Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ жауап, көрнекілік, практикалық. Сабақ көрнекілігі: дайын бұйымдар көрмесі бұйымдар, суреттер


Алматы қаласы №195 жалпы білім беретін мектеп Технология пәні мұғалімі: Саршаева Айжан Ерболатовна



бет3/9
Дата08.07.2023
өлшемі0,67 Mb.
#179358
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Табиғи материалдар

Алматы қаласы №195 жалпы білім беретін мектеп
Технология пәні мұғалімі: Саршаева Айжан Ерболатовна

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың қолөнер бұйымдары
Мақсаты:
Қазақтың қолөнер бұйымдарын оқушыларға таныстыру
Оқушының сөйлеу тілін, мәдениетін дамыту. Қолөнерге қызығушылығын арттыру.
Салт-дәстүрге деген құрмет, қолөнердің әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
А) Қазақтың қолөнер бұйымдарымен танысады.
Ә) Оқушылар қолөнер туралы материалдармен таныса отырып сөйлеу тілі мен мәдениеті мен қолөнерге деген ынтасы қалыптасады.
Б) Салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік қасиетті артып, қолөнердің әсемдігін түсінеді. Қолөнер бұйымдарын қадірлеуге үйретеді. Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, оқу-құралдарын тексеру.
Сабаққа дайындығын бақылау
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Қапшықтан нөмірлерді алып, сәйкес үй тапсырмасы және қайталау тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді..
1. Шығармашылық жоба дегеніміз не?
2. Химиялық талшық дайындайтын шикізат?
3. Кестедегі шалу түрлерін ата?
4. Химиялық талшықтардың қасиеті?
5. Тоқу кезінде ілгек бізді қалай ұстау керек?
6. Қандай талшықтарды "синтетикалық" деп атаймыз?
7. Шалмалы бағаншаны қалай тоқимыз?
8. Жасанды және синтетикалық талшықтан алынатын матаны атаңдар?
9. Тоқу үшін қолданылатын иірім жіп түрлері.
10. Қандай талшықтарды "жасанды" деп атайды?

III. Жаңа сабақ:
Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары
Қазақ халқының қолөнері көшпенді халықтың қолданысына ыңғайлы сәнді бұйымдар жасайтын өндіріс. Табиғи шикізаттарды пайдалана отырып, қолөнершілер әртүрлі бұйымдар жасайды. Олар ат әбзелдері, құрал-саймандар, тұрмысқа керекті заттар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар. Бұл бұйымдарға қарап халықтың тұрмыс тіршілігін, салт дәстүріннің көрінісін көруге болады.
Қолөнершіліер көшпенді халықтың тұрмысына сай, мал шаруашылығына керекті заттарды өндіріп отырды. Олар ноқта, жүген, желі, құрық, ер-тұрман, кісен жасады. Мүйізден, мал және аң терісінен, сүйектен, тастан, құмнан, әртүрлі ағаштардан қолөнерлік бұйымдар жасап отырды. Музыкалық аспаптарды ағаштан жасады: домбыра, шаңқобыз, қобыз, сыбызғы және тағы басқалар. Қару жарақтар: найза, садақ, қалқан, қылыш, айбалта,қанжар және тағы басқа заттар. Ыдыс аяқтан құмыра, торсық, месі, күбі, кесе, қасық, құман, қазан т.б. Қол өнердің кеңінен дамыған саласы киіз үйдің заттары, киіз басу, жүннен мақта-мата, тон, көрпе-жастық, кесте тігу, ши орау,ағаш төсек жасау, бесік жасау. Сонымен қатар сәндік, зергерлік бұйымдар моншақ, сырға, сақина, білезік, шолпы, алқа және тағы басқа заттар.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнер жиынтығын айтады.
Негізінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының өзіндік ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті киіз үйлер жасады. Күнделікті тұрмысқа киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланды. Зергерлік бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат, той -думан да құра білді. Халық қолөнерінің қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен, күн көрісімен, тығыз байланыстырады.
19 ғасырда және 20 ғасырда қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің заттарын сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары, ал, екінші тобы көшу-қону, қайыс өру, қару-жарақ, жол-жорық жабдықтары еді. Жастарға арналған ат-әбзелдері, ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арналған киімдер, соның ішінде сәукеле, сырға, шашбау, білезік жасады. Оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлейлеп, безендіру өнерін дамытты.
Өнер шеберлері сүйек ою, тас қашау, мүйіз балқыту, ағаш ою, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіптермен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер еркектерге және әйелдерге тән іс деп екі түрге бөлінді. Металл мен ағаштан, тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, бұйымдар жасап, оны әсемдеп, безендіру сияқты ауыр жұмыстарды ер азаматтар атқарып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет