Сабақ: Еңбекқор ара Мектеп: №10 Күні: 25. 04. 2017



бет4/5
Дата27.07.2017
өлшемі489,45 Kb.
#22009
түріСабақ
1   2   3   4   5

Арамен емдеу

Арамен емдеу медицина ғылымында «Апитерапия» деп аталады. Отандық дәрігер, апитерапия маманы А. Құрманбаевтың берген мәліметтеріне сүйенсек, арамен емдеуге араның балы, прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы және емдік әсері өте күшті сүт жатады. Ал ара уының құрамында адам ағзасы үшін пайдалы түрлі ферменттер мен аминқышқылдары және милитин бар. Апитерапия арқылы көптеген ауруларды, соның ішінде ревматикалық полиартрит, артрит, ревматизм, жүйке аурулары, остеохондроз, остеопороз, псориаз, ішкі құрылыс, буын аурулары, колит, асқазан жарасы, холецистит секілді ауруларды емдеуге болады. Негізінен емге жұмысшы аралар пайдаланылады. Ара уының шипасы бүгінгі күні толық дәлелденген.



Бал арасының үш тобы

Ара – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, ор-та буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады.



 

Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады.

Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай – ақ балауыз шығаратын балауыз безі болады.

Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мың-даған жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығар-ту, ұя салдыру, балапан құрт-тарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай – ақ, қорғау міндетін атқарады.



Еркек араның бірден – бір міндеті – ара патшасымен шағылысу. Араның бөліп шығаратын балауызы, улы сұйық-тығы, балы дәрілікке жасалады.

 

Жинау мен өңдеу – жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрілікке жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлей-ді. Бал ақ және сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады. Балы – тәтті, дәмді, усыз болады.

Әлемнен тірнектеп жинай отырып: Аралар туралы

«Ара» сөзін естігенде адамдардың көпшілігінде шамамен бірдей ассоциация туындайды. Кейбіреулерде балалық шағында   ұқыпты  май жағылған ақ нанның үзігі, тәтті әрі дәмді балмен байланысты позитивті ойлар болады. Басқалар балдың миллиондаған пайдалы қасиеттерін және оны суық тию, баспа және ауырған азғаның жағымсыз жағдайларында қолданудың мыңдаған тәсілдерін есіне түсіреді. Үшіншілер үшін ара шағып алады деген қорқыныш тудырады.

Сонымен қоса, бүгінде біздің экожүйемізді бұл жәндіктерсіз елестету қиын. Олар гүлдейтін өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды роль атқарады.Апологиямен айналысатын адамдардың пікіріне қарағанда, аралар туралы ғылым дәл осылай аталады, бүгінде аралардың 20 мың түрі бар екен. Олар біздің ғаламшарымыздың барлық бұрыштарында мекендейді, әрине, Антарктидадан басқа. Аралар шірне және тозаңмен қоректенеді. Аралардың жалпы құрылымы, олардың сыртқы түрі туралы біз биология бойынша мектеп сабақтарынан, сонымен қатар жазғы бақтағы қарапайым бақылаудан білеміз. Сонымен қатар бұл керемет жәндіктер түрлерінің абсолюттік көпшілігі өте аз зерттелген.

Аралар жоғары ұйымдастырылған жәндіктер болып табылады. Мысалы, қоғамдық аралар бір-бірімен хабарласа отырып тамақ, су іздейді, бірге жаудан қорғанады. Олар бірге ұя жасайды, ұрпағын өсіреді. Әрине, жеке өмір сүретін аралар да бар. Олардың ішінде патшайымдары, жұмыс аралары және арамтамақтары да бар. Барлығы адамдарда сияқты ғой, рас па?

Аралар адамдармен өте ерте уақыттан бері бірге өмір сүріп келе жатыр. Әрине, оларға қатыстылардың бәрі аңыздар мен мифтер тудырды. Мысалы, ежелгі Египетте қайтқан адамның жаны ара түрінде бұл дүниеден көшетініне сенімді болған. Грекияда бір уақыттарда Олимп құдайлары ең тәтті шәрбартпен қоректенеді деп сенген, ал жоғарғы құдай Зевсті балмен тамақтандырған.

Аралар туралы қасиетті жазуларда да айтылады: Библияда және Құранда. Мысалы, Библия патшасы Соломон: «Араға бар да, оның қандай еңбекқор екенін, оның қандай құрметті жұмысты атқаратынын біл, оның еңбегін денсаулық үшін патша да, қарпайым адамдар да тұтынады; оның күші аз болса да, даналығымен құрметтеледі, оны бәрі жақсы көреді және ардақтайды», -деген екен».

Құранда тұтас бір сүре араларға арналған: «Сенің Тәңірің араны: «Тауда, ағаштарда және құрылыстарда үй тұрғыз. Ал содан кейін барлық жемістермен қоректен де, өз Тәңіріңнің қолың жететін жолдарымен жүр»,-деп иландырған. Аралардың іш құрылысынан  адамдарға сауықтыру әкелетін әр түрлі гүлдердің сусыны шығады. Бұның ойлы адамдарға белгі екені ақиқат».

Араларға мұншалықты баса назар аудару оларды әрбір адам үшін тым таныс етуі тиіс. Бірақ біз бұл керемет жәндіктер туралы білеміз деп сендіре аламыз ба?

Сіздерге аралардың өмірінен тек кейбір қызықты деректерді ғана келтіре аламыз.

Аралардың адамдардан 60 мың жылдан астам үлкен екенін білесіздер ме?

Аралар дәл математикалық есептер жүргізуге қабілетті ерекше сәулетшілер болып табылады. Олар салған ұялар ең мықты құрылыс, ал олардың көлемінде таң қаларлық дәлдік сақталған.

Аралардың иіс сезу мүшелері адамдарға қарағанда 1000 есе күштірек және иттерге қарағанда аса нәзігірек.  Олар жүктердегі жарылғыш және нашалық  заттарға  тексеру үшін пайдаланыла алады. Қазіргі уақытта эксперимент арқылы аралардың оқиғалардың 99 пайызында жарылғыш заттарды анықтай алатыны  белгілі болды.

Аралар өз өмірлерін 5-6 рет ұзартуға қабілетті. Мысалы, отбасы мүшелерінің өмірін сақтау қажет болған жағдайда.

Аралар өте еңбекқор. 100 гр бал дайындау үшін бір ара 46 мың км ұша алады. Сонымен қатар белгілі түрлері өз салмағынан бірнеше есе асып кететін жүкпен ұша алады.

Аралардың жауларының көптігі таң қалдырады. Омартаға кіретін жерде үнемі күзетші тұрады. Бөтен ара бөгде омартаға кіре алмайды. Күзетші аралар бөтендерді иісі бойынша бірден таниды.

Омартада  ара «дөңгелек» биді орындай отырып, билейтін сияқты көрінеді. Бұл егер ол омартадан шамалы қашықтықта қорек тапқан жағдайда болады. Бидің басқа түрі - «бұлаңдау» алысырақ қашықтықтағы қорек көзі туралы айғақ береді.

Араларда мүлтіксіз навигациялық жүйе бар. Ара ұядан 8 километрге дейін ұша алады және кері қарай қателспейз ұшып келеді. Сонымен қатар пайдалы ұшудың қашықтығы екі километрден аспайды.

Кейде ара тобы 8 килограмға дейін жетуі мүмкін. Мұндай топтарда 60 мың араға дейін болуы мүмкін. Сонымен қатар топта әдетте жиында ұшатын аралардың 20-30 пайызы ғана жұмыс істейді, олар 400 гр обножка әкеледі.

Енді қорытындысында, жапон омарташылары өмірінен керемет дерек. Мәселе жапон омарташылары нақты еуропалық араларды өсіруге тырысатыныда. Еуропалықтар жапондық тектестерге қарағнда балды көп шығарады деп есептеледі. Сонымен қатар еуропалық аралар жапондық бүгелектердің шабуылына жиі ұшырайды. Егер дарақ минутына қырыққа дейін араны өлтіре алса. Бүгелектерге тек қана жапон аралары ғана қарсы тұра алады. Жапон араларының бірнеше жүздігі бүгелектің айналасына шумақтала жиналады да, бұлшық еттерімен жұмыс істей бастайды. Осының арқасында құрылған шардың айналасындағы ауа 47 градусқа дейін қызады. Бүгелек 46 градусқа дейін ғана қыздырады да, қызудан өледі.

Міне, аралар әлемі осындай таң қаларлық болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет