Сабақ. Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің мағыналық топтары лексикалық тақырып: Қазақ тілі сабағы



бет118/118
Дата28.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#155392
түріСабақ
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Байланысты:
УМКД 2012-2013
Документ (11)
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҒАЛАМНЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ
ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құрама Штаттары инженері Ед Сат өткен онжылдықтағы біраз уақытын жаңа шеге ойлап табуға арнаған екен. Харикейн дауылынан кейін қирап қалған үйлер үйіндісін зерттей жүріп ол қызықты тоқтамға келген. Әсіресе, ағаш үйлердің дауылдарға шыдас беруі үшін шегенің атқаратын рөлі ерекше, дейді ол. Өзге әріптестерінің “үйдің мығым болуы үшін шегенің саны көп болуы керек” деген идеясын Сат мырза қолдай бермейді. Бұл жерде шегенің саны емес, сапасы маңызды. Бірнеше жылдық ізденіс-терден кейін Сат пен оның әріптестері Харикуйк атты шегені ойлап табады. Оның толық аты - Харикейн әнд Ерскуйк нейл. Яғни, харикейн дауылы мен жер сілкінісіне төтеп беретін шеге деген сөз. Саттың айтуынша бұл шеге жер сілкінісі оқиғасының 50 пайызына және сағатына 274 километр жылдамдықпен соғатын желге төтеп береді екен. Шегенің басы да, тұқылы да үлкен боп келеді. Оның бағасының өзі аса қымбат емес, дейді Сат. “Мысалы, 1858 шаршы метр үйге жұмсалатын жаңа шегенің құны, осындай үйге қажетті ескі шегенің бағасынан шамамен 15 долларға қымбат болады”, - деді инженер. Бұл жаңа шегені жай балғамен қағу қиынға соғады. Алайда электр балғаларға бұл іс - оп-оңай. Дей тұрғанмен, ол шегені дәл орынына қағу аса маңызды, дейді Сат.


Кейбір адамдар “мен бір көрген адамның жүзін ешқашан ұмытпаймын” деп дес бермейді. Алайда ондай кісіге өзінен басқа нәсілдегі адамдарды жазбай тану оңай емес, дейді Құрама Штаттарының Аризона штатындағы университеттің психолог маманы Жош Аккерман. Көбінесе өзге нәсіл өкілдерінің ашуланған немесе сес көрсеткен сәттері ғана есте сақталып қалады екен. Адам бойында өзін-өзі қорғау сезімі басым болғандықтан да ашуланған адамның түрі есте жақсы сақталып қалады, дейді ғалым. Аккерманның бұл зерттеулері қылмыс дүниесімен жұмыс жүргі-зетін заңгерлер үшін орайлы ақыл-кеңес болуда. Дей тұрғанмен, шабуылға душар болған жанның өзінен гөрі көлденең куәгердің есінде шабуылшының жүзі, әсіресе, егер ол ашулы болса, жақсы сақталып қалуы мүмкін, дейді ғалым.
Нұрлытай Үркімбай
«Азаттық радиосы» 10.12.2006 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет