1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.2.5.1. Қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен сипаттау
Барлық оқушылар орындай алады: Таныс емес сөздерді тыңдайды, жаңа сөздерді хормен қайталай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сөздерді түсінеді жəне оған сəйкес дұрыс əрекет ете алады (білімін көрсетеді).
Жақсы мен жаманды ажырата біледі.
Кейбір оқушылар орындай алады: Өз досын суреттеп айта біледі.
Суретке сәйкес ауызша сөйлемдерді құрайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады: Сөздерді қатесіз айта алады. Қарапайым сұрақтарға жауап бере алады.
Өз досын суреттеп айта біледі.
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Дос, достық, көп, жақсы,жаман, адал, нашар.
Талқылауға арналған сұрақтар: -«Дос» деген ұғымды қалай түсінесің?
-Достар қандай болу керек?
-Сенің досың бар ма?
-Сен жақсы доссың ба?
Ишара: Оқушыларға көмек көрсету, «жарайсың», «бәрекелді» деген сияқты сөздермен оқушыларды қолдап отыру.