Сабақ Етістік Атырау облысы. Құрманғазы ауданы. Жамбыл ауылы. Панфилов атындағы жалпы орта мектебі. І-санатты бастауыш сынып мұғалімі: Лукпанова Куралай Мақсаты
Атырау облысы. Құрманғазы ауданы. Жамбыл ауылы. Панфилов атындағы жалпы орта мектебі. І-санатты бастауыш сынып мұғалімі: Лукпанова Куралай
Мақсаты
Оқушыларға етістіктің сөз табы екені туралы білім беру, негізгі лексикалық мағынасы мен қызыметі туралы ұғымдарын кеңейту. Етістіктің қолданыстағы маңызын, қызметін аша түсетін жаттығулар орындау арқылы оның күрделі,ауқымы кең сөз табы екендігіне көз жеткізу, етістікті басқа сөз табымен байланыстыруға үйрету.
Дамытушылығы: Сөз таптарын ажырата білуге, сөйлемнің мәнін түсініп, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: Олардың логикалық ойлау сезімін оятып, кішіпейілдікке, адамгершілікке, әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: Тренинг.
Әдісі: Жарыс, ойын ашық айту, түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау-мадақтау.
Бүгінгі сабақтың мақсатын хабарлау, ережемен таныстыру.
Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтпек. Тренинг сабақтың негізгі мақсаты сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларыңды еркін бөлісіп, ашық айтуға дағдыландыру.
Бүгінгі сабағымызда ІІ топқа бөлініп тапсырмалар орындаймыз. Сабақ барысында топ басшылары ұпайлар қойып отырады.
-Олай болса үй жануарларының іс-әрекетін сәйкестендіре қояйық
Сәйкестендіру.
Жылқы маңырайды
Сиыр боздайды
Түйе үреді
Қой мөңірейді
Ит мияулайды
Мысық кісінейді
-Жануарлардың іс-әрекетіне қандай сұрақтар қоямыз?
-Қай сөз табы?
Сызбамен жұмыс
-Етістік дегеніміз не?
-Етістік сөз табы.
Заттың іс-қимылын, әрекетін білдіретін сөз табын етістік дейміз.Сұрақтары Не істеді? Не қылды? Қайтті? Мысалы: Ойнады, күлді, жылады, ұшты т. Б
Етістік сөзін тілімізге енгізген А. Байтұрсынов атамыз. Ол алғаш рет «Оқу құралы» деген еңбегінде етістік сөзінің мағынасын, қызметін талдап көрсеткен.
Етістік сөйлем ішінде баяндауыш қызметін атқарады. Астын екі сызықпен сызамыз.
.
Оқулықпен жұмыс.
Жаттығу. Суреттер бойынша қандай тақырыпқа әңгіме құрауға болады?
Әңгімеге ат қой.
2-жаттығу Жұмбақтың шешуін тауып, етістіктерді теріп жаз. , оларға сұрақ қой.
3-жаттығу. Сөздерді оқып, сипатына қарай топтап жаз екі топқа бөліп жазу.
«Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға жазылған ұйқастардың жалғасын жазу, етістікті тапқызу.