Сабақ Формасы: Топтық Әдіс-тәсілдер : Түсіндірмелі-суреттемелі,джигсо әдісі



Дата25.08.2017
өлшемі63,07 Kb.
#26499
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы

Түрі: Дәстүрлі сабақ

Формасы: Топтық

Әдіс-тәсілдер: Түсіндірмелі-суреттемелі,джигсо әдісі

Оқушыларды 3 топқа бөлу (плакаттар,құрал-жабдықтарды тарату)




  1. Сабақ басталуы Махамбет өлеңі, тақырыпты айқындау

  2. Сұрақтар қою арқылы жаңа сабаққа өту.

  3. Картадан көрсету арқылы Жәңгір хан билеген аумақ тарихына, Бөкей ордасының құрылуы себептеріне шолу жасау (Сарматтар, Оғыздар, Қыпшақтар, Алтын Орда, Ноғай Ордасы территориясы болған еді)

Ия ,жоқ тех-сы................

  1. 1771 жылға дейін Еділ-Жайық аумағы қалмақтардың қол астында болды (ия)

  2. Кіші жүздің Патшалық Ресей қол астына өтуіне мәжбүр еткен сыртқы жаулардың шапқыншылығы( ия)

  3. 1741 жылы Кіші жүздің Ресейге қосылуы (жоқ)

  4. Е.Пугачев бастаған көтеріліске қазақтардың қатысуы себебі, хандық билікті жою(жоқ)

  5. 1773-1775 жылы С.Датұлы бастаған көтеріліс (жоқ)

  6. Еділ-Жайық аралығына қазақтардың көшіп-қонуына рұхсат берген патша ІІ Екатерина(жоқ)

  7. Бөкей хандығы 1801 жылы құрылды(ия)

4.Оқушыларға тапсырманы тарату,уақыт белгілеу,борттық журналмен жұмыс жасау қажеттігін ескерту.

1 топ

-Бөкей ордасы қай жерде құрылды?

Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып,

1801 - 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Ол Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы деп те аталды. Бұл жер бұрынғы қалмақтардың мекені, 1771 жылы қалмақтар тастап кеткеннен кейін ешкім қоныстанбаған. 1815 жылы Бөкей хан қайтыс болып мұрагері Жәңгір ер жеткенге дейін билікті туысы Шығай сұлтан басқарған. 1823 жылы таққа Жәңгір отырды. Жәңгір қайтыс болған соң Орда жері Астрахань губерниясына қараған.

Бөкей хан кім? Суреті

Бөкей – Бөкей ордасының ханы. Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Бөкейдің туған жылы белгісіз, 1815 жылы дүниеден өткен. Айшуақ хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болған. 1801 жылдан сұлтан, 1812 жылдан Бөкей ордасының ханы болып сайланды. Оның Жәңгір, Әділ, Меңдікерей атты ұлдары болған. 1815 жылдан хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасында Сейіт баба зиратында қазіргі Астрахань болысы Краснояр ауданынна қарасты жерде қалған.



- Бөкей халқына қандай қамқорлық жасады?

Бөкей өмірден өткенше халқына қамқорлық жасаудан жаңылған жоқ. Оған дәлел Орал әскери кеңесінен бастап Орынбор генерал - губернаторына, патшаның тікелей өзіне 1803, 1806, 1807, 1808 жылдары Ішкі Орда қазақтарына тұрақты жер бөліп беру жөнінде бірнеше рет мәселе қойған. Нәтижесінде Ресей отарлаушыларымен алысып жүріп Кіші Ордадан " жүдеу, аздаған малмен көшіп барған қазақтарды " ақтылы қойы, мыңғырған түйесі, жылқысы бар ел қатарына жеткізген. Елінің еңсесін көтерген. Халқымен бірге көшпелі өмір сүрді. Ол Астрахань генерал - губернаторының қабылдауына барғанда үстіне киіп баратын киімі де болмағаны оның байлыққа қызықпағанын дәлелдесе керек. Ол ханмын деп халқынан ерекшеленбеді. Халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Казактардың өрескел қиянаттарынан қорғады.(уақытша Кеңес мұрағаты №1 іс ) Бөкей Ордасы туралы видео



2 топ

-Жәңгір кім? Суреті, видеокөрсетіледі

Жәңгір - шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 жылы дүниеге келіп

1845 жылы қайтыс болған. 1815 жылы мұрагерлікпен Жәңгір хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйренеді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген. Жәңгір билік еткен кезде Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Оған Жәңгірді кінәлі деп санап, наразылық білдірді.

-Жәңгір хан еліне қандай қамқорлық жасады?

Тарихи құжаттар Жәңгір ханды отарлаушылар саясатымен халқын қорғаушы, еліне мәдениет пен білім, мұсылман нұрын себуші хан ретінде көрсетеді.

Әр нәрсенің әділдігіне тоқталсақ, патша үкіметі Жәңгірге, оның балаларына да орысша білім, тәрбие беріп көп үміт артты. Қазақ даласын отарлауда жан - жақты білімді, ақылды Жәңгір сияқты тұлғаны қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін патша да, генерал - губернаторлар да жақсы білді. Сол үшін де Жәңгірді үнемі дүниеден, биліктен, шен - шекпеннен, атақ - абыройдан кенде қылған жоқ. Хан тағына отырғызу салтанатында

48 дүркін зеңбіректен оқ атып Орал даласын дүр сілкіндірген. Жәңгірге 20 сәйгүлік тарту етіп, бірнеше ордендермен марапаттап, қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді. Бұлардың барлығы отарлау саясатының мүддесі үшін істелген айла екендігі белгілі. Ішкі Орданың басқару жүйесін отарлаушылар өз мүддесіне сәйкес хан кеңесшісі етіп Ресей Сыртқы істер министрінің өкілі Г.С.Карелинді тағайындады. Ол Ішкі Орданың тыныс-тіршілігін күн сайын Орынбор шегаралық комиссиясына хабарлап отырды. Ішкі Орда қазақтары бірте-бірте шағыл құмға қуылды. Жайылымға, қыстауға қолайсыз жерге ығыстырылды.Бұл жағдайларға наразылық білдіріп Жәңгір Астрахань генерал - губернаторы А.С.Осиповке: " Киргизам остались обнаженные степи, пески, солнце..."- деп хабарлап - казактардың жөнсіздіктеріне тыйым салуды талап етті. ( Астрахань ОММ. 10 қор. 7 тізімдеме 224 іс )

Жәңгірдің халқына еткен мұндай игілікті істеріне көз жібергенде оның суылдаған Нарын құмына өзі айтқандай, «су сеуіп», гүл бақшаға айналдыруға, халқын мәдениетті, білімді, таза дінді, ұлттық намысы бар қасиетті қазақты тәрбиелеуге бар ақылы мен күшін жұмсаған қайраткер екендігіне ден қоюға болады.
3 топ

Жәңгір ханның халқы үшін жасаған игі істері.

Жәңгір хан өзіне дейінгі бірде - бір хан істемеген істерді халқы үшін істеген



*Ең алдымен Ішкі Ордада халқы астық іздеп, малын айдап Ресей қалаларына шұбырмасын деп Антонов постында орыс көпестерінің астық қоймаларын ұйымдастырды.

" 1832 жылы. «Жас құста " жәрмеңкесін ашты

*Халықтың мұң - мұқтажын талқылап, шешіп отыратын хан ордасын, онда қызмет ететін қазақ, орыс, татарлар үшін 50 тұрғын үй салды.

* Хан ордасында өз қаржысына халқының мүддесі үшін мектеп ( 1841 ж),



*дәріхана,

*аурухана ашты

* хандықтың картасы жасалған,

*хан қаржысымен Ресей оқу орындарына қазақ балаларын жіберіп оқытты.

* Қазақ тарихында тұңғыш қазақ қару - жарақ мұражайын ұйымдастырды.

*Әрбір 170 үйге бір молда есептеп, қазақ жастарынан 139 молда даярлап, Ішкі Ордада мұсылман дінінің терең тамыр жаюына ықпал жасады.

Өз мойнындағы жауапкершіліктің көптігіне қарамастан мектеп оқушыларының, молдалардың білімін тексеруге уақыт бөліп отырды. Емтихандарға қатысып, олардың қабілеттерін анықтады. Жәңгір өзі бас болып мұсылман дінін насихаттады.

* Жәңгір ашқан мектеп.Мектеп ашу жөнінде Жәңгірдің арманы тек он бес жылдан кейін барып іске асты. 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылѓан тұңғыш мектеп дүниеге келді. Ќарағайдан қиып салынған мектеп үйі Ордадағы еңселі үйдің бірі болған. Оқушылардың партасы, мұғалім үстелімен орындығы, класс тақтасы ағаштан ойылып жасалған. Жәңгір хан бұл мектепке жылына 1404 сом ақша беріп отырған. 1905 жылы осы екі сыныптық мектеп төрт сыныптық мектепке айналып, жанынан мұғалімдер даярлайтын (педагогикалық ) курс ашылған. Талай белгілі адамдар білім алып шықты. Олардың қатарында С.Бабажанов, Г.Жәңгіров т.б. ( Құлкенов М.Отарбаев ".Алматы. 1992ж ) Уақыт беріледі 2 минут,таймер қосылады.

Әр топ өз тақырыптарын қорғайды.
4.Терминдермен жұмыс

Оқушыларға толықтыруға терминдер ( мешіт, зайырлы,орда) оқулық арқылы тапсырма беріледі.

Термин шығады,балалар өз ойларын жеткізу керек.

5.Бекіту:

1) «Сандар сөйлейді» маңызды тарихи оқиғалар хронологиясы

1801, 1815,1823,1832,1841,1845
тақтадан Бөкей мен Жәңгірдің портреті шығады .Екі тұлғаға ортақ ұқсастықтарын табу (Венн диаграммасы арқылы)

6.Қорытындылау. Борттық журнал арқылы

Мінеки, балалар, Жәңгір ханның еліне жасаған жақсылығы, қамқорлығы кез - келген ханның қолынан келмеген істер екен. Ресей губернаторының қысымына шыдап, хан ордасына шіркеу салуға христиан дінінің таралуына мүмкіндік бермеді. Суылдаған Нарын құмына су сеуіп, гүл бақшаға айналдыруға, халқын мәдениетті, білімді, таза дінді, ұлттық намысы бар қасиетті қазақты тәрбиелеуге бар ақылы мен күшін жұмсаған қайраткер екендігіне ден қоюға болады. Жәңгір хан кемеліне келген шағында жұмбақ өлімнен күз жұмды. Әйелі мен екі баласының өлімі де құпия болды. Әңгіменің қысқасы, отарлаушылар оның отбасын тоз - тозын шығарды. Қазақстанда хандық билік жою жөніндегі жоба жүзеге асты. Жәңгір хан халқы үшін қабырғасы қайысқан қайраткер екендігін тарихи деректер дәлелдейді.



Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы болды десек қателеспейміз

6.Бағалау оқушылардың өзін-өзі бағалауы тәсіл

7.Үй тапсырмасы Жәңгір хан туралы эссе, сұрақтар т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет