Сабақ әдісі : Венн диаграммасы,сто,Сұрақ-жауап. Сабақ түрі : Аралас сабақ



Дата24.04.2017
өлшемі15,13 Kb.
#14914
түріСабақ
  • Сабақ тақырыбы: Аустралияның географиялық орны.3ерттелуі.
  • Білімділік мақсаты:Аустралия материгінің табиғат ерекшеліктері мен географиялық орнына сипаттама беру
  • Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың карта мен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
  • Тәрбиелік мақсаты:Ғылыми деректерге сүйене отырып,халықтық тәрбие үлгілерін қолдану өсіп өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға,ұлтаралық сыйластыққа,шындыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.
  • Сабақ әдісі: Венн диаграммасы,СТО,Сұрақ-жауап.
  • Сабақ түрі: Аралас сабақ.
  • Сабақ көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, Аустралияның физикалық картасы,интерактивті тақта.
  • 2.Жаңа сабақ.
  • Мұғалім:Оқушылардан дүние жүзінде 6 материк бар екенін жақсы білесіңдер,олардың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар.
  • Еуразия ең кіші материк
  • Африка ең ылғалды,жасыл материк
  • Солтүстік Америка ең мұзды материк
  • Оңтүстік Америка ең ыстық материк
  • Аустралия ең үлкен материк
  • Антарктида ең солтүстіктегі материк
  • Осы аталған материктердің ішінде бүгінгі өтейін деп отырған материк « Үлкен жүректі кіші материк».Ол жақта бақтар қазан айында гүлдейді,кейбір жануарлар жұмыртқадан шығады.
  • Сонымен қатар бұл материкте дүниежүзінің барлық елінен жиналған ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.Сол секілді мынандай өлең жолдары арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.
  • Ертеде ренжіп мен ағаларға
  • Кетіп ем жылжып өзге жағалауға
  • Оңтүстік жарты шарда мекен еттім
  • Талайлар келді көшіп паналауға.
  • Сондай-ақ аспан тірер тауларым бар ойпат,көл, шығысымда жоталар көп. Шағыл мен құм басады баурайымды сөнбеген өзгелердей вулканым жоқ
  • Тұрсамда мұхиттардың ортасында Суына жауын-шашын қанықпадым Оңтүстік тропигі кесіп өтіп, Келтірмей жүр шудасын бұлттардың
  • Менде бар жануарлар өзгеде жоқ Қалталы аю,қалталы кенгруру көп Мен өзім кіп-кішкене болғанменен Материкпін сыры мен жұмбағы көп

Сабақ жоспары. 1.Материктің ерекшеліктерін анықтау 2.Материктің географиялық орнына сипаттама. 3.Сарамандық жұмыс. 4.Зерттелу тарихымен танысу.

Австралияның елтаңбасы

  • Білемін
  • Білдім
  • Білгім келеді
  • 1.Ең кіші материк
  • 2.Ең ыстық материк
  • 3.Ең аласа материк Орташа биіктігі 215м
  • 4.Кенгуру, қалталы аю,коала мекендейді.
  • Иә, оқушылар, біз бүгін Аустралия материгімен танысамыз.
  • Жоғарыдағы өлең жолдарынан және
  • өзіміздің бұрыннан білетінімізді ортаға салайық.
  • 2-бөлімдегі “Білдім” бөлімі жаңа тақырып бойынша алған білім негіздері барысында толтырамыз.
  • 1-тапсырма. Топтарға Аустралия материгінің табиғатының ерекшеліктерін оқулықтағы мәтінді оқи отырып,топтар қорғайды.
  • 2-тапсырма.Материктің жағалауындағы теңіздер мен шығанақтарды ,түбектерді,аралдарды кескін картаға салуды тапсырылады..

Эвкалиптер ағашы биіктігі 100м

Үлкен Суайрық жотасы

Косцюшка тауы биіктігі 2228м

Блафф-Нолл тауы биіктігі 1096м

Ең ірі маржандық құрылым-Үлкен Тосқауыл Рифі

Карпентария шығанағы

Эйр көлінің деңгейі -16м төмен

Тасмания аралындағы Дав көлі

  • 3 - тапсырма.Топтарға материктің географиялық орнына сипаттама беру жоспары таратылады .Сол жоспар бойынша Аустралия материгіне сипаттама беріледі. Интерактивті тақтадан екі материктің контуры көрсетіледі.

1.Материк қай жарты шарда орналасқан? 2.Материктің экваторға, бастапқы меридианға қатысты орны 3.Тропик сызығына қатысты орны. 4.Қандай материктер мен мұхитармен шектеседі? 5.Қандай климаттық белдеулерде орналасқан? 6.Материктің шеткі нүктелерін анықтау. Күтілетін жауап:Материк түгелімен оңтүстік жарты шарда,түгелімен бастапқы меридианның шығысында орналасқан, оңтүстік тропик шеңбері дәл ортасынан өтеді.Барлық материктерден алыс қашықтықта,Тынық және Үнді мұхиттарының теңіздері мен шығанақтары арасында орналасқан. Материктің шеткі нүктелері: Солтүстіктегі Иорк мүйісі 10˚ о.е.142˚ ш.б Оңтүстіктегі.Оңтүстік-Шығыс мүйісі-39˚о.е 147˚ш.б Батысында Стип-Пойнт-26˚ о.е 113˚ ш.б. Шығысында Байрон28˚о.е153˚ ш.б

4 тапсырма. 1-2.Топтарға солтүстік және оңтүстік шеткі нүктелердің координаталарын табу тапсырылады. 3-4 топтарға батыс және шығыс шеткі нүктелерінің координаталарын анықтау 5 тапсырма.1-2топқа.Материктің солтүстік шеткі нүктесінен оңтүстік шеткі нүктесіне дейін қанша км-ге созылып жатқанын анықтау(км және градус есебімен) 39˚-10˚ = 29˚ 29 ˚х111 3219км 3-4 топқа батыстан шығысқа дейінгіарақашықтықты км және градус есебімен анықтаңдар 153 ˚ -113 ˚= 40 ˚ 40х100 4000км 6 тапсырма.Венн диаграмасы бойынша екі материктің географиялық орнының ұқсастығымен айырмашылығына салыстырып,толтыру тапсырылады.

Мәтінді оқи отырып,Аустралияны зерттеген саяхатшылардың тапқан жерлерін төмендегі кестеге толтырыңдар

  • Зерттеушілер
  • Қай мезгілде
  • Қай жерлерді тапты
  • Картограф Меркатор
  • 16ғасырда
  • Аустралияны”ТерраАстралис гинкогнито” латын тілінен аударғанда” оңтүстіктегі” белгісіз жер деп өзі жасаған карталарында белгілеген.
  • Луис Торрес
  • испан теңізшісі
  • 1606 ж
  • Жаңа Гвинеяға дейін жүзіп барып,Аустралия туралы мәлімет қалдырған
  • 1653 ж
  • Тасмания аралын ашқан.Аустралия жеке материк екенін айтқан,бірақ голандиялықтар ұзақ уақыт атпады
  • Джеймс Кук
  • ағылшын зерттеушісі
  • 1770 ж
  • Аустралияны ашты

3.Бекіту.Енді жоғарыдағы кестенің білдім, білгім келеді бөлімдерін толтыру тапсырылады. 4.Қорытынды. 5.Үйге тапсырма:Аустралияның географиялық орны.Зерттелуі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет