Сабақтың тақырыбы: Уақыт. Менің күнтәртібім. Лексика: Күнтәртібім. Не істеймін (- міз; сің)? Грамматика



Дата03.02.2017
өлшемі40,59 Kb.
#8581
түріСабақ
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Уақыт. Менің күнтәртібім.

Лексика: Күнтәртібім. Не істеймін (- міз; - сің)?

Грамматика: Септік жалғаулары.
Сабақтың мақсаттары: Уақыт тақырыбын қайталап, шығыс, барыс септік жалғауларын бекіту. Сағат неше болды? Уақыт қанша? Сұрақтарына дұрыс жауап беруді бекіту. Жатыс септіктің жалғауларын практикалық жолдармен меңгере отырып, сағат нешеде? Қай уақытта? Қашан? Сұрақтарына жауап қайтаруды үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың үлгісі: аралас.
Сабақта пайдаланатын әдістер: салыстырмалы, түсіндірме, сұрақ-жауап, аудару.
Сабақты қамтамасыз етудің жолдары:

Қөрнекі құралдар: таблицалар: Шығыс, Барыс, Жатыс септік, “Уақыт”.

Үлестіретін материал: карточкалар.

Сабақтың барысы



1. Білімнің, дағдының маңыздылығы:

1) Ұйымдастыру кезеңі:

а) кезекшімен сұхбат;

ә) сыныппен сұхбат: жыл мезгілі туралы, ауа-райы туралы

2) Үй тапсырмасын қайталап бекіту:

а) Сағат неше болды? 930; 1010; 1150

ә) Уақыт қанша болды? 1205; 1330; 1400

б) Сөздік жұмысы (карточкалар): кетті, қалды, жарты сағат кетті, жарты сағат қалды, жарым, бес минутсыз, тура, дәл, уақыт, сағат.

в) Сағатты айтқанда қай септік жалғауларын қолданамыз?


  • Шығыс септік туралы, мысалдар келтіріп айтыңыз.

  • Барыс септік туралы, мысалдар келтіріп айтыңыз.

  • Жарыс септік туралы, мысалдар келтіріп айтыңыз.



2. Жаңа ұғымды, білімді, дағдыны қалыптастыру:

  1. Кіріспе. Бүгінгі біздің тақырыбымыз “Уақыт. Менің күнтәртібім”. Мақсатымыз өткенді қайталай отырып. Сағат неше? Уақыт қанша? Сұрақтарына жауап беріп, жатыс септік жалғауларын практикалық меңгеріп, “Менің күнтәртібім” деген әңгемі құрастырамыз.

  2. Жаңа сөздер мен сұрақтар: қалды, кетті, бес минутсыз (соответствует предлогу “без”), жарым, жарты, дәл, тура. Сағат нешеде? Қай уақытта? Қашан? Қай кезде? Нешеде? Күнтізбе, күнтәртібім.

  3. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін жатыс септік жалғауларын біліп, жауап қайтаруда қолдана білу керек. Осыған қоса бұрыңғы өткен шақты да еске түсіру қажет (кесте арқылы қайталап бекіту).

  4. Тақтамен жұмыс.

Тапсырма: Сөйлемдерді дәптерлеріңізге жазып, септік жалғауларының астын сызып, орыс тіліне аузша аударыңыздар.

Бұл кітапта өте көп мақалдар жазылған. Лицейде еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтіп жатыр. Автобус сағат бесте келеді. Айша жазда атасының үйінде қонақта болды. Кітап Сашаның інісінде. Сәуле Костанайда тұрады. Демалыста ауылға барамыз. Менің әжем алпыста.
3. Оқыған материалды бекіту:

Күнтәртіпті жазу үшін, алдымен мына сұрақтарға жауап берейік. Таблица арқылы сұраулы сөйлемді еске түсірейік.



  1. Бүгін қай күн?

  2. Айдың нешесі?

  3. Қай күндері оқисыз?

  4. Қай күндері (күні) демаласыз?

  5. Сіз сағат нешеде тұрасыз?

  6. Лицейге (оқуға, жұмысқа) қашан барасыз?

  7. Бірінші сабақ сағат нешеде басталады?

  8. Бүгін сіздерде неше сабақ?

  9. Соңғы сабақ сағат нешеде аяқталады?

  10. Түскі үзіліс қашан?

  11. Өндірістік оқу сағат нешеде басталады?

  12. Өндірістік оқу қай уақытта аяқталады?

  13. Сіз үйге қашан қайтасыз?

  14. Кешкі тамақ уақыты қашан?

  15. Үй тапсырмасын сағат нешеде орындайсыз?

  16. Қанша уақыт демалысқа бөлесіз?

  17. Сағат нешеде ұйықтасыз?

  18. Таңертең сағат нешеде тұрасыз?


4. Үй тапсырмасына нұсқаулық:

Осы сұрақтардың жауаптары арқылы (рет – ретімен жазғанда) “Менің күнтәртібім” деген әңгіме құрастырасыздар. Сөйлемдердегі септік жалғауларын белгілеп, түсіндіре белу керек.


Лексика:

Қалды, кетті, бес минутсыз (соответствует предлогу “без”), жарым, жарты, дәл, тура. Сағат нешеде? Қай уақытта? Қашан? Қай кезде? Нешеде? Күнтізбе, күнтәртібім.


Грамматика:

1 кесте. Септік жалғаулары:



Барыс септік

- ға / - ге; - қа / - ке; - а / - е; - на / - не

Жатыс септік

- да / - де; - та / - те; - нда / - нде

Шығыс септік

- нан / - нен; - дан / - ден; - тан / - тен

2 кесте. Жатыс септік: Кімде? Неде? Қайда? Нешеде?



Варианты окончания

Основа оканчивается на:

Мысалы

- да / - де

1. гласный

2. сонорный

3. звонкий согласный


онда, адамда, қалада, ұнда, дүкенде, екіде

- та / - те

1. глухие согласные

2. звонкие согласные: б, в, г, д



кітапта, үште, клубта, есікте

- нда / - нде

1. притяж. III лица (- сы / - сі; - ы / - і)

әкесінде, баласында

Обозначает: 1. Место нахождения лица или предмета

2. Время действия и состояние предмета

3. Возраст человека


3 кесте. Сұраулы сөйлем:



1. Кім? Не? Қайда?

Қашан? Қандай?



Кім келеді? Ол не береді? Олар қайда кетті?

Сен қашан келесің? Ол қандай адам?



2. Ма, ме, ба, бе, па, пе

Ол келді ме? Бұл кітап па? Сен білесің бе?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет