Әлеуметтік және жас ерекшелік
Педагогикасы кафедрасының
«ПМНОк92» студенті
Маматжанова Диана
Педагогикалық практикалық есебі
Әр түрлі екі оқушыға психолого-педагогикалық мінездеме құрастыру (И.И. Болдырев әдістеесі бойынша)
Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясының 1 «В» сынып оқушысы Кебек Дианаға
Мінездеме
Кебек Диана 2014 жылы 23 қыркүйекте Көкшетау қаласында дүниеге келген. Диана сабақ үлгерімі өте жақсы, өте тәртіпті, ұқыпты,ақылды, ашық мінезді, кластастарының арасында сыйлы. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола біледі. Сабаққа,мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды тез шеше біліп, қолдау көрсетуге дайын тұрады. Оқу барысында білім деңгейі өте жақсы, себебі көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді. Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады. Математикадан сандарды оқып, қосып және азайтып алады. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау, анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған Диана бос уақытында көркем жазу жазғанды, оқығанды жақсы көреді. Сабақ кезінде мұқият тыңдап тез іліп алады. Сыныптастарының алдында беделді. Мұғалім тілін алады. Үй жұмыстарын қалдырмай орындап келеді. Үйде кезінде анасына жақсы жәрдемші. Анасына үй жұмыстарда көмекші. Тазалықты жақсы көреді. Диана қазіргі күнде көркемөнер курсына барып жүр. Болашақта суретші болғысы келеді екен. Диана болашақта елге адал қызмет ететін азаматша болып өсетініне сенеміз.
Әр түрлі екі оқушыға психолого-педагогикалық мінездеме құрастыру (И.И. Болдырев әдістеесі бойынша)
Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясының 1 «В» сынып оқушысы Тілеген Нұралиға
Мінездеме
Тілеген Нұрали 2014 жылы 11қарашада Көкшетау қаласында дүниеге келген. Нұрали өзіне берген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады. Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Сыныпта қоғамдық жұмысқа үнемі қатысып отырады. Оқу үлгерімі мен белсенділігі де өте жақсы. Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып, сұрақтарына жауап беріп отырады. Сабақты себепсіз босатпайды.Өз бетімен де жұмыс жасайды. Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады. Нұрали бос уақытында түрлі үйірмелерге барады.Жүзумен айналысқанды жақсы көреді. Қазіргі күнде жүзу үйірмесіне барып жүр. Нұрали барлық пәндерден жақсы. Тілеген Нұрали алдағы уақытта елін сүйер, Отанға адал еңбек ететін, сенімді азамат болатынына үміт артамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |