі туралы деректер қоры жасақталды. Бұл деректер қорында қандай алаң қажет емес?
A. Тегі, аты, әкесінің аты
B. Мектептегі сыныптар саны*
C. Мекен-жайы, үй телефоны
D. Сынып
7. Деректер қоры алаңының сипаттамасына не енбейді?
A. аты
B. типі
C. ұзындығы
D. кілті*
8. Деректер қорымен жұмыс жасау кезінде қандай ұғым қолданылмайды?
A. Ұяшық (тор) *
B. Алаң
C. Идентификатор
D. Кілт
9. Деректер қорында алаң типі (сандық, мәтіндік және т.б.) қалай анықталады?
A. алаң аты
B. алаң ені
C. жолдар саны
D. деректер типі*
10. Деректер қорындағы кілт дегеніміз:
A. Деректерді өңдеуге негізделген арнайы құрылым
B. Нақты объект немесе процесс параметрлерінің бір мәнін сақтауға негізделген деректер қорындағы жай объект
C. белгілі бір параметрлер бойынша деректерді топтау процесі
D. Нақты объектердің типтік қасиеттерін сипаттайтын логикалық түрде байланысқан алаңдар жиынтығы *
11. Деректер қорының негізгі элементі болып табылады:
A. алаң*
B. форма
C. кесте
D. жазу
12. Деректер қоры кесте түрінде берілген. Жазу нені құрайды?
A. кестедегі алаң
B. алаң аты
C. кестедегі жол*
D. ұяшық
13. Сұрау дегеніміз не?
A. Мәліметтерді шығаруға негізделген объект
B. Экранға мәліметтерді енгізу мен бейнелеуге негізделген объект.*
C. Экранға мәліметтерді бейнелеуге негізделмеген объект.
D. Мәліметтерді енгізуге негізделген объект.
14. Форма дегеніміз не?
A. Мәліметтерді енгізуге негізделген объект.
B. Экранға мәліметтерді шығаруға негізделген объект.
C. Мәліметтерді енгізуге негізделмеген объект.
D. Экранға мәліметтерді енгізу мен бейнелеуге негізделген объект.*
15. Отчет дегеніміз не?
A. Құжаттарды өшіруге негізделген объект.
B. Құжаттарды құруға негізделген объект.*
C. Құжаттарды сақтауға негізделген объект.
D. Құжаттарды қағаз бетіне шығаруға мүмкін болмайтын объект.
16. Деректер қорын құру қанша кезеңнен тұрады?
A. 2 кезең: деректер қорын жобалау және мәліметтерді енгізу*
B. 1 кезең: деректер қорын жобалау.
C. 2 кезең: деректер қорын жобалау және мәліметтерді шығару
D. 3 кезең:. деректер қорын жобалау және мәліметтерді енгізу мен шығару
17. Конструктор батырмасын орындауда қандай мүмкіндік береді?
A. Кесте мәтіндерін сұрыптау үшін қолданылады.
B. Кестені анықтауда өзгеріс енгізу үшін қолданылады.
C. Кестеге өзгерістер енгізу мен оларды қарау үшін қолданылады*
D. Кесте мәтіндерін сұрыптау үшін қолданылмайды.
18.Деректерді іздеу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?
A. Правка →Заменить.
B. Правка →Вставить
C. Правка →Копировать.
D. Правка →Найти.*
19. Қазіргі уақытта деректер қорының қанша моделі бар ?
A. 4
B. 3
C. 5*
D. 2
20. ACCESS-те конструктор режимі мүмкіндік береді:
A. Кестені және сұрауды басқару элементтері арқылы қалыптастыру *
B. Файлдық құрылымның мәліметтері
C. Кішіден үлкен мәнге реттелген мәліметтер
D. Түбірлік сөздерді сипаттайтын деректер қоры
21. Сұрау негізінде қалай құруға болады?
A. Жаңа деректер қоры.
B. кестені.*
C. Форманы.
D. Отчетты.
22. Деректер қорынан ақпараттарды шығару қандай құрал көмегімен жүзеге асады?
A. Сұрау.
B. Кесте.
C. Отчет.
D. Кесте және форма*
23. Отчеттің тиімділігі қандай?
A. Деректерді жаңарту.
B. Отчетты жаңарту.
C. Кестелермен байланысқан ақпараттарды енгізе отырып, оларды ыңғайлы жерге орналастыру.*
D. Алаңды жаңарту.
24. Деректер қорының желілік моделі дегеніміз не?
A. Желілікті сипаттайтын деректер қоры
B. Желілік құрылымдағы деректер қоры*
C. 1970 жылы Э.Коддом ұсынған деректер қоры
D. Төменде орналасқан әрбір жазу жоғарыда орналасқан тек бір жазумен ғана байланысты деректер қоры
25. Қолданушы деңгейінде деректер қорының түрі қалай аталады?
A. диаграмма, гистограмма
B. мәтіндік редакторде редакторленген мәтіндік құжат
C. кесте, отчет, форма *
D. графиктік редакторда редакторленген сурет.
V. Қорытынды:
Көңілді болып бұл сабақта,
Қатысушы студенттерге көп рахмет!
Ойын сабағымызды аяқтаймыз.
VI. Баға қою. Студенттердің жинаған баллдары бойынша.
VII. Үйге тапсырма беру. Деректер қорын толық қайталау
«Келісілді»
ОІЖО: Молдасламова А.С
Әдіскер: Байжуманова И.В.
ӘЦКО: Ускина Ж.С
Достарыңызбен бөлісу: |