Ресурстар
Басталуы
|
Сабақ мақсаты
1)Оқушыларға температура және оны өлшеу тәсілдері жайлы түсінік беру;
2) Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету, ой өрісін дамыта отырып кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3) Оқушыларды шапшаңдыққа ,алғырлыққа баулу;
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың қызығушылық және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Үйрене отырып, көргенді есте сақтауды, өз бетімен еңбектене алатындай ерік –жігер ,өзіне сенімділікті қалыптастыру.
|
|
Ортасы
|
Анықтама : Термодинамикалық параметр деп – макродененің күйін
сипаттайтын физикалық шаманы атайды, оған қысым, көлем, тем-пература жатады.
Термодинамикалық процесс дегеніміз-қандай да бір термопараметрлердің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі.
Барлық макроденелер микроденелерден (атомдармен молекулалардан тұрады)
Микроденелердің де өз сипаттамалары (микропараметрлері) бар. Оларға молекуланың (атомның ) көлемі, молекуланың (атомның) массасы, молекуланың (атомның) жылдамдығы, молекулалардың
(атомдардың) концентрациясы жатады. Макроденелерде өтіп жатқан процестердің осы мароденені түзетін микроденелердің параметрлерінің өзгерісінен туатыны анық.
Физикалық шаманың белгілі информация беретінін, яғни оның физикалық мағынасы болады. Мысалы : макродененің массасы- денеде заттың қандай мөлшері бар екенін, көлем-дененің кеңістікте қандай орын алатынын білдіреді, газ қысымы-газдың бірлік ауданға қандай күшпен әрекет ететінін сипаттайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |