Сабақ. Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің мағыналық топтары лексикалық тақырып: Қазақ тілі сабағы



бет37/118
Дата28.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#155392
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   118
Байланысты:
УМКД 2012-2013
Документ (11)
Лексикалық тақырып: Мамандықтың қызмет ету саласы.


Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттап алыңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.



өңірлік

территориальный

зор қарқынмен даму

интенсивное развитие

қоғамның барлық салалары

все сферы общества

жұмысқа орналасу

устроиться на работу

жалақысы жоғары

высокая зарплата

жалпы планетарлық құбылыстар мен үрдістер

общепланетарные явлений и процессы

ғаламдық

глобальный

сұраныс

потребность













Бүгінгі күні әлемде жаңа мамандықтар мен жұмыс түрлері көбеюде. Өйткені адамзат қоғамы, ғылым, оның ішінде, техникалық ғылымдар, ақпараттық технология зор қарқынмен даму үстінде. Қоғамның барлық салалары компьютерленді, және өндірістер де автоматтандырылды. Егер математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша білім алған болсаңыз, нарықтық экономиканың әр түрлі салаларына жұмысқа орналаса аласыз. Математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша білімі бар мамандар үшін жоғары оқу орындарынан, ғылыми-зерттеу институттарынан, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардан, қаржы-экономикалық мекемелерден жалақысы жоғары қызметтер табылады.


Қазіргі уақытта жалпы планетарлық құбылыстар мен үрдістер ғаламдық және өңірлік, экологиялық, геосаясаттық, демографиялық мәселелерге, энергетикалық шикізат, азық-түлік пен жалпы жер бетіндегі қоғамдық мәселелерге әсер етуде. Мысалы, соңғы жылдары түрлі елдерде табиғи катаклизмалар жиі орын алды. Сондықтан метеорология, климатология және гидрология мамандарына сұраныс жоғары.
Геоэкология саласы мамандары қоршаған ортаны бақылау және инспекция, ақпараттық экология және экологиялық аудит, табиғи қорларды сақтау, радиациялық экология, қолданбалы экология, табиғи және шаруашылық нысандар жайында экологиялық ақпараттарды жинау мен талдау, күрделі табиғи-антропогенді құбылыстарды компьютерлік модельдеу, табиғи және өндірістік нысандардың экологиялық жағдайын бағалау, бақылау және қоршаған ортаны ластанудан сақтау мекемелерінде жетекші мамандар бола алады.
Бүгінгі күні Қазақстанда жаңа сала – туризм индустриясын дамыту мемлекет тарапынан қолға алынып жатыр. Сол себепті осы жаңа салада ішкі туризм мамандары, халықаралық туризм мамандары, қонақ үй менеджменті, туристік мекемелер менеджменті мамандары тапшы. Сондықтан туризм мамандығы бойынша білімі бар тұлғалар біздің қоғамымызда үлкен сұранысқа ие деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет