Сабақ. «Денсаулық еліне саяхат»



Дата01.06.2017
өлшемі228,14 Kb.
#17467
түріСабақ
№59 С.Н.Шапағатов атындағы балабақша.

Валеологиядан қорытынды сабақ.


«Денсаулық еліне саяхат»

(№9-қарлығаштар тобы.)



 

 

 



  Тәрбиеші: Шонаева.Қ.Р

Ақтау-2014

Іс-әрекеттің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Валеология

Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат»

Мақсаты: Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту,Отанын, жерін қорғауды түсіндіру, дене мүшелері туралы түсінік беру, тазалаққа үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа үйрету т.б.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы.


Сәлем сөздің анасы.Балалар біз бүгінгі сабағымызда валеология сабағында өткен тақырыптарды қорытындылап қайталаймыз.Олой болса экранға назар аударайық,валеология елінің картасына қарайық.

 

 



 

 

 

 Балалар денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?Дені сау деп қандай адамдарды айтамыз?



Дұрыс,балалар деніміз сау болу үшін біз пайдалы тағамдарды жеуіміз керек.Қандай пайдалы тағамдарды білесіңдер? Суреттерден пайдалы тағамдарды белгілеңдер?

Қызықты сәт./экранда сайқымазақ шығады./

Армысың алтын күн!

Армысың Жер ана!

Армысыздар қонақтар!

Армысыңдар достарым!

Аман болсын халқымыз,

Заман болсын ең тыныш!

Аман болсын аналар!

Аман болсын балалар!

Көзіміз ауырмаса, басымыз ауырмаса, құлағымыз ауырмаса, аяғымыз ауырмаса онда деніміз сау болғаны. Дені сау адам деп ауырмайтын адамдарды айтамыз?

Іздену ұйымдастырушы.



Сайқымазақ: Балалар біз қазір “Денсаулық еліне саяхатқа шығамыз”. Ол жерде тек дені сау адамдар мен түрлі аң құстар тату-тәтті өмір сүріп жатыр екен. Ол жақта Салауат деген атай тұрады. Ол алдына келген барлық науқастарды емдеп, жазыпжібереді екен.

 Тәрбиеші: Балалар Салауат атай туралы білгілерің келе ме?

 Салауат атай ол дәрігер адам. Ол алдына келген барлық науқастарды емдеп жазып жібереді. Мына суретте аюдың қолы, түлкінің аяғы, үйректің қанаты ауырады екен. Олар Салауат ағайға ем іздеп келіп жатыр. Ал маймыл болса ағайдың көмекшісі екен. Ол алдына келген науқастарды рет-ретімен, кезегімен жіберіп көмектесіп тұр екен.

Ал, мына жерде бір топ құстар: Тоқылдақ, үкі, торғай, тотықұс, кептер, үндік, тіпті ала қарға да келіп Салауат атайға өзінің алғыстарын айтқалы келіпті.

 Балалар қараңдаршы мына аң, құстар бізді тектен-тек Салауат атаймен кездестіргісі келмей отыр. Олар бізге бірнеше сұрақтар қоямыз дейді. Егер сол сұрақтарға жауап берсек біз Салауат атаймен кездесе алады екенбіз.



1-тапсырма Қонжық:

Денсаулық туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

Жарайсыңдар, балақайлар,бірінші тапсырманы орындадыңдар! . 

2-тапсырма Қоян:

Дәрумендерді қайдан аламыз?

Жеміс-жидек, көкөністер қайда өседі? Мына жемістерді атаңдаршы?

Мына жидектерді атаңдаршы:

Мына көкөністерді атаңдар:
 

 

Осы жеміс-жидектер мен көкөністерде қандай дәрумендер бар?



Менің соңымнан қайтала.

 Есіңде сақта: Егер денсаулығың мықты болсын десең әрдайым жемістер мен көкөністерді жеп жүру керек.

 

 Жемістер мен көкөністер туралы қандай тақпақтар білесіңдер?



Қане кім айтады?

 

 Керемет, балақайлар, сендер 2-кезеңненде жақсы өттіңдер.



Енді балалар ормандағы достарымызбен бірге сергіту жаттығуын жасап сергіп алайық.

3-тапсырма /Қарға/

Дене мүшелері

туралы жұмбақ шеше

аласыңдар ма?

1 Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін?

 2 Екі шырақтың ортасында бір өзім?



3 Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың?

4 Денесі жұмсақ сүйрік?

5 Бунақты көсеу, тармағы бесеу

Жарайсыңдар балалар!

3-тапсырманы орындадыңдар!

4-тапсырма /Тоқылдақ/.

Тазалық денсаулық кепілі.



Асан мен Үсен алма жегілері келгені соншама бақшаға барып алма теріп әкелді. Асан алманы жумастан жеп жатыр, ал Үсен болса алманы жуып жеп жатыр.

Осы жерде Асан мен Үсеннің қайсысының әрекеті дұрыс?

/үлестірмелі материалмен жұмыс/



Егер алманы жумай жесеңдер мына суреттегідей микробтар жәнетүрлі құрттар ішкі ағзаға еніп түрлі ауру тудыруы мүмкін еді. Сондықтан жеміс-жидектермен көкөністерді әрдайым жуып жеу керек 

Балалар, сендер барлық сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Енді саяхатқа шығуларыңа болады. Жолдарыңыз болсын!

Тәрбиеші: Балалар, Сіздер аң-құстардың барлық сұрақтарына жақсы жауап бердіңіздер. Олар біздерге жолға шығуымызға келісімдерін беріп сәт сапар тіледі. Ал, балалар сендер жолға шығуға дайынсыңдар ма?

/балалар әуен жетегінде саяхатқа шығады.

«Денсаулық еліне қош келдіңіздер!»

Денсаулық елінде Салауат атай қарсы алып, балаларға дене мүшелері туралы түрлі сұрақтар қойып, «Мен атаған нәрсені көрсет» атты ойынын ойнатады.

Екі көзің не үшін керек?

-Екі қолың не үшін керек?

-Құлақ деген не үшін керек?

-Тіл мен жағың не үшін керек?

 Суретке назар аударады. Сайқымазақтың сөзін мұқият тыңдайды.



 




1 Бас аманда мал тәтті,

Бас ауырса жан тәтті.

 2  Жасырғанның жарасы асқынады.



3 Дені саудың жаны сау.

4Қотырды қаси берсең қаны шығар,

Киізді қаға берсең шаңы шығар.

 1 Жеміс-жидек, көкөністерден.

 2 Бау-бақшада.

 Жүзім. Алмұрт. Алма. Банан.

 Өрік,Анар. Ананас. Апельсин.

Құлпынай, шие, бүлдірген.

Қауын, қарбыз, бұрыш, қызанақ, картоп, қияр, сәбіз, т.б.

 Лимон, апельсинде-С-дәрумені бар,



- Алма, алмұртта- В-дәрумені бар;

-Бұрышта-В-дәрумені,

-Қызанақта-А,В-дәрумендері

-Сәбізде-А-дәрумені

-Пиязда-А,В,С дәрумендері бар.

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын. 

Көзден жасты шығарып, 

Тұмаудан бір сақтаймын.

 Доп-дөңгелек сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасың көріп,

Оның аты-өрік.

Сергіту сәті.

 

 (Көз)



 

(Мұрын)

(Құлақ)

(Тіл)

(Қол мен саусақ)

 


Тәрбиешімен бірге балалар

«Денсаулық» еліне саяхатқа аттанады.

 

Жақсыларды көру үшін.



-Елге көмек беру үшін.

-Ақыл кеңес тыңдау үшін.

-Ақиқатты айту үшін.

Ойын ойнап балалар қоштасып «Денсаулық елінен» қайтып оралады.


Рефлексивті-

коррекциялаушы




Денсаулық туралы қарапайым ережелерді есте сақтаңдар, менің соңымнан қайталаңдар.



Балалар тәрбиешімен бірге

ережелерді қайталайды.

 - күніне кем дегенде 2 рет тіс жуу керек.



- Ұқыпты таза жүру керек.

-Әрдайым спортпен шұғылдану керек

-Дұрыс тамақтану керек.

-Күнде жуынып жүру керек.

-Әрдайым жеміс-жидек, көкөністерді жуып жеу керек.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Денсаулық сақтау үшін таза, ұқыпты жүру керек.

Әрдайым таза, табиғи өнімдерді жеу керек.

Дұрыс тамақтану керек.

Болуы керек: Баланың естеу сақтауы, зейіні, ойлауы, тілді-сөздік қоры,

байланыстыра сөйлеуі т.б.

Қолынан келуі: Сұрақтарға жауап беру.

- Суреттерді әңгімелеу

- Берген тапсырмаларды орындау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет