Сабақ үдерісінің кезеңдерінде қолданылуын талдау жасаңыз р/с Кері байланыс әдістері Сабақ үдерісінде қолдануы


Кері байланыстың формалары мен әдістері



бет2/3
Дата22.12.2021
өлшемі26,06 Kb.
#127506
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Рефлексия кері байланыс 05.12.2021

Кері байланыстың формалары мен әдістері


  • Жазбаша түсінік беру

  • Бақылау

  • Сұрақ-жауап /Блиц-сұрақтар/

  • Жаппай /фронтальды/ сұрау

  • Кері байланыс күнделігі

  • Өзін-өзі бақылау дәптері

  • Бір минуттық эссе т.б


Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда  reflexio- кейінге  айналым мағынасын  білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. «Рефлексия- адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі. Иә, бұл қасиет бойымызда бұрыннан бар деуге болады. Күнде кешкілік  бүгінгі ісімізді, айтқан сөзімізді ойша шолып, есеп беріп, ертеңімізге жоспар құрып аламыз. Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ  бөлімдерінен кейін және  тарау соңында  жүзеге асыруға болады. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Сабақта қолданылатын рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Рефлексия сөзі латын тілінде reflexio-кейінге айналым мағынасын білдіреді. Ал педагогика саласында рефлексия сөзі іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі дегенді білдіреді. Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушылардың өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындаған іс-әрекетін зерделейді және соның нәтижесінде келесі сабақ жоспарын құру барысында қолданған әдіс-тәсілдерінің тиімді немесе тиімсіз болған тұстарын ескере отырып жоспарлайтын болады. Оқыту барысында рефлексияның әртүрлі формаларын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соңында асығыс атқарыла салмай, оқушыға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс. Менің ойымша бастауыш сынып оқушыларына өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу сияқты рефлексия түрлерін қолдананған тиімді, ал орта және жоғары сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, эссе жазу сияқты рефлексивті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Мұғалім рефлексияны оқушының өткізген уақыты, орындаған жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі, ол жайлы қағазға түсіріп немесе басқаша суреттей алатындай етіп психологиялық ахуалды ескере отырып жасау керек. Рефлексияны әртүрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ бөлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады. Олар өз-өзіне рефлексия жасау түрінде, топтық рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.

Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:


I.Мақсатына қарай: Эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы, іс-әрекет рефлексиясы және оқу материалының мазмұнының рефлексиясы деп бөлінеді.
ІІ. Мазмұнына қарай:Ауызша және жазбаша деп бөлінеді. ІІІ. Тұлғалық: Физикалық (үлгердім-үлгермедім) және сенсорлы (қызықты-қызықсыз), рухани (жақсы сезіндім –жаман сезіндім) және интелектуалдық (түсіндім-түсінбедім) деп бөлінеді.
ІV. Сабақтың түріне қарай: ББД қалыптасуынан кейін, аралық рефлексия, бақылау рефлексиясы және қорытынды рефлексия деп бөлінеді.

1. Өту әдісіне қарай: Анкета, сұрақ, кесте, жағдаят, сурет және симбол деп бөлінеді.

VІ. Іс-әрекетіне байланысты:

Фронталды, жеке, топтық және ұжымдық деп бөлінеді.



Сабақта қолданылатын рефлексия түрлері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет