Сабақ: Әдебиеттік оқу Мектеп : «Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі»



Дата08.09.2017
өлшемі72,51 Kb.
#31127
түріСабақ

Сабақ: Әдебиеттік оқу

Мектеп: «Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Орынғали Карима Шәшімқызы

Сынып: 3 «Б»

Қатысқан оқушылар

саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Құмырсқаның қанағаты ( ертегі )

Сабақтың негізделген оқу мақсаты

Ертегіні түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып,негізгі идеясын ашу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ертегінің мазмұнын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі: Ертегінің ары қарай қалай өрбитінін біледі

Кейбір оқушылар: Ертегідегі негізгі ойды анықтай алады,ертегі қалай аяқталатынын біледі

Тілдік мақсат

Оқушылар ертегіні болжай алады.Өз ойларын жаза алады.

Пәндік лексика мен терминология:

Қанағат, оқымысты, құмырсқа



Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Егер адамда қанағат болмаса,онда...

Ертегі мен үшін маңызды болды… өйткені…

Осы ертегіні оқи отырып мен … қорытындыға келдім

Ертегіден көңіліме түйгенім...

Қандай фактілер, дәйектер мұны дәлелдей алады?

Оқымысты құмырсқаның қанағатын білу үшін оны сауытқа салып,қасына бидайды қойып қойды.

Құмырсқа бидайды толықтай жеп қойса...


Алдыңғы тақырып

Крылов «Құмырсқа мен шегіртке» мысалын біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(Сабақта орындалатын іс – әрекеттер)




Ресурстар

Басталуы

10

мин




I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып алып шапалақты бірдей соғу арқылы зейіндерін тұрақтандырып аламын. «Сиқырлы қорапшадан» нөмірлер алып топқа бөлінеді.

II.Үй тапсырмасын тексеру. 8 мин

Т1. «Ыстық доп» ойыны арқылы мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды.

-Бай мен кедейді сипатта

-Неліктен диірменші байға құлқыны тоймаған қу неме деді?

-Кедейге алтын балтаның қандай көмегі тиді?

-Ертегі немен аяқталды?

-Ертегіден көңіліңе не түйдің?Сенің пікірің?

Бағалау.Әр жауаптан соң смайлик беріп отырамын.


Доп


Ортасы

25

мин



III.Жаңа сабақ



Т2.Экранда сурет пайда болады.Осы суретке қарап қандай ой туады?Бүгінгі жаңа тақырыбымыз не туралы болуы мүмкін?

Т 3. Топтастыру әдісі.

-Сендер қанағат деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Осы сөзді айтқанда сендерге қандай ой келеді? Осы ұғымды топтастырып көрейікші.

Қанағат-барға риза болу, жоққа шыдау, үнемдей білу,қарын тойғызады,ең асыл қасиет. Бас бармақ

А оқушылар құмырсқа туралы мәліметтермен оқушылармен бөліседі.

Т 4. Болжам жасап оқыту стратегиясы арқылы ертегіні талдау. Мәтін бөлігі оқылады.Бөлік бойынша сұрақ қоямын. Оқымысты құмырсқаға

-Басың неге үлкен? Құйрығың неге үлкен? Ішің неге жіңішке? деген сұрақтарға құмырсқа не деп жауап берді деп ойлайсыңдар? Әр оқушы жеке жазады.Жұпта,топта талқылап бір ортақ пікірге келеді.Жауаптары тыңдалып болған соң бөлік оқылады.Келесі бөлік оқылып тағы сұрақ қойылады?

-Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар? (жжт жазу)

Келесі бөлігі оқылып,тағы сұрақ қойылады.

-Құмырсқа не деп жауап берді?

Ең соңғы бөлік оқылады.

Әр топ бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды.

Сергіту сәті.Интербелсенді тақтаны пайдаланып қимыл-қозғалыстар арқылы жасайды.

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Допты алып қолыма

Қойдым онын жолына

Оң жағына қарады

Сол жағына қарады

Тау екен деп ойлады

Құмырсқа-қанағатшыл,ақылды,иісшіл,ұйымшыл,

пайдалы,еңбекқор,қайратты.

Осындай қасиеттерге ие бола отырып ол қанағатшыл болады екен деген ойды оқушылар өздері қорытып айтуы керек.

Т 5. 10 минуттық эссе жазу. « Еңбек етуді құмырсқадан үйрен»

Әркім жеке жазады.



Плакат


Парақшалар

Интербелсенді тақта



Аяқталуы

10

мин



IY.Қорытындылау.

Әр топтан бір оқушы шығып оқиды. «Автор орындығы»

Басқа топтар бағалайды. Бас бармақ

Әр топқа 1 сұрақтан беремін.

1.Құмырсқаның ақылы,қайраты,қанағаты барын қайдан білдің?

2.Құмырсқаның жанында дән жатқанда ашығу себебі неде деп ойлайсың?

3.Құмырсқадан нені үйрендің?

4.Оқымысты құмырсқаны неге сынады?

5.Ертегіден көңіліме түйгенім...

Үйге ертегіні мазмұндап оқып келуге беріледі.Т кестесі беріледі.

   -Қандай жақсы мінездерің бар?

   -Жаман қылықтарың бар ма?

Қабілетті оқушыларға жеке қосымша тапсырма.

1.Құмырсқаны қатыстырып ертегі құрап келу ( )

2.А деңгейлі мен С деңгейлі оқушыға жұптық жұмыс беру сурет салу,өлең құрастыру

Жиынтық бағалау

Кері байланыс. Бес саусақ





Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

 

Жаңа тақырыпты түсінуге көмек жасаймын.

Қабілетті оқушылар топта көшбасшы болу және әр тапсырманы өзі қорытындылап отыруын көздеймін.

Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі,ашық сұрақтар беруге тырысамын.



Смайлик арқылы

Үш шапалақ

Бас бармақ арқылы.

Жиынтық баға


1.Қазақ тілі, дүниетану пәндерімен пәнаралық байланыста болады.

2.Сергіту сәтін жасауда,ойын ойнатуда, оқушылар қауіпсіздік ережелерін есте сақтайды.

3. Құмырсқаның қанағатымен ,талпынысы мен табандылығын үлгі ету,адам бойындағы жақсы  қаситтерге  баулу.


Рефлексия

Сабақ / оқумақсаттарышынайы ма?

Бүгін оқушыларне білді?

Сыныптағы ахуалқандай болды?

Мен жоспарлағансаралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Каталог: uploads -> doc -> 0db0
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0db0 -> Сабақтың атауы Білім күні. Бейбітшілік сабағы Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері
0db0 -> “1822 ж, 1824 ж, 1867-1868 жж реформалардың мазмұны мен салдары” тақырыбын қайталау, жинақтау
0db0 -> Сабақ жоспары Мерзімі: 22. 10. 12 Ағылшын тілі сабағы 7-сынып (12 13жас) Сабақтың тақырыбы
0db0 -> 7 сынып. Бунақденелілердің дамуы. 1- нұсқа


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет