Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: Есісше. Есімшенің жасалуы мен түрлері
|
Мектеп: «№1 Ақшаулі жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Смаилова С.Т.
|
Сынып: 6«А»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ мақсаты
|
Есімше туралы мағлұмат беру, жұрнақтарын, жасалу жолдарын түсіндіру
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар:
|
Есімше туралы мағлұмат алады, жұранқтарын біледі.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Сөйлемде ажырата алады, тұлғалық талдау жасай алады.
|
Кейбір оқушылар:
|
● Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлейді, өз ойларын ортаға салады
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
●Алған білімдерін қолданады;
Өз ойларын дәлелді түрде жеткізе алады;
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Есімше, есімшанің жұрнақтары, жасалу жолдары
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
|
Сіз неліктен ...... екенін айта аласыз ба?
|
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
|
Алдыңғы оқу
|
Ортақ етіс
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
3 минут
Білу
5 минут
|
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.
Сынып оқушыларын топқа бөлу
Ән жолдары бойынша:
Қосамын әнге атыңды
Тосамын әр хатыңды
Сағындым алма бағын
Арайлы Алматымды.
Елімнің жүрегі
Жарқырап жайнай берші, сен, Астанам!
Өзіңе арналады ән-дастаным.
Қашан да саған іңкәр менің жаным,
Жастықтың жалауы бол, сен, Астанам!
«Алматы», «Астана» тобы
Мұғалім сөзі: Балалар, біз бүгін сендермен саяхат-сабағын өтеміз. Қазақстанның астаналарына саяхат жасаймыз. Саяхат жасау үшін бізге не қажет? Әрине көлік, ұшақ, поезд. Алғашқы аялдама – «Орынбор» қаласы. 1920 жылы Қырғыз АССР-ы астанасы Орынбор қаласы болып бекітілді.
http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/19669/
Үй тапсырмасын сұрау. «Ұшақ ұшыру» әдісі бойынша
Оқушылар ұшақтың бір қанатына сұрақ жазып, ұшырады. Екінші қанатына жауап жазып қайтарады.
|
Үлестірмелер
Интертақта, қағаз ұшақтар
|
Ортасы
Түсіну
7 минут
Қолдану
10 минут
Талдау 10 минут
|
Келесі астана – Қызылорда қаласы. 1925 жылы республиканың аты Қазақ АССР-ына ауысып, астана Ақмешіт қаласына ауысып, қала аты бірден Қызылорда болып өзгерді.
http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/19669/
Мақалды аяқтау. Бас кеспек болса да , тіл кеспек жоқ.
Шоқпар ұстай білмеген өзіне тигізер.
Ине ұстай білмеген көзіне тигізер.
Көрмес – түйені де көрмес.
Болар бала – пысық,
Жауар күн ыстық.
Есімше мен көсемше етістіктің ерекше түрі.
Есімше бірде есім сөздердің бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.
Ешқандай қосымшасы қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарса, кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш, баяндауыш қызметін атқарады.
Есімше есім сөздерше септеліп, тәуелденіп, көптеліп есім қызметін атқарады. Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады да, сөйлемнің баяндауышы болады.
№
|
Есімшенің жұрнақтары
|
Мысалдар
|
1.
|
- ған,- ген,- қан,- кен
|
ал - ған, кел - ген, айт - ұан, кет - кен
|
2.
|
- ар,- ер,- р Болымсыз етістіктің жұрнағынан кейін – с жұрнағы жалғанады
|
бар - ар, жүр - ер оқы - ма - с
|
3.
|
- атын,- етін,- йтын,- йтін
|
жаз - атын, өр - етін, қара - йтын, кел - ме - йтін
|
4.
|
- мақ, - мек, - пақ,- пек,- бақ,- бек
|
бар - мақ, кел - мек, айт - пақ, кет - пек
|
Алматы қаласы. Алма-Ата қаласы 1929-1936 жылдары Қазақ АССР-ының, 1936-1991 жылдары Қазақ ССР-ының, 1991-1997 жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1993 жылғы қабылданған Конституцияда қала аты Алматы деп көрсетіліп, оның ел астанасы екендігі айтылған. Алма-Атаның Алматы болып өзгеруі осы құжаттан бастау алады. http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/19669/
251-жаттығу. Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіріңдер.
Түсінгенге сөздерім
Құлағына хат болар.
Түсінбейтін жаманға,
Мал қимайтын сараңға,
Айтқаның мен айтпаған
Бәрі бірдей сап болар.
Қалағандарың сөз болса,
Мен жырлауға дайынмын.
Кәріліктің белгісі –
Көңілдің қошы келмеген.
Жалғыздықтың белгісі –
Өзіне-өзі сенбеген.
Сақилықтың белгісі –
Халықтың қамын көздеген.
Сақилық – жомарттық.
Оқушылардың деңгейлеріне байланысты слайдтар арқылы тапсырмалар беріледі.
А) Мақал - мәтелдердің мағынасын аша отырып, көп нүктенің орнына есімшелер тауып жазу:
1. Отанын... отқа жанбайды
Суға батпайды.
Қатарынан... ұл биікте жүреді,
Ез атанып... ұл иықта жүреді.
Егілме... жер жетім
Елінен айырыл... ер жетім
Қара қылды қақ...
Ынтымағы... жерде
Ырыс бірге жүреді.
Ердің... -...
Еменнің... -....
Ә) Есімшеге зат есімдерді тіркестір.
Көреген
Тебеген
Жылтыраған
Оқыған
Жуған
Тыңдаған
Береген
Б) Осы тіркестерді қатыстырып, 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін жаз.
Сергіту сәті. «Қыдырып қайтайық!» әніне билеу.
|
Ғаламтор жүйесі
5 сынып оқулығы
АКТ құралдары( интербелсенді тақта, компьютер, слайд,)
|
Жинақтау
7 минут
Аяқталуы
Үйге тапсырма
2 минут
Бағалау 1 минут
|
Астана қаласы. 1997 жылдың 17 желтоқсанында Астана қаласы Қазақстанның ресми астанасы деп жарияланады. Астана қаласының ел астанасы ретіндегі халықаралық таныстырылымы 1998 жылдың 10 шілдесінде өтті.
http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/19669/
«Астана – бас қала» Өлең шығару.
........................................жайнаған,
........................................ойнаған.
.........................................................
.........................................тоймаған.
Сабақты бекіту.
Мысалдар
|
Өздік етіс
|
Өзгелік етіс
|
Ырықсыз етіс
|
Ортақ етіс
|
Есімше
|
Айтылды
|
|
|
+
|
|
|
Жаздыр
|
|
+
|
|
|
|
Көрген жоқ
|
|
|
|
|
+
|
Айтармын
|
|
|
|
|
+
|
Айтыс
|
|
|
|
+
|
|
Киіндім
|
+
|
|
|
|
|
Көрсетті
|
|
+
|
|
|
|
Сөйлесермін
|
|
|
|
+
|
+
|
Бастамаспын
|
|
|
|
|
+
|
келмес
|
|
|
|
|
+
|
Бітірген
|
|
|
+
|
|
+
|
Барған
|
|
|
|
|
+
|
Келген
|
|
|
|
|
+
|
Сұрайтын
|
|
|
|
|
+
|
ҮІ. Үй тапсырмасын беру.
252-жаттығу
ҮІІ. Бағалау.
|
бағалау парағы
|
Қосымша ақпарат электрондық оқулық. Түйін жасады. Салыстырады. Дәлелдейді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |