... Қитар ұл енді ешкімге бармады. Тіпті шақырған Ерекеңнің өзіне де жолаған жоқ.
– Келсеңші, ей, жаман неме. Өзі қазақша білетін бе еді, Сапабекжан? –деп әлгі кемпір қапсағай сары жігітке қарады.
Сапабек алдына келген баланың қысқа кекіліне қолын тигізіп:
– Ептеп түсінеді, – деді.
– Қой, қазақша үйретіңдер.
– Алдымен анау отырған шешесі қазақша білмейді, қайта бұған кінә жоқ, – деп Сапабек қазақша білмейтініне риза болғандай күлімсіреп, ақ сары келіншегіне қарады.
– Тома, мынаның бет-аузы кір, жуындыршы, –деді орысшалап.
Дискриптор:
- іс әрекетті табады;
-кейіпкер бейнесін ашады;
-автодың көтерген мәселесін жазады;
-оқырман пікірін білдіреді;
-топ спикері жұмыстарын қорғайды.
ҚБ «Рахмет» әдісі арқылы әр топ өздеріне ұнаған кестеге себебін жазып, бағалайды.
«Қиялдағы кино фильм» әдісі.
Жеке тапсырма: үзіндіні тыңдаңыз, ойыңызды «бес жол» өлеңмен, өлең жазумен, сурет салумен немесе әңгімелей отырып жалғастырыңыз.
– Біздің мынау да геолог боламын деп жүр, – деді Сапабек иегімен ұлын көрсетіп.
– Әке жолын қуалайын деген ғой.
– Бос сөз сөйлемеңдер! – Ерекең жастар жағына зекіп қалды. – Әке жолын қуса, мына менің жолымды қусын! Ие болсын мына қу шаңыраққа!
Дискриптор:
-оқушылар көздерін жұмады;
- мұғалімнің оқыған эпизодын тыңдайды;
- «санасындағы кино картинада» не болғанын өзінің шығармашылық қабілетіне қарай орындайды.
ҚБ «Кеме» әдісі бойынша бағаланады. Әр оқушы өзіне ұнаған шығармашылық жұмысқа кемені бояу арқылы баға береді.
Үздік жасыл, жақсы сары , орташа қызыл түс.
«Жылдам дебат» әдісі. Ұжымдық тапсырма:
«Ұл бала- шаңырақ иесі» деген тақырыпта
бірінші топ «келісемін», екінші топ «қарсымын» деген пікірді ұстанып, ойларыңызды дәлелдей отырып өз пікірлеріңізді жеткізіңіздер.
Дискриптор:
- екі топқа бөлінеді
- әр топ өз пікірін дәлел келтіре жеткізеді.
ҚБ «Геометриялық фигуралар» әр топ құнды пікір айтқан топқа фигураларын ұсынады.
«Әдеби шеңбер» әдісі. Топтық тапсырма:
Үзіндіні оқып,рөлге бөлініп, (талқы себептері, белгілеуші, байланыстырушы, қорытындылаушы) мазмұнына қарай шынайы өмірмен байланыстыра қорытынды жасаңыздар.
... Ертеңіне тұрысымен Сапабек қайтуға жиналды. Әке-шешесіне алған базарлықтарын, біраз жинаған ақшаларын қалдырды. Ерекең төмен
қарап, үн-түнсіз ұзақ отырды.
– Алып кет өзіңмен бірге, – деді бір кезде дауысы қарлығып. – Оқыт, өзіңдей қаңғыбас етіп шығар.
Сапабек тағы да қынжыла күлді.
– Ой, көке-ай, мені бір баласырап барады деп ойлайсың ба? Орыс мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой. Әйтпесе...
– Бар, бар, алып кет, – деді Ерекең. – Жолдарың болсын!
Дискриптор:
-үзіндіні оқиды;
- талқы себептері – ақпарат бойынша 5 сұрақ құрастырады.
- белгілеуші- ақпараттың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді.
- байланыстырушы- мәтіндегі ақпараттың өмірімен байланысын табады, дәлелдейді.
- қорытындылаушы- үзіндідегі көтерілген мәселені қорытындылайды.
А.С. Ақтанова, А.Қ.Жундибаева
«Қазақ әдебиеті»
7- сынып
Алматы «Атамұра» 2017
А.С. Ақтанова, А.Қ.Жундибаева
«Қазақ әдебиеті»
7- сынып
Алматы «Атамұра» 2017
А.С. Ақтанова, А.Қ.Жундибаева
«Қазақ әдебиеті»
7- сынып
Алматы «Атамұра» 2017
|
1 минут
Үй тапсырмасы:
|
«Арал әдісі» бойынша, өз көңіл- күйлеріңді білдіріп, себебін жазыңыз. «Қуаныш», «Белгісіздік», «Рахаттану», «Көңілсіздік» аралдарына орналастырыңыз.
«Әке – бала – немере» тақырыбында мақал –мәтелдерді оқып, қызықты, пайдалы кестесін толтыр.
|
|
Қосымша ақпарат:
|
Саралау – оқушыға
мейлінше қолдау
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға
тапсырманы қалай
түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық
байланыс;
денсаулық және
қауіпсіздік, АКТ- мен байланыс, құндылық- тармен байланыс (тәрбие
элементі)
|
«Қиялдағы кино фильм» әдісімен берілетін тапсырмада оқушылардың қабілеттеріне қарай беріледі.
|
«SMS», «Рахмет», «Кеме», «Арал әдісі»
|
АКТ қауіпсіздігін сақтау
|
Рефлексия
Сабақ мақсаттары / оқу
мақсаттары қолжетімді
ма?
Оқушылар бүгін не
үйренді?
Сабақтағы ахуал
қандай болды?
Жоспарланған саралау
жақсы іске асты ма?
Уақыт есебінен ауытқу
болды ма?
Жоспарға қандай
өзгеріс енгізілді?
|
Өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды
пайдаланыңыз.
Сол жақтағы сіздің сабағыңызға қатысты
сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Жалпы бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1:
2:
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын
тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде
келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
|