Тоқыма өнері — 27 сағат. Тоқу өнері туралы түсінік беру. Көрнекті материалдармен, құрал-жабдықтармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тоқу әдістерін үйрету, дайындау, соңғы өңдеу жұмыстары.
Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:
ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды;
қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;
қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;
жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;
құрал-жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;
түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;
сурет сала білуі;
бұйымды эскизін орындай білуі;
ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуі;
шаблон үлгілерін дайындауды білуі;
технологиялық карталармен жұмыс істей білуі;
үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.
Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі: Инені ине түйрегішке ғана түйреп салу керек;
Инені киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды;
Жіпті тістеп кесуге болмайды;
Инені алушыға сабақталулы жағымен беру керек;
Сынған инені жерге тастауға болмайды.
Үтікпен жұмыс істеу тәртібі: Үтіктер алдында өткізгіштің үзілген жерін тексеру керек;
Ылғалды қолмен токқа қосылатын үтікті ұстауға тыйым салынады.
Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.
Қайшымен жұмыс істеу тәртібі: Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;
Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.
Желіммен жұмыс істеу тәртібі: Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жабылуы керек;
Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек;