Сабақ: әдебиет Мектеп: №187 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебі Күні



бет1/2
Дата13.11.2022
өлшемі3,15 Mb.
#157972
түріСабақ
  1   2

Сабақ жоспары 

Сабақ: әдебиет

Мектеп: № 187 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебі

Күні: 

Мұғалімнің аты-жөні: Қалмұратова Жақсыгүл Әшірбековна

Сынып: 5

Қатысқандар: 25

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О1 Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну,анықтау.
Т/Ж1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы орындай алады:
1.Ертегінің түрлері туралы біледі.
2.Ертегінің мазмұнын біледі,кейіпкерлерін ажырата алады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
1.Ертегіні оқып.түсініп мазмұнын айтады.
2.Болжамдарын ертегінің толық нұсқасымен салыстыра алады,Кендебайға мінездеме
береді.
Кейбір оқушылар орындай алады:
1.Тақырыбы мен идеясын біледі.
2.Өз ойларын тұжырымдай алады..

Бағалау критерийі

1.Шығарманың мазмұнын түсініп,жай сөйлемдермен жеткізеді.
2.Кендебайға мінездеме береді.
3.Шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясын түсінеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Хан, арыстан, тақырып, идея, әдебиет, ертегі, эпос.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Тазша бала, алтын құйрықты құлын, жеті басты дәу, жалмауыз кемпір.

Талқылауға арналған сұрақтар:
Ертегі дегеніміз не?

Құндылықтарға баулу

Ертегі кейіпкерлері арқылы ерлікке, адалдыққа, батыр да жүректілікке баулу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, музыка

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ертегі туралы біледі, түрлерін ажырата алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
2- минут
3- минут

Сабақтың ортасы


10-минут

5- минут


8- минут

2-минут


Сыныпқа психологиялық жағымды ахуал туғызу.
«Жүректен жүрекке» арқылы оқушылар бір-бірінің көздеріне қарап тұрып, жылы сөздерін айтады.


Топқа бөлу
Ертегінің түрлері арқылы топқа бөлу. Ортаға тасталған суреттер бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді.



І топ. Қиял-ғажайып
ІІ топ. Шыншыл
ІІІ топ. Хайуанаттар
Миға шабуыл
«Бір минут..»әдісі арқылы сұраймын.
Бір оқушы ертегі туралы, оның түрлері туралы айтады. Бір сөзді қайталағанына, кідіріске немесе жіберген қателігіне байланысты тоқтатып, тізгінді келесі оқушы әрі қарай жалғастырады. Бұл 1 минут ішінде болады.
Жаңа сабақ.
Оқушыларға жаңа сабақ барысын түсіндіріп,тақырып пен идеяны ашып түсіндіремін.

Дәптермен жұмыс жүргізу.Оқушылар ертегі ішінде кездесетін сөздермен танысады.


«Сиқырлы таяқша»әдісі арқылы сұраймын.


«Жұлдызша» арқылы формативті бағаланады.


Оқулықпен жұмыс.
Топтық жұмыс.
Тапсырмалар:
1-топ: Ертегіде кездесетін құлан, құралай, сауыт-сайман сөздерінің мағынасын түсініп, осы сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрап жазу.
2-топ: Кендебай қандай адам? Төмендегі сызба көмегімен басты кейіпкеріміздің образын сипаттау.



3-топ: «Керқұла атты Кендебай» ертегісін қандай ертегі қатарына жатқызамыз? Ойымызды дәлелдейік.


«Ойлан, жұптас, пікірлес»әдісі арқылы сұралады.



«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалаймын.


Сергіту сәті. Айгерім Қалаубаеваның «Ертегілер әлемі» өлеңі арқылы қимыл-қозғалыс жасату.


Суреттер

Аудио
мәтін


«Жұлдызша»
суреті

Оқулық


«Екі
жұлдыз,
бір тілек»
суреті

6 -минут

1 минут




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет