Күні,сыныбы
пәні
|
22.02.16 ж. 7 «Ә» Әдебиет
|
Тақырыбы
|
Қ.Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын» балладасы
|
Мақсаты
|
Балладаның мазмұнына талдау жасай отырып, идеясын ашу
|
Жалпы мақсат
|
Қ. Бекқожиннің шығармашылығына жалпы шолу жасау; баллада туралы түсінік беру; оқушылардың сыни ойлауын дамыту.
|
Күтілетін нәтиже
|
Кейіпкерлерге мінездеме беріп, оны өз ойымен корытындылай білуге дағдыланады. Балладаның композициялық құрылымын игереді. Әдеби талдау жасайды, шығармашылық ойы дамиды. Әдеби тілмен сауатты сөйлеуге және кейіпкерлерге баға беруге үйренеді. Сөз құдіретін сезінеді.
|
7 модульдің қолданылуы
|
АКТ, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Блум таксономиясы, «Екі жақты түсіндірме күнделігі», «Еркін жауап»стратегиясы, «Синквейн», «Проблемалық сұрақтар», «Ұйқасын тап» ойын әдісі
|
Қолданылатын ресурстар
|
маркерлер, стикерлер, қима қағаздар, смайликтер, бейнебаян, слайд
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Жағымды ахуал туғызады. Өлең жолдары арқылы топқа бөледі.
Смайликтермен бағалау әдісімен бағалау үшін смайликтер таратып береді.
|
Топқа бөлінеді. Смайликтер арқылы және қимылмен топтар бірін-бірі бағалап отырады.
|
Қызығушы-
лықтарын ояту
|
Ана тілі тақырыбында өлең оқиды.
Өтілген материалдар бойынша білім тексеру үшін «Жетіқарақшы» ойынын пайдалану арқылы сұрақ- жауап сәтін өткізеді. Интербелсенді тақтада 7 сұрақ көрсетіледі. Жеті сұраққа жауап берілген сәтте тақтада «Жетіқарақшы» суреті пайда болады.
7 санының сыры туралы сұралады.
|
Мұғалім берген тапсырманы орындайды. Сұрақтар мен тапсырмалар интербелсенді тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді.
|
Түсіну
|
Іздену тапсырмалары сұралады. Ақын Қ.Бекхожин туралы бейнебаян көрсетіледі. Ақынның шығармашылығына шолу жасалады.
|
Ақын Қ.Бекхожиннің өмірі мен шығармашылығы туралы презентация жасайды.
|
Қолдану
|
Ақсақ Темір туралы бейнебаян көрсетіледі.
Балладаның мазмұны «Блум таксономиясы» әдісі арқылы сұралады.Балладаға әдеби талдау жасау мақсатында мұғалім ашық және жабық сұрақтар қояды. Оқулықпен жұмыс жасатады.
|
Мұғалімді тыңдап, қойылған сұрақтарға ұтымды жауап іздейді, оқулықпен жұмыс жасайды, өз ойлары мен пікірлерін ауызша айтады.
|
Талдау
|
Сабақты бекіту тапсырмаларын таратып береді.
«Жақсылық пен жамандық» туралы аңыз әңгіме айтады.
|
Берілген тапсырманы жұптасып, топтасып талқылап, жауап береді. Жұптық жұмыс
1-топтағы 6 оқушы жұптық жұмыс жасайды. Балладаның композициялық құрылысына талдау жасайды. Қалған 1 оқушы осы тапсырманы өзі интербелсенді тақтада орындайды.
2-топ. Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасайды.
3-топ. Өлең жолдарына сәйкес мақалдар табады.
Сыни тұрғыдан ойланады, «Жақсылық пен жамандық» туралы аңыз әңгімені түсініп, талдайды, өз ойларын ортаға салады, пікір айтады. Ақсақ Темірдің жақсы-жаман қасиеттерін салыстырады.
|
Сергіту сәті
|
Жұлдыздарға саяхат жасау. Түнгі аспан әлемінің сиқырлы сұлулығы, «әр адамның өз жұлдызы болады...» деген адамдардың сенімі туралы және «Жұлдыздарың әрқашан жоғары болсын!» деген тілек айтады.
|
Интербелсеңді тақтада әдемі әуен ойналып, аспан әлемінің ғажайып суреттері көрінгенін оқушылар көздерін жұмып отырып сезінеді. Ойша өз жұлдыздарын таңдайды.
|
Дәптермен жұмыс
|
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады.
Тапсырмаларды түсіндіреді, көмектеседі, тексереді.
|
Шығармашылық жұмыс түрлерін жазады
Оқушылар жұмыс түрін өздері таңдайды
1. Синквейн әдісімен «Ақын» сөзіне өлең жазады.
2.«Екі жақты түсіндірме күнделігін» толтырады.
3. «Ұйқасын тап» ойыны арқылы өлең құрастырады.
Тіл құдіретін............
Сөздің қырын жаныған.
Хафиз ақын шындықты
Артық көрген ..........
|
Жинақтау
|
1.Еркін жауап стратегиясы
Ақынның баллада жазудағы мақсаты орындалды ма?
Баллададан қандай ой түйдіңдер?
Ақсақ Темір бойындағы қандай қасиеттерден үлгі-өнеге алар едіңдер?
2.Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты өлең жолдарын оқиды. «Ұйқасын тауып көрейік...»
Жорықтар жасап небір,
Тарихта қалды......
Талайға жасап қастандық
Ақынға берді ..........
Темірге долы.....берген,
Ақынға жүйрік....берген.
|
Жылдам ойланып нақты жауап іздейді.
Өз ойларымен бөліседі.
Толық оқылмаған өлең сөздерін тауып, ұйқаспен толықтырады.
|
Қорытындылау
|
Бөлтірік шешеннің сөзімен қорытындылайды.
Үйге тапсырма береді:
1.Оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындау.
2.Шығармашылық тапсырма «Өнер алды-қызыл тіл» тақырыбына эссе жазу
3.С.Шаймерденовтің шығармашылығымен танысу.
|
Тыңдайды, түсінеді, үйге берілген тапсырманы жазып алады.
|
Бағалау
|
Мұғалім алдымен жеке оқушыларды бағалайды. Осы арқылы белсенді топты және бүгінгі сабақтың көшбасшысын анықтайды.
|
|
Рефлексия
|
Оқушыларға стикер толтыруды ұсынады.
|
Бүгінгі сабақтан алған әсерін,сабақ туралы ой-пікірлерін жазып, тақтаға іледі.
|