Дүниетану.
Тақырыбы: Көз көру мүшесі.
Мақсаты: көздің қоршаған ортаны танып білудегі орны, маңызымен таныстыру, көзді сақтауға тәрбиелеу, адам сезім мүшелерінің маңызын талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қоршаған дүние туралы түсініктерін дамыту.
Сабақтың жабдығы: түрлі заттар, суреттер, көкөністер, үлкейткіш шыны (лупа)
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып
1. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Оқушылар көздерін жұмып отырады, олардың қолына түрлі заттар таратылып беріледі. Заттардың қасиетін анықтау (қатты, жұмсақ, ұсақ, ірі, бұдыр, тегіс , т.б. ) олардың өздеріне тапсырылады.
Қолдарыңа берілген заттың несін анықтай алмадыңдар? Түсін.
Кейбіреуінің түсін осы сәтте көрмесең де айта аласың, неге? (Күнделікті өмірде кездесетіндіктен.)
Көз арқылы тағы нені көреміз?(Алыс жақынды, қимылды , өзгерісті, түрлі ерекшеліктердің бәрін көз арқылы көреміз).
Адамның көңіл күйін қалай байқаймыз? Адамның кейпінен, дауысынан.
2. Көз туралы жұмбақ айтқызу,оны шештіру.
Бір беткейде екі көл. ( көз )
Жағасы құрақ
Мөлдір суат. ( көз )
3. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы суреттерді пайдаланып, оқушыларға суреттен не көріп тұрғандарын, көңіл күйге байланысты көз пішінінің қалай өзгеретінін талдату. Балалардың көңіл күйінің неге байланысты өзгергені туралы әңгіме құрастыру.
4. Оқушылармен көз жанарынан айырылған адамдарға көмектесу туралы әңгімелесіп, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыру.
Көзің ауырса, қолыңды тый мақалының мәнісін түсіндіру.Адамның көру мүмкіндігін күшейтетін құралдардың бірі үлкейткіш шыны лупамен таныстыру.Оның қандай жағдайларда қолданылатынын айту. Лупаны қолдарына беріп, әртүрлі заттарды қарап көрулерін сұрау.
Сергіту сәті
5. Тақырып бойынша берілген бірдей екі суреттің бір бірінен айырмашылығын табуға жаттықтыру.
6. Дәптермен жұмыс
III .Сабақты қорытындылау.
IV .Мадақтау.
Динамикалық үзіліс ойын.
Математика.
Тақырыбы: Артық, кем, тең түсініктері.
Мақсаты: Артық, кем, тең түсініктерімен таныстыру, заттар жиынын саны бойынша салыстыруға үйрету, >, <, = таңбаларын дұрыс қолдана білу.
Сабақтың барысы
I. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша есептеу. Тақтаға 4 үлкен дөңгелек, одан төмен тақтада аз орын алатындай 5 кішкентай дөңгелек бейнеленеді.
II. Жаңа материалмен таныстыру.
Тақтаға 2 көк және 1 қызыл шаршы қояды. Қандай шаршылар көп, қызыл ма, көк пе?Сендер неге олай ойлайсыңдар? Цифрмен көк шаршының санын көрсет. Осы цифрды үстелдің бетіне қой. Цифрмен қызыл шаршының санын көрсет. 2 цифрының оң жағына қой , мұғалім шаршылардың астына цифрларды бекітеді. Қандай цифр заттардың санының артық екенін көрсетеді? > таңбасын іледі және былай оқылады: 2 саны 1-ден артық .
Оқулықпен жұмыс.
№ 1.сурет бойынша теңдік, теңсіздік құру және оларды оқу дағдыларын бекіту.
№ 2. Өздік жұмыс. 4 санының құрамын қайталау.
№ 3.Фигураларды атау, суреттен кесінділерді тауып, сызғыштың көмегімен олардың ұзындығын өлшейді.
№ 4.Зейіндерін, салыстыра алу дағдыларын дамыту. Фигураларды белгілеріне қарай топтарға бөлу.
Қосымша материал.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 2. Теңсіздік белгісін жазуға жаттығу.
№ 3. сурет бойынша жұмыс. Үстелдің бетіндегі заттарды санау. Қоршаудың ішіне салынатын заттың саны анықталады. Сурет салу. Торкөзге сәйкес сандар жазылып, балалар қандай таңба қойылатынын айтады. Таңбаны сандар арасындағы жұлдызшаның үстіне жазу. Дұрыс оқу. Жылдам орындайтын балалар үшін үстел үстіндегі суретті толықтыру, қасықтар мен пышақтардың санын теңестіру.
№ 4. Өздік жұмыс.
VI. Сабақты қорытындылау.
Динамикалық үзіліс
Тақырыбы: Ө ө дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:
Ө ө дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру, тұтас оқуға машықтандыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып.
Жұмбақ шешу.
Шөлде бар,
Суда жоқ.
Көлде бар,
Буда жоқ. (Ө)
Шөл, көл сөздеріне дыбыстық талдау.
Сөздерді оқытып, жаңа дыбыстың орнын тапқызып, олардың сөздің басында, ортасында келетінін ұғындыру.
III . Жазу дәптеріндегі ө әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
IV. Шырын тақырыбында берілген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Дәмді, тәтті сөздерінің қатарын көбейтіп, олардың сызбасын дәптердің бос жолдарына жазып, буындық,дыбыстық талдаулар жасалады. ( Дәмді, тәтті, қышқыл, ащы, тұщы , т.с.с.)
Сергіту сәті.
V .Дыбыстық диктант.
VI. Жемістер тақырыбында тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастыру.
VII.Буындық диктант. Диктант өткен дыбыстарды пайдаланып, оқушылардың өздеріне ауызша буын құрату арқылы жазылады.
VIII . Логикалық жаттығу.
IX . Сабақты қорытындылау.
мадақтау
Динамикалық үзіліс
Тақырыбы: Қ қ дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:
Қ қ дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру, тұтас оқуға машықтандыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып.
Жұмбақ шешу.
Оңға қарай,
Оқысаң да бір халық.
Солға қарай
Оқысаң да сол халық .(Қазақ)
Шөл, көл сөздеріне дыбыстық талдау.
Бағандағы сөздерді оқу, дыбыстық, буындық талдау, қ дыбысының орнын анықтату.
III . Жазу дәптеріндегі қ әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Қонақ,қуырдақ сөздеріне дыбыстық талдау.
IV. Астана тақырыбына арналған суретпен жұмыс. Мәтінді оқып, талдау.Сөздік жұмыс жүргізу. Тізбектеп оқуға берілген буын жаттығуларын анықтату.
Сергіту сәті.
Таң атты, күн шықты,
Аспанды бұлт жапты.
Жел тұрды, жаңбыр жауды.
Найзағай сарт сұрт етті,
Біз бұға қалдық.
V .Мазмұнды сурет арқылы әңгіме құру. Дыбыстық, буындық талдау.
VI. Отбасы туралы әңгіме құру. Әңгімені мазмұны бойынша аяқтау.
VII. Сөздік диктант.
VIII . Логикалық тапсырма.
IX . Сабақты қорытындылау.
X. Бағалау
Тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:
К к дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін әңгіме құрауға машықтандыру, тұтас оқуға машықтандыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып.
Өлең шумағын мәнерлеп айту.
Таң әлі атқан жоқ,
Маңай әлі қараңғы.
Әтеш ерте оянып,
Жан- жағына қарады.
Шынықтырып денені,
Қанаттарын қағады.
Ку- ка- ре- ку, тұр- тұрлап,
Оятады баланы.
Ку- ка- ре- ку сөзін бірнеше рет қайталап, қай дыбыстың бірнеше рет естіліп тұрғанына назар аудару;
Бағандағы сөздерді оқу, салыстыру, сөздік жұмысын жүргізу.
III . Жазу дәптеріндегі к әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
IV.Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құру. Көл жағасында тақырыбындағы мәтін мазмұны талданады.
Сергіту сәті.
V .Екі лақ тақырыбына әңгіме құру. Ойын түрінде тізбектеп оқу. Та -са, са- ла, ла- шын, шын-шыл, шын -тақ, тақ -сыр, сыр- ға.
VI. Салыстыра оқуға арналған тапсырма. Тарақ – тарағы, қатық қатығы, қасық қасығы, қонақ қонағы, қазақ қазағы, тымақ тымағы, тамақ тамағы, қуырдақ қуырдағы т.б.
VII. Буындық, сөздік диктант.Сөл- шөл, сән- сан, қал -қол, тас -төс.
VIII . Логикалық ойын.
IX . 68 бет баған сөздерін оқытып, сөзге қосымша буын жалғанғаннан мағынасы өзгерген сөздер туралы әңгіме жүргізу.
X . Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрау. Көрші мәтінін оқытып, өз сөздерімен айтуға үйрету. Орнын тап ойыны.
XI.Сурет бойынша тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Дидактикалық ойын.
XII . Сабақты қорытындылау.
XIII. Бағалау
Математика.
Тақырыбы.Теңдік. Теңсіздік.
Мақсаты: Теңдік, теңсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру және сәйкес терминдермен таныстыру.
Сабақтың барысы
I. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша есептеуге сандар қатарын шығару, сандар құрамын қайталау, заттар тобын салыстыру, өрнектерді оқуға жаттықтыруға арналған ойындар мен жаттығулар.
2
3
4
II. Жаңа материалмен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс.
№ 1.дөңгелектердің санын салыстыру, сәйкес салыстыру таңбалары қолданылған жазуды оқуды ұсыну және теңсіздік түсінігімен танысу. = таңбасымен жазылған жазуды оқу, теңдік деп аталады. Карточкада жазылған кез келген теңдік пен теңсіздікті көрсету және егер көрсетілген жазу теңдік болса, тұруды, ал теңсіздік болса, отыру.Екі санды ғана емес, сан мен өрнекті салыстыру. Өрнектің мәнін табу, алынған сандарды салыстыру.
№ 4. Қайсысы бірінші келді?
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 1. Сурет пен оның астындағы оған сәйкес жазуды қарастырып, салыстыру таңбасын таңдайды, таңдау себебін түсіндіру.
№ 2. Тақтада да, дәптерде де орындау.Теңдік немесе теңсіздік екенін анықтау.
№ 3. Өрнектерді талдау.
№ 4. Фигураларды атау, санау, дөңгелектерге қарағанда артық фигураларды бояу.Теңдік пен теңсіздік құрастыру.3 үшбұрыш бар, олар дөңгелектерге қарағанда артық, ал дөңгелектер -2. 2< 3
III. Сабақты қорытындылау.
IV. Бағалау.
Математика.
Тақырыбы.Өрнектерді салыстыру.
Мақсаты: Өрнектерді салыстыру, құрастыру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлауларын дамыту.
Сабақтың барысы
I. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру.
Отыр - тұр ойыны.
II. Жаңа материалмен таныстыру.
4 шаршы мен 2 дөңгелектен теңсіздік құрастыру. 1шаршыны алып тастау, бұл амалды бейнелеп көрсететін өрнек құрастырады( 4-1) және шаршының санын дөңгелектің санымен салыстырады.
Оқулықпен жұмыс.
№ 1, 2 тапсырмаларды тақтада, дәптерде орындау.
№ 3. Өрнектерді салыстыру. Сурет бойынша талдау, өрнек пен өрнекті салыстыру тәсілін түсіндіру, алдымен өрнектердің мәнін есептеп алу.
№ 4. Өздік жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 1. Сурет бойынша өрнектер құрастыру.
№ 2. Жазу дағдыларын жетілдіру.
№ 3. Өз талдауларын дауыстап айту. 3 көк ұшақ және 1 сары ұшақ бейнеленген. 1+3 өрнегін жазу. Оң жақта 1 сары және 3 қызыл тікұшақ бейнеленген. 3+1Ұшақтар мен тікұшақтардың саны тең. Теңдік пайда болды.
III.Тест.
Достарыңызбен бөлісу: |