Сабақ Әдебиеттік оқу 3сынып Тақырыбы: Ол ақын болар ма еді? Өткізген: Измағамбетова Н. А еркінқала орта мектебі Әдебиеттік оқу 3сынып Сабақтың тақырыбы: Ол ақын болар ма еді?



Дата27.12.2016
өлшемі33,62 Kb.
#5403
түріСабақ
Ашық сабақ

Әдебиеттік оқу 3сынып

Тақырыбы: Ол ақын болар ма еді?

Өткізген: Измағамбетова Н.А

Еркінқала орта мектебі

Әдебиеттік оқу 3сынып

Сабақтың тақырыбы: Ол ақын болар ма еді?

Сабақтың мақсаты:1.Осы тарау тақырыптарын жалғастыра оқыту арқылы батырлар және тарихи тұлғалар ерлігі жайында кеңейтілген түсінік беру.Жазушы Коммунар Табейдің суреттеуі арқылы, әңгіме барысындағы әке-шешесінің еске алуы арқылы Қайраттың бейнесін, оның ерлігін оқушылардың танып-білуіне жағдай жасау.

2. Халқымыздың тарихынан тағылым бере отырып, баланың бойындағы патриоттық сезімінің оянуына,Отанды қорғау,сүю сезімдерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу.

3.Оқушының тіл байлығын арттыру,байланыстыра сөйлеуге дағдыландыра отырып, өз ойларын жазбаша немесе сурет арқылы сипаттауға нұсқау беру.

Көрнекілігі:Қ.Рысқұлбековтің портреті,интербелсенді тақта, слайдтар,газет-журналдар.

Сабақтың әдісі: талдау- жинақтау, сұрақ – жауап көрнекілік, баяндау.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Жүру барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

1.Оқушы назарын сабаққа аудару.

-Балалар,мен бүгін сендермен тағы да кездескеніме қуаныштымын. Біздің бүгінгі кездесуіміз ерекше жағдайда өткелі тұр. Арамызда қонақтар бар.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ. 1 слайд. 1. Ой қозғау.Сөзжұмбақ шешу.

Азаттық жолында әңгімесі кім туралы? ТоҚаш

Б.Майлиннің қандай әңгімесін оқыдыңдар ? КүлпАш

Алмас қылышты ардагер кім ? БөгенбаЙ

Рейхстагқа ту тіккен кім ? Рақымжан

Алғаш қазақ жасағын құрған кім ? ҚабанбАй

Жәңгір ханның әскеріне қарсы күрескен батыр, ақын ? МахамбеТ

-Балалар,қызыл қоршаудан қандай сөз шықты?

-Қайрат.

-Ендеше, бүгінгі әңгімеміз Қайрат Рысқұлбеков туралы болмақ.

2слайд 2.Автор жөнінде мағлұмат беру.

3слайд.Қ.Рысқұлбеков кім?

Қайраттың балалық шағы , ата-анасы ,студент кезі туралы айта кету.

4слайд Тоңдырды мені желтоқсан желі ызғарлы.

Желтоқсан оқиғасы туралы түсініктер беру.Қатысушыларды айта кету.

5 слайд Тәуелсіздік ата- бабам аңсаған.

Оқушыларға тәуелсіздік туралы түсініктер беру.

6 слайд Оқулықпен жұмыс

1.Өзім түсінікті және мәнерлі етіп дауыстап оқимын.

2.Оқушыларға кезектестіріп оқытамын.

7слайд Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмысы Пешене - жазмыш, тағдыр.

8 слайд Мәтінмен жұмыс

А ) Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған?

Ә) Мәтіннен Қ.Рысқұлбековтің өлеңдерін тауып оқы.

Б ) Қайраттың әке-шешесінің есімдерін ата.

В) Мәтіннен Желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдардың есімін тауып оқы.

Г) Мәтіннен Қайраттың өсиет сөзін тауып оқы.

4. Қорытынды бөлім 8 слайд Топтастыру

/

- Тәуелсіздік деген не -



/

/

- Қайрат кім -



/

9 слайд. Мақал - сөздің мәйегі.

Ерлік , батырлық туралы мақалдар айтқызу

10 слайд « Кім жылдам» ойыны

-Балалар, 90 жылдары Қ. Рысқұлбеков атында Араша ақпараттық агенттігі құрылған болатын.Төрағасы К. Табей.Содан бізге журналистер келіп тұр. Олардың сендерге қояр сұрағы бар екен, соған тез жауап беру керек.

1. Бүгінгі оқыған әңгіме кім туралы?

2. Осы сабақта Қайрат туралы не білдің?

3.Желтоқсан оқиғасына Қайраттан басқа кімдер қатысты?

4.Олардың арман- тілектері не еді?

5.Олардың тілектері орындалды ма?

6,Қайраттың қандай қасиеті ұнады?

7.Қайрат тірі болса кім болар еді?

5. Үйге тапсырма беру.

Әңгімені түсініп оқу.Қайраттың өлеңдерін жаттап алу.



«Ер есімі – ел есінде» тақырыбына шығарма жазу.

6. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет