ЕО-тың басты ұстанымдары:
- Еуропа одағының ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, «тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік» орнату;
- Экономикалық және валюталық одақ орнату. Яғни, бірыңғай ақша бірлігінің – еуроның енгізілуі.
- Еуропалық одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық саясатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, экологиялық, т.б. саясаттарын жүргізу.
4-тапсырма. Жоғарыдағы асты сызылған тіркестер бойынша мәтінді мазмұндап беріңіз.
5-тапсырма. Берілген тіркестермен сөйлем құраңыз.
Одақ бойынша, одақ болды, одақ жасады, одақ құрды, одаққа қабылданды.
6-тапсырма. Сын есімдерді теріп жазып, сөйлем құраңыз.
Қазақстан Еуропалық одақпен ынтымақтастыққа өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, экономика, әлеуметтік және мәдени даму салаларында зор мазмұн беруге мүдделі. Біз өзіміздің еуропалық серіктестерімізге инвестициялық қызмет, ірі халықаралық жобаларды іске асыру, біздің елімізге озық технологиялар мен білімді тарту үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.
(Н. Назарбаевтың «Жолдауынан»)
7-тапсырма. Жоғарыдағы тапсырмадан сөз тіркестерін тауып, мәнін талдаңыз.
Үлгі: Өңірлік қауіпсіздік, ...
8-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіз.
Үміткер –
Өкілдік –
Заңнамалық –
Озық технология –
Басты ұстанымдары –
Өңірлік қауіпсіздік –
Халықаралық жобалар –
Бірыңғай ақша бірлігі –
Инвестициялық қызмет –
Ықпалдастырушы ұйым –
Дипломатиялық қатынас –
3-сабақ.
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚ
1-тапсырма. Шағын мәтінді оқыңыз
Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) – Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан арасында құрылған халықаралық экономикалық ұйым. Оны құру жайлы келісім 2000 жылы Астана қаласында қабылданды. 2005 жылы қазанда ЕурАзЭҚ-қа Өзбекстан қосылды. ЕурАзЭҚ оған мүше елдердің ортақ сыртқы кедендік шекараларын, бірың-ғай сыртқы экономикалық саясатын, тарифтерін, бағаларын қалыптастыру құзырына ие.
ЕурАзЭҚ-тың жоғарғы органы – құрамына қауымдастық-тың мемлекет және үкімет басшылары кіретін Мемлекетаралық кеңес. Басқа жетекші органдары – Интеграциялық комитет, Парламентаралық Ассамблея, Қауымдастық соты.
ЕурАзЭҚ – БҰҰ-ның барлық принциптеріне және халы-қаралық құқық ережелеріне сәйкес Еуразия аумағында бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыруды көздейтін ұйым.
2005 жылдың қазанында ЕурАзЭҚ Ортаазиялық экономика-лық әріптестік ұйымымен бірігу жөнінде шешім қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: |