«Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жердің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсініктерін тереңдету. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғынады. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып, өлеңнің негізгі ойын ұғады, ой пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін, сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түседі. Отансүйгіштік, туған жерге деген құрметі артады.
- Туған жер, Отан туралы ойын салыстырады, қорытындылайды.
Кейбіреуі (А)
- Туған жер, Отан ұғымдарының мағынасының айырмашылығын салыстырып айта алады, өз ойын шығармашылық жұмыс арқылы өлең жолдарын салыстырмалы түрде дәлелдейді. Өз ойын жүйелі түрде қағаз бетіне түсіреді.
- топпен жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін дамытуға үйрене алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: бұрқанған, мұңдасым, досым, сырласым, кермиық Далам, егізім, қиырсыз, киелі.
Алдыңғы оқу
«Сүйемін, өскен Отаным» М.Мақатаев
ЖОСПАР
Жоспарланған уақыт
Мұғалім
Оқушы
Кіріспе
10 мин
Сәлемдесу
Психологиялық сәт
Сабақтың әр сәті,
Сәттілікке толсын!
Топқа бөледі.
Бүгін топ атауын өзі ұсынатынын айтады.
І топ. Досым
ІІ топ. Сырласым
ІІІ топ. Мұңдасым
ІV топ. Егізім
Топ ұстанымын ескертеді. «Алтын ереже»
Психологиялық тренинг «Ғажап табиғат»
Қолдарыңды тізелеріңе қойып, көздеріңді жұмып, еркін, жайлы отырыңдар. Менің айтқанымды ғана тыңдап отырыңдар.
Ал енді өзіңді биік таудың етегінде жүрмін деп елестет. Тау басы аппақ қар. Тау етегінде сарқырап ағып жатқан бұлақ. Тау баурайы жап-жасыл. Аяңдап жүріп ну орман шетіне де жеттік. Жап-жасыл орман сұлулығына көз тоймайды, ағаш арасынан сығалап қарап тұрған күн. Ауасы неткен таза. Аяңдап қайта тау баурайына келдік. Шіркін, табиғаттың сұлулығынна көз тояды. Осы сәтте көзімізді ашайық, сендер елестеткен ғажап табиғат көз алдарыңда тұр ма? Бұл табиғат сендерге таныс па?
Оқушылар шеңбер жасай отырып, бір біріне сәттілік тілейді.
Топқа бөлінеді.
Тыңдайды
Менің Отаным, туған жерім, Қазақстаным деген пікірлер айтады.
Ортасы («Мағынаны тану» сатысы)
25 мин
Оқулықпен жұмыс
Суретпен жұмыс
Мұғалім Қ.Жұмағалиевтің «Туған өлкем» өлеңін оқиды.
Сұрақ-жауап
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Кімнің туған өлкесі туралы?
- Ақын туған өлкесінің несін мақтан тұтады?
- Туған өлкесін кім ретінде елестеді?
Алдыңғы сабақтағы М.Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңінен үзінді сұрайды.
Өлеңнің авторы Қ.Жұмағалив туралы бейнеролик көрсету.
Өлеңмен жұмыс.
Өздік жұмыс. Сыныптың өлеңді оқуы.
Сергіту сәті.
Бүгін ауа-райы қалай?
Суық.
Қалай киіндіңдер?
Жылы.
Мектепке келе жатқанда не жауып тұрды?
Қар.
Қалай жауып тұрды?
Қар борап тұр.
Қыс келгенде қандай ойын ойнағанды ұнатасыңдар?
Аққала, қар лақтырып.
«Қарлы кесек» стр. Т: өлеңнен мағынасын түсінбеген, білгің келетін бір сөзді жазып лақтыр.
Тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
М.Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңінен әр оқушы өзіне ұнаған шумағын жатқа айтады. Оқушыларға ұнаса шапалақ ұрады.
Проектор арқылы экраннан бейнероликті көре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Оқушылар Қ.Жұмағалив
туралы қосымша мәлімет алады.
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды.
Оқушылар түрлі қимылдар жасайды.